- •Нейрофизиология және нейропсихология негіздері
- •050105 «Дефектология» мамандығына арналған
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2. Пән туралы мәліметтер:
- •1.5. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі:
- •1.7. Әдебиеттер тізімі:
- •1.8. Баға туралы ақпараттар:
- •1.9. Курстың саясаты мен процедурасы:
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1.Тақырыптық жоспар
- •2.2. Дәрістік сабақтар тезистері
- •1. Жүйке жүйесінің жалпы құрылысы.
- •Жұлын және бас миының бөлімдері.
- •Жоғары жүйке әрекеті (жжә).
- •2. Рефлекс жүйке жүйесінің қызметтік берлігі ретінде.
- •3.Ожж негізгі қасиеті: жүйке орталықтары арқылы қозуды біржақты өткізуі.
- •«Есту және көру анализаторларының сенсорлық және гностикалық қызметтері»
- •1.Көру анализаторының құрылысы мен қызметі.
- •2. Есту анализаторының құрылысы мен қызметі.
- •Тері сезімдері туралы жалпы түсініктеме.
- •2. Терідегі ауруды сезгіш (ауырсыну) сезімдері.
- •3. Терідегі тактильді сезім және оның жас ерекшеліктері.
- •Қозу мен тежелудің физиологиясы.
- •2. Балалардың шартты рефлекстері.
- •Жоғарғы жүйке әрекетінің топтары.
- •Зейіннің нейропсихологиялық негіздері.
- •2. Естің нейропсихологиясы.
- •3.Қозғалыс белсенділігінің нейропсихологиясы.
- •Бірінші және екінші сигналдық жүйелер және олардың дамуы.
- •Сөйлеудің негізгі қызметтері.
- •Афазиялар. Бас миының қыртыстарындағы сөйлеу орталықтары.
- •Бас миының ошақты зақымдалуындағы ойлаудың форма бойынша бұзылысы.
- •Бас миының ошақты зақымдалуындағы ойлаудың мазмұны бойынша бұзылысы.
- •3. Сандырақтың құрылымдық компонентерінің динамикасы.
- •Жалпы ойлау қабілеті туралы түсінік.
- •Жалпы нейропсихология туралы түсініктер.
- •А.Р.Лурия бойынша үш негізгі құрылымдық – қызметтік блоктар.
- •2. Бас миының зақымдалуы кезіндегі интеллектуалдық әрекеттердің ерікті реттелуі.
- •1. Антенатальді, неонатальді және емшектегі кезеңдегі жжә қалыптасуы.
- •3.Кіші мектеп жасындағы балалардың таным әрекеттері.
- •4. Жасөспірім кезеңіндегі жоғарғы жүйке әрекетінің қалыптасуы мен ерекшеліктері.
- •2.3. Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.4. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.
- •2.5. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары.
- •2.6. Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары.
- •2.7. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік толықтырылуы.
- •2.8. Өзіндік бақылау үшін тест сұрақтары.
- •Студенттердің білімін бағалау критериясы
- •2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары:
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер..............................................3
- •1.2. Пән туралы мәліметтер..............................................................3
- •Нейрофизиология және нейропсихология негіздері
- •050105 «Дефектология» мамандығына арналған
- •100012, Қарағанды қаласы, Гоголя көшесі,38.
Бас миының ошақты зақымдалуындағы ойлаудың мазмұны бойынша бұзылысы.
Ойдың мазмұны бойынша бұзылуына сандырақ идеялары жатады. Бұл психикалық аурулардың ойын толығымен жаулап алған қате ой түйіндеулері мен пайымдаулары. Олар өздерінің мазмұны бойынша ең күрделі және ешқандай коррецияға бағына қоймайды. Сандырақ кезінде ауру өзінде жиналған қате ойларды өзгерте алмайды, сонымен қатар басқалардың оған сыни көз қараспен қарауларын түсінбейді. Бұл ойлар оның жасаған іс-әрекеттерінен де байқалып қалады.
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда сандырақ болмайды, олрда сандырақ тек қиал түрінде байқалады. Бұл көбінесе тұрақты және қиял сипатында болады. Ауру адамның қиялының сау адамның қиялынан айырмашылығы, ол өз қиялдарын шынай өмірде бар деп өз-өзін мойындатуында. Сандырақты жаңылысудан ажыраты білу керек, жаңылысу тұрақты құбылыс және жеке бастың құндылығымен байланысты болады.
