Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
нейропсихология жане нейрофизиология негиздери.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
628.74 Кб
Скачать

1. Антенатальді, неонатальді және емшектегі кезеңдегі жжә қалыптасуы.

Ұрықтың тууға дейінгі 2-3 айларындағы кез келген тітіркендіргіштерге жауап реакциялары. Неонатальді (туған күнен бастап бір айға дейінгі) кезеңде баланың туғаннан кейінгі алғашқы аптасындағы емізу уақытындағы пайда болатын шартты рефлекстері. Екінші аптада «емізу жағдайына» пайда болатын рефлекстер. Сәби өмірінің бірінші айының аяғында иіске, дәмге, дыбысқа және екінші айдың басында сипап-сезуге пайда болатын рефлекстері. Емшектегі кезеңде адамдармен қарым-қатынасты қажет ететін жағдайлары. Алты айлығындағы қоршаған орта жағдайына эмоциясының пайда болуы мен сөйлеу әрекетінің дамуының басталуы. Ал бір жастың аяғында немесе одан кешірек алғашқы қадамдары жасауғы әрекеттері.

2. 1-3, 3-5, 5-7 жастардағы таным әрекеттері.

Екі жастағы қолмен ұстап көру нәтижесімен байланысқан таным. Баланың ойлау қабілетінің «әрекетпен ойлау» бойынша дамуы. Баланың екі жасындағы негізгі психикалық әрекеттердің түзілулері. 2-2,5 жаста баланың адамдармен тез қарм-қатынасқа түсуі. 2-3 жас аралықтарындағы баланың өзін қоршаған ортаны өзінше зерттеулерінің ерекшеліктері. 3 жасындағы психиологиялық дәрежеде «өзім» деген сезімнің пайда болуы. 3-5 жас аралықтарында шартты рефлекстердің жетілуі, динамикалық стереотиптердің артуы. 5-7 жас аралықтарындағы күштің, қозғалыстың артуы, жүйкелік процесстердің тепе-теңдігі, абстрактілі ойлаудың дамуы. 7 жаста бас миының маңдай бөлімі қыртыстарының морфологиялық жетілуі. Жеті жасар бала өзін жеке тұлға ретінде бағалай білуі.

3.Кіші мектеп жасындағы балалардың таным әрекеттері.

Баланың 7-8 жаста сөйлеу қабілетінің жақсы жетлуі. Оның кез келген жағдайды сараптай алуы. Үлкендермен қарым-қатынас жасауының дамуы. Осы жас кезеңде өзін-өзі сынау мен өзін-өзі бақылау жеткілікті жетілмеген.

4. Жасөспірім кезеңіндегі жоғарғы жүйке әрекетінің қалыптасуы мен ерекшеліктері.

Жасөспірім кезеңі (ұл балаларда ол 13-17 жас аралығы, ал қыз балаларда 11-15 жас аралығы) пубертаттық (өтпелі) кезең. Бұл кездегі жасөспірімдердің шартты рефлексетрінің өзгерулері, қозғыштықтың басым болуы. Жаңа шартты рефлекстердің пайда болуының жылдамдығының артуы. Кез келген жағдайға байланысты қойылатын сұрақтарға баяу жауап қайтарудың ерекшеліктері. Кез келген нәрсеге жылдам еліктегіштігі. Қажудың жылдам пайда болуы. Ағзада (жыныстық жетілу кезеңіндегі) гормондық қайта түзілулердің пайда болуы

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5.

Қосымша әдебиеттер:9,15,16,17,18,21,22,23,27,28,29.

    1. 2.3. Семинарлық сабақтар жоспары

Әдістемелік нұсқаулар: Берілген тапсырмаларды орындау үшін тақырып бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді қарастыру ұсынылады.

№1. «Нейрофизиология және нейропсихология негіздері» пәніне кіріспе. Ағзаның реттеуші жүйесі.

Сұрақнама:

  1. «Нейрофизиология және нейропсихология негіздері» пәнінің мақсаты, міндеттері және оның педагог-дефектологтардың әрекеттеріне маңыздылығы.

  2. Ағзаны жүйкелік және гормондық реттеудің механизмдері.

  3. Реттеуші жүйелердің өзара әрекеттері. Реттеудің жүйелік қағидалары. Ағза қызметін реттеудің типтері.

Тапсырмалар:

  1. Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесі. Олардың иннервациялау аймақтары.