3. Сандырақтың құрылымдық компонентерінің динамикасы.
Сандырақтың құрылымдық өзегі болып, сандырақты талдау болып табылады. Бірінші кезекте аурулардың эмоциялық жағдайлары өзгереді. Ішкі керігу, түсінксіздік, мазасыздық, бір жамандықты сезіну. Сандырақтық көңіл-күй пайда болады: ауру әре-сарсаңға түсіп, не болып жатқандығын түсінуге тырысады. Мұндай күй сандырақтық қабылдаумен қатар жүреді: оған айналадағының барлығы жалған тәрізді, қатігез, зұлымдық ойлағандар болып қабылданады. Әдетте, сандырақтық қабылдау сандырақтық бейнелеудің түзілуімен тікелей байланысты.
Сандырақ ойлау сәтінен бастапнақты мазмұнға ие болады, яғни субъективті жеңілде мен эмоциялық тыныштық күйді сезінгенен соң.
Сандырак негізгі екі түрге: алғашкы сандырақ және сезімдік сандырақ болып бөлінеді.
Алғашқы сандырақтың өзі: ойлап табу сандырағы, қызғаныш сандырағы, пәлеқорлық сандырағы, аңдып жүрген аңдушылар сандырағы, жоғарғы тектен шығу сандырағы.
Алғашқы сандырақ әуеліде психикалык қызметтің бірден-бір белгісі ретінде, ми процесінің тікелей көрінісі ретінде пайда болады. Бұрынғы кезде сандырақтың мұндай түрі «интеллектуальдык мономания» деп аталды.
Бұл жағдайда ұтымды, логикалык таным — шындықтың ішкі байланыстарының, көpiнici бұзылмайды, сонымен бipre сезімдік таным да бүлінбейді. Нақты дүниенің кұбылыстары мен заттарын және олардың сыртқы байланыстарын тікелей бейнелеу сандырактың бұл түрінде дұрыс жүріп жатады. Бұл кезде бұрмаланған пайымдау субъективтік қисыны, өз жуйесі бар дәлелдер тізбегімен дәйекті турде бекітіледі. Пайымдау, негіздеу, корытындылау алғы шарттарының аса бip ұсақ егжей-тегжейлеpi жасалады. Сандырақты нығайту үшін өзгеше алдын ала және бip нақты ойластырылған көптеген фактілер келтіріледі. Көптеген өткен оқиғалар бұрмаланған түрде сипатталады (өткенді сандырақ турінде талдап беру). Сандырақ концепциямен қайшылықта келетіннің бәрі ешбір мәні жоқ немесе қарсыластардың кате аргументі алып тасталады.
Сандырқтың бұл түрі берік және өршу үстінде ерекшеленеді. Сандырақтың мазмұны бойынша үздіксіз ішкі жұмыс жүріп жатады. Сандырақ идеялар дамып, жүйелініп, тұракты көзқарасқа айналады.
Сандырақтың бұл түрінде ауру ұзақ уакыт бойы еңбек қабілетін сақтайды, олардың идеяларына қатыссыз жағдайларда дұрыс мінез-құлық танытады. Әрине, аурудың мұндай ерекшелігі айналадағы адамдардың онда аурудың барлығына деген шубәлануын туғызады. Алғашкы сандырақтың пайда болуы аурудың, бүкіл психикалық кұрылымының патологиялык өзгеруімен үнемі қоса жүреді. Сандырақтың бұл түрінде оның бүкіл психика-лық даралығында терең сілкіністер басталады. алғашқы сандырақтың мазмұны әр алуан болады.
Ойлап табу сандырағы кезінде аурудың медициналық білімі болмаса да, емі жоқ ауруды емдеудің жаңа әдісін ойлап табады, сөйтіп, өзін мойындатуға және емін таратуға бар күш-жігерін жұмсайды. Осы күрес жо-лында оның жаңалығына қаскүнемдік мақсаттарға орай кедергі жасайтын жаулар пайда болады. Осыған байланысты күрес түрлері де кеңейіп, жаңалықты ашуға жаулармен күресу келіп қосылады.
Қызғаныш сандырағы өз жұбайының опасыздығына сенімді болып, соны бақылаумен, үздіксіз аңдумен шұғылданады.
Пәлеқорлық сандырағы ауру үздіксіз арыз, шағымдар жазып, әртүрлі мекемелердің қабылдау бөлмелерінде болады, бұғрмаланған өз құқын қалпына келтіруге тырысады. Әрбір қарсылықпен райынан қайтаруға деген әрекет жау санын көбейтіп, жаулық әрекет турінде бағаланады.
Аңдып жүрген аңдушылар сандырағы ауру өзін біреулердің аңдып жүргеніне сенімді келеді. Өтірік жауларына күтпеген жерден белсенді қорғанысқа бар күшімен шығу үшін белгілі бір кезге дейін өзін аса бір сақ ұстайды.
Жоғарғы тектен шығу сандырағы ауру өзінің шын аталары өте биік орынға ие, жұрттың бәріне әйгілі дегенге сенеді, ал қазіргі ата-аналарын жалған ата-аналар деп санайды.
Сезімді сандырақ - бұл жардай алғашқы, интеллектуальдық сандыраққа қарағанда рационалдық қана емес, сондай-ақ сезімдік таным да бұзылады. Бұл жерде дәлелдеу, негіздеу, қисынның дәйекті жүйесі байқалмайды. Оның мазмұнында бейнелі түсінік, әсемдік ceзiмi басым. Ол, көбіне елестету, қиял, мұңы басым көрініс түрінде болады. Сандырақ елесі кейде, едәуір салыстырмалы жүйелікпен, көп жағдайда, көбіне үздік-үздік, онша түсініксіз, дәйексіз болады. Сезімдік сандырақ, көбіне абыржушылықпен, қayiп-қатермен қоса жүреді, аурудың ic-әрекетінде күтпеген жағдай мен ырықсыз мінез басым туседі. Осының өзi алғашқы сандырақ және сананың күңгірттенуі жағдайында өтпелі қалыпта өтеді. Бастапқыда, ол өте ұзақ уақыт бойы психикалық кесел ретінде байқалатын алғашқы сандыраққа қарағанда сезімдік сандырақ ең әуелден-ақ психикалық аурулардың қозу, эмоциялық бұзылысы, (галлюцинация және басқалары) байқалады.
Сезімді сандырақ мазмұнына қарай былай бөлінеді: бейнелік сандырақ, қиял-ғажайыптық сандырақ, қиял-ғажайыптық бейнелік сандырақ, ұстамсыз сандырақ, аффектілік сандырақ, сарыуайымдық (депрессиялық) сандырақ, ұлының сандырағы, аңду сандырағы.
Бейнелік сандырақтардың мазмұны кейде нақты оқиғаларға жақын болса, кейде мүлде қиял-ғажайыптық болуы мүмкін. Ауру барлық жерден қayiп-катер көреді, жасырынып жүруге тырысады. Оның маңында жүргіншілердің тоқтауы ол үшiн кездейсоқ емес, олар өзара бip-бipiнe қа-рап, қандай бip белгілер бергендей, көшенің басқа жағындағы cepiriнe ым қаққандай әсер етеді. Тоқтағандардың бipeyi қару алып, ауруға шабуыл жасау үшiн қолын қалтасына салады. Ауру аялдамаға қарай зәре-кұты қа-шып, жүгіре жөнеледі де, кез келген автобусқа мініп, сәл уақыт тыншиды. Бірақ ұзаққа бармайды. Айналадағы жолаушылар оған ерекше жағдайда жақындап, қарай бастайды, бірдеңені сөйлесіп, біртіндеп жақындай түседі. Олардың бipeyi тіпті неге екені белгсіз, оны кағып кетеді, екінші бipeyi мұның есімін атайды. Алғашқы мүмкіндік туысымен ауру тез-тез автобусты тастап, милиция бөлімшесінен көмек іздейді. Сонда сәл-пәл тынышталып, тағы да күдіктене бастайды. Келушілердің де, милиция қызметкерлерінінң де арасынан ол өзін өлтіруге дайын жауларын кереді.