  2. Системогенез. Гомеостазды қамтамасыз ететін физиологиялық жүйелердің тиімділігі.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1,4,6.

Қосымша әдебиеттер:13,17

2. «Жүйке жүйесінің құрылыстық-қызметтік сипаттамасы. Бас миының жеке бөлімдерінің құрылысы мен қызметі»

Сұрақнама:

  1. Нейронның құрылысы мен қызметі. Қозу мен тежелу.

  2. Жұлынның жоғарға және төменге өткізгіш жолдары. Жұлынның қызметін бақылайтын орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімдерінің әрекеттері.

  3. Бас миы қыртыстарының құрылысы мен қызметі.

  4. Вегетативтік жүйке жүйесі қызметінің ерекшеліктері және оның өмірге маңызды мүшелердің қызметін реттеудегі маңыздылығы.

Тапсырмалар:

  1. Электрондық атлас бойынша орталық жүйке жүйесінің құрылысын қайталау.

  2. Жұлын қызметін сипаттау.

  3. Нейронның мембранасы және оның тасмалдағыш қызметі.

  4. Пирамидалық жолды және пирамидалық трактың клеткаларының қызметін сипаттау.

  5. Күрделі сезімталдық түрлеріне жауапты орталықтардың сипаттамасы.

  6. Ерікті қозғалыстардың түзілуіндегі маңдай бөлімінің рөлі.

  7. Самай бөлімінің жүйке клеткаларының қызметі.

  8. Шүйде бөлімі нейрондарының қызметі.

  9. Бас миының лимбикалық жүйесінің маңызы.

  10. Гипоталамустың құрылысы мен қызметі.

  11. Вегетативтік жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі.

  12. Онтогенездегі бас миы мен жұлын.

  13. Жаңа медициналық терминдерді сөздікке жазу.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1,3,4.

Қосымша әдебиеттер:8,12,13,17

3. «Анализаторлар және ағзаның бейімделу әрекеттері»

Сұрақнама:

1. Анализаторлардың құрылымдық-қызметтік сипаты және рөлі.

2. Анализаторлардың қасиеттері және бейімделу процессі.

3. Анализаторларда ақпараттардың кодталуы.

Тапсырмалар:

  1. Жалпы анализаторлардың құрылыс қағидасын қайталау.

  2. Анализаторларда ақпараттардың кодталу қағидасы.

  3. Адам ағзасындағы анализаторларды атап олардың ерекшеліктерін айтыңыз.

  4. Анализаторлар жүйесінің онтогенезі.

  5. Жаңа медициналық терминдерді сөздікке жазу.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1,4,6.

Қосымша әдебиеттер:8,12,13,17

4. «Есту және көру анализаторларының сенсорлық және гностикалық қызметтері»

Сұрақнама:

  1. Көру анализаторларының сенсорлық және гностикалық қызметтері және баланың дамуындағы оның маңызы.

  2. Есту анализаторларының сенсорлық және гностикалық қызметтері және баланың дамуындағы оның маңызы.

Тапсырмалар:

        1. Көру анализаторының құрылысы мен қызметін қайталау.

        2. Есту анализаторының құрылысы мен қызметін, оның баланың дамуынадғы маңыздылығын қайталау.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1,3,4,6.

Қосымша әдебиеттер:12,13,16,17,18.

5. «Сипап-сезу анализаторының сенсорлық және гностикалық қызметтері»

Сұрақнама:

  1. Тері-кинестетикалық сезімталдығының афференттік жолы. Жұлынның үш типті талшықтарының сипаттамалары. Жұлынның өткізгіш жолдары. Говерс жолы, Голля және Бурдах түйіндері.

  2. Орталық кинестетикалық анализатор құрылысының соматотопикалық қағидалары. Салыстырмалы және элементарлық сенсорлық бұзылыстар.

  3. Гностикалық бұзылыстар.

Тапсырмалар:

  1. Жұлынның өткізгіш жолдарын қайталау.

  2. Таламустың анатомиялық-функционалдық құрылысын, самай және төбе аймағындағы қыртыстардың құрылысын қайталау.

  3. Жаңа медициналық терминдерді сөздікке жазу.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1,3,4,6.

Қосымша әдебиеттер:12,13,17,18,26,30.