Қиял-ғажайыптық сандырақ мазмұнына дүние жүзілік орасан зор уақиғлар жатады. Екі күштің не екі топтың күpeci оның назарында болады. Ауру сол уақиғалардың ортасында журеді. Белгілі бip күресуші жақтың жеңісі аурудың әрекетіне байланысты болады. Оған әділеттілік пен бақыттың шешімін табу жүктеледі. Қарсылас топтың өкілдері мұны барлық күшін салып өлтіруге тырысады. Айналадағылардың ішінен оның қызу күpeciнe біртіндеп елеусіз көмек керсететін жанашыр, кұпия одақтастар табады. Уақиға тез өзгереді. Бәрінің екі жақты мәні болады: әңгімелесіп отырған адам әрі дәрігер, әpi жау жактың тыңшысы болады. Қоршаған адамдар, бip жағынан жаудың кұрбандығы болса, екінші жағынан жау елдің одақтасы турінде керінеді.
Қиял-ғажайыптық бейнелік сандырақтың басқа бip жағдайларында құдіреттілік, орасан зор байлық, данышпандық қабілеті ерекше, дене күші басым түрінде көрінеді.
Ұстамсыз сандырақ ауру - дүниенің билеушісі, бүкіл әлемнің жетекшісі, бүкіл адамзат үшін бақыт жасаушы, данышпан көреген, табиғат, ғылым, өнер заңдарын айқындаушы ғұлама ретінде сезінеді.
Аффектілік сандырақ - елеулі дәрежеде бейнелі келеді, әрқашанда эмоциялық кеселмен бipre пайда болады. Мұның мазмұнында тек салыстырмалы түрде ғана қисындық жүйелілік байқалады. Бұл жағдайда алғашкы сандырақтағыдай кері процесс емес - жеке бастың өзrepyi жүреді. Алғашқы сандыраққа қарағанда оның пайда болуы онша терең емес, психикалық қызметтің неғұрлым селсоқ кері кеселін көрсетеді.
Сарыуайымдық (депрессиялық) сандырақ кезінде ауру өзін әр түрлі ic- әрекеті, адамгершілікке жат қылығы, өзімшілдік, азғындық, қатыгездігі үшін айыптайды. Сарыуайымдық сандыраққа салынған ауру көп жағдайда маңайындағылар оның ауыр қылмыстары, адамгершілікке жат іс-әрекеттері үшін айыптайды деп пайымдайды. Шын мәнінде олар ештеңе істемесе де, бәpiбip өзін кінәлі санайды.
Ұлының сандырағы - бұған байлық, айрықша тектен шығу, өнертапқыштық, данышпандық, сүйіcпеншілік сандырағы жатады.
Аңду сандырағы - бұған қарым-қатынас, iзre түсу, ықпал ету, улану, айыптау, тоналу, кызғаныш сандырағы енеді.
Сандырақтың нақты мазмұны ауру өмір суретін заманға, оның мәдени дәрежесіне, ортасына, мамандығына, дамып жетілуіне, алған біліміне байланысты. Сандырақтың патофизиологиясы қозудың патологиялық ошағының түзілуінен тұрады. Осының нәтижесінде ми қыртысы клеткаларының зақымдалған күйі өте cepгiгiш, шоғырланған барлық қыртыстың бүкіл қозғалысына әсер етіп, қозудың бәсекелес ошақтарын басып тастайды. Сол ошақтың маңайындағы барлық жақын, ұқсас, тектес тітіркендіргіштердің шоғырлануы және өзіне жат бүкіл тітіркендіргіштерді дарытпауы әлсірей түсетін белсенді тежелу нәтижесінде емес, тepic индукция заңы бойынша енжар жүреді. Мұндай енжар тежелу селқос қозудың қаркынына байланысты шет аймақтарға да кеңінен таралып, мидың үлкен жарты шарының қалған бүкіл қыртысындағы ошаққа әсер ету ықпалынан айырылады.
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6.
Қосымша әдебиеттер:8,10,13,17,19,21,26,27,29,30.
№12-13 дәрістердің тақырыбы:
«Ми психикалық әрекеттің субстраты ретінде»
Жоспары:
Жалпы ойлау қабілеті туралы түсінік.
Жалпы нейропсихология туралы түсініктер.
А.Р.Лурия бойынша үш негізгі құрылымдық – қызметтік блоктар.