6. «Жоғарғы жүйке әрекеті. Бірінші және екінші сигналдық жүйелер. Орталық жүйке жүйесінің қозуы мен тежелуі. ЖЖӘ типтері»

Сұрақнама:

        1. Жоғарғы жүйке әрекеті. Үлкен жарты шарлар қырытысының рөлі. Орталық жүйке жүйесіндегі шартты рефлекстердің түзілуі. Ұйқы және гипноз.

        2. Үлкен жарты шарлар қырытысындағы қозу мен тежелулер.

        3. Бірінші және екінші сигналдық жүйелер және баланың дамуы кезіндегі олардың маңыздылығы.

Тапсырмалар:

  1. Жоғарғы жүйке әрекетін және оның маңызын оқу.

  2. Баланың дамуындағы бірінші және екінші сигналдық жүйелердің маңызы. Балалардың типологиялық варианттары.

  3. Үлкен жарты шарлар қырытысындағы қозу мен тежелулерге сипаттама беру.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,6.

Қосымша әдебиеттер:8,12,13,16,17,19,22,28,29.

7. «Психикалық әрекеттердің формасы. Бас миының ошақты зақымдалуы кезіндегі бұзылыстар»

Сұрақнама:

  1. Эмоция (сезім) және оның онтогенездегі дамуы.

  2. Балалардың психикалық әрекеттерінің электрофизиологиялық сипаттары.

  3. Балалардың эмоциялық салаларының еркшеліктері.

Тапсырмалар:

  1. Психикалық әрекеттер және энцефалограмма.

  2. Психикалық әрекеттегі гиппокамптың қызметі.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 2,3,5.

Қосымша әдебиеттер:7,9,13,17,18,19,20,21,22,23,29.

8. «Бас миының ошақты зақымдалуындағы зейіннің, естің және қозғалыс әрекеттерінің нейропсихологиясы. Амнезиялар. Апраксиялар»

Сұрақнама:

        1. Бас миы қыртысының сенсорлық, моторлық және ассоциативтік аймақтары. Бас миы қыртыстарының онтогенезі.

        2. Зейіннің нейропсихологиялық негіздері. Бас миының ошақты зақымдалуы кезіндегі бұзылыстары.

        3. Естің нейропсихологиясы. Бас миының ошақты зақымдалуы кезіндегі амнезиялар.

        4. Қозғалыс белсенділігінің нейропсихологиясы, түрлері, жіктелуі, қозғалыс актісінің құрылымы. Бас миының ошақты зақымдалуы кезіндегі апраксиялар.

Тапсырмалар:

  1. Бас миының онтогенезін қайталау.

  2. Бас миы қыртысының сенсорлық, моторлық және ассоциативтік аймақтарының схемасын сызу.

  3. Жаңа медициналық терминдерді сөздікке жазу.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,6.

Қосымша әдебиеттер:7,8,9,17,19,20,23,25,26,27,30.

9. «Сөйлеудің нейропсихологиясы. Афазиялар»

Сұрақнама:

              1. Жоғары психикалық қызметтің күрделі құрылымы ретіндегі сөйлеудің анықтамасы.

              2. Сөйлеудің негізгі қызметтері.

              3. Үлкен жарты шарлар қыртысындағы сөйлеу орталықтарының ұйымдастырулары. Бас миының ошақты зақымдануындағы афазиялар.

              4. Жарты шарлық асимметрия және сөйлеу.

Тапсырмалар:

  1. Сөйлеу психикалық қызмет ретінде, сөйлеу әрекетінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.

  2. Жарты шарлық асимметрия және сөйлеу.

  3. Сөйлеу орталықтарының анатомиялық орналасуының схемасын салу.

  4. Жаңа медициналық терминдерді сөздікке жазу.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,6.

Қосымша әдебиеттер:12,13,14,16,17,18,20,22,29.

10. «Бас миының ошақты зақымдалуындағы ойлау қабілетінің нейропсихологиялық негіздері»

Сұрақнама:

              1. Ойлау қабілеті туралы жалпы түсінік, оның түрлері. Ойлау мен сөйлеу.

              2. Ойлау қабілетінің құрылымдық процесстері. А.Лурия бойынша ойлау поцесстерінің негізгі кезеңдері.

              3. Интеллектінің нейропсихологиялық аспектілері. И.Павлов бойынша темперамент типтері. Айзенка бойынша интеллект типтері.

              4. Бас миының ошақты зақымдалуындағы ойлау қабілетінің бұзылысы.

Тапсырмалар:

  1. Ойлау қабілеті таным әрекеті ретінде, оның түрлері мен құрылымы.

  2. Ойлау мен сөйлеу.

  3. И.Павлов бойынша жоғарғы жүйке әрекетінің типтері.

  4. Айзенка бойынша интеллектінің әртүрлілігін сипаттау.

  5. Жаңа медициналық терминдерді сөздікке жазу.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6.

Қосымша әдебиеттер:8,10,13,17,19,21,26,27,29,30.

11. «Жоғарғы психикалық қызметтердің динамикалық жүйеде шоғырлануының теориясы»

Сұрақнама:

  1. Күрделі құрылыс пен көптеген психикалық әрекеттерге ие «жоғарғы психикалық әрекет» және «психикалық жүйе» туралы түсінік. Элементарлық психикалық әрекеттер туралы түсініктер.

  2. Көп кезеңді және көп дәрежелі иерархиялық ұйымдасқан жүйелік процесс ретіндегі психикалық әрекеттердің орналасуы.

Тапсырмалар:

  1. Адамның жоғарғы психикалық әрекетінің орналасуларын зерттейтін әдістер.

  2. Адамның жоғарғы психикалық әрекетінің динамикалық орналасуының қағидалары.

  3. Адамның жоғарғы психикалық әрекетінің приматтардың жоғарғы психикалық әрекеттерінен сандық айырмашылығы.

  4. Жоғарғы психикалық әрекеттердің жүйелік динамикалық орналасуы.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,5.

Қосымша әдебиеттер:7,8,10,11,20,22,24,25,26,27,29,30.

12-13. «Ми психикалық әрекеттің субстраты ретінде»

Сұрақнама:

              1. Психикалық әрекеттерді жүзеге асырудағы бас миының және қыртыс асты құрылымның рөлдері.

              2. А.Р.Лурия бойынша негізгі үш құрылымдық-қызметтік блоктар. Бас миы қыртысының біріншілік, екіншілік және үшіншілік аймақтардың цитоархитектоникасы.

              3. Бас миының ошақты зақымдалуының және түйсіктің нейропсихологиялық негіздері.

Тапсырмалар:

  1. Сезінудің, қабылдаудың, ойлаудың, зейіннің нейрофизиологиялық негіздерін және олардың бұзылыстарын қайталау.

  2. Бас миының үш құрылымдық-қызметтік ұйымдарды сипаттау.

  3. Жаңа медициналық терминдерді сөздікке жазу.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5.

Қосымша әдебиеттер:8,10,14,15,16,17,18,19,20,24,27,29,30

14. «Жалпы әрекет және жоғары психикалық қызметтердің ерікті реттелуінің бұзылуы»

Сұрақнама:

  1. Жоғарғы психикалық әрекеттердің ерікті реттелуі туралы түсінік.

  2. Интеллектуальдық әрекеттің ерікті реттелуі.

  3. Жоғарғы психикалық әрекеттің ерікті реттелуіндегі бас миының оң және сол жарты шарларының рөлі.

Тапсырмалар:

  1. Жоғарғы психикалық әрекеттің реттелуінің схемасын сызу.

  2. Жоғарғы психикалық әрекеттің ерікті реттелуіндегі сөйлеу процесінің маңызы.

  3. жаңа медициналық терминдарді сөздікке жазу.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5.

Қосымша әдебиеттер:7,16,17,18,19,21,22,23,27,28,29.

15. «Балалар мен жасөспірімдердегі жоғарғы жүйке әрекеттерінің түзілу этаптары»

Сұрақнама:

  1. Неонатальді және емшектегі кезеңдегі жоғарғы жүйке әрекетінің қалыптасуының кезеңдері.

  2. 1-3 жастағы, 3-5 жастағы, 5-7 жастағы балалардың таным әрекеттері.

  3. Бастауыш сыныптардағы оқушылардың таным әрекеттері.

  4. Жоғарғы жүйке әрекетінің түзілуі және оның жасөспірім кезеңдегі ерекшеліктері.

Тапсырмалар:

  1. Әр жас кезеңдегі жоғарғы жүйке әрекеті түзілісінің ерекшеліктерін схема түрінде бейнелеу.

  2. Жасөспірім кезеңдегі жоғарғы жүйке әрекетінің ерекшеліктері, жыныстық айырмашылықтары.

  3. Жаңа медициналық терминдерді сөздікке жазу.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5.

Қосымша әдебиеттер:9,15,16,17,18,21,22,23,27,28,29.