- •Нейрофизиология және нейропсихология негіздері
- •050105 «Дефектология» мамандығына арналған
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2. Пән туралы мәліметтер:
- •1.5. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі:
- •1.7. Әдебиеттер тізімі:
- •1.8. Баға туралы ақпараттар:
- •1.9. Курстың саясаты мен процедурасы:
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1.Тақырыптық жоспар
- •2.2. Дәрістік сабақтар тезистері
- •1. Жүйке жүйесінің жалпы құрылысы.
- •Жұлын және бас миының бөлімдері.
- •Жоғары жүйке әрекеті (жжә).
- •2. Рефлекс жүйке жүйесінің қызметтік берлігі ретінде.
- •3.Ожж негізгі қасиеті: жүйке орталықтары арқылы қозуды біржақты өткізуі.
- •«Есту және көру анализаторларының сенсорлық және гностикалық қызметтері»
- •1.Көру анализаторының құрылысы мен қызметі.
- •2. Есту анализаторының құрылысы мен қызметі.
- •Тері сезімдері туралы жалпы түсініктеме.
- •2. Терідегі ауруды сезгіш (ауырсыну) сезімдері.
- •3. Терідегі тактильді сезім және оның жас ерекшеліктері.
- •Қозу мен тежелудің физиологиясы.
- •2. Балалардың шартты рефлекстері.
- •Жоғарғы жүйке әрекетінің топтары.
- •Зейіннің нейропсихологиялық негіздері.
- •2. Естің нейропсихологиясы.
- •3.Қозғалыс белсенділігінің нейропсихологиясы.
- •Бірінші және екінші сигналдық жүйелер және олардың дамуы.
- •Сөйлеудің негізгі қызметтері.
- •Афазиялар. Бас миының қыртыстарындағы сөйлеу орталықтары.
- •Бас миының ошақты зақымдалуындағы ойлаудың форма бойынша бұзылысы.
- •Бас миының ошақты зақымдалуындағы ойлаудың мазмұны бойынша бұзылысы.
- •3. Сандырақтың құрылымдық компонентерінің динамикасы.
- •Жалпы ойлау қабілеті туралы түсінік.
- •Жалпы нейропсихология туралы түсініктер.
- •А.Р.Лурия бойынша үш негізгі құрылымдық – қызметтік блоктар.
- •2. Бас миының зақымдалуы кезіндегі интеллектуалдық әрекеттердің ерікті реттелуі.
- •1. Антенатальді, неонатальді және емшектегі кезеңдегі жжә қалыптасуы.
- •3.Кіші мектеп жасындағы балалардың таным әрекеттері.
- •4. Жасөспірім кезеңіндегі жоғарғы жүйке әрекетінің қалыптасуы мен ерекшеліктері.
- •2.3. Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.4. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.
- •2.5. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары.
- •2.6. Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары.
- •2.7. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік толықтырылуы.
- •2.8. Өзіндік бақылау үшін тест сұрақтары.
- •Студенттердің білімін бағалау критериясы
- •2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары:
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер..............................................3
- •1.2. Пән туралы мәліметтер..............................................................3
- •Нейрофизиология және нейропсихология негіздері
- •050105 «Дефектология» мамандығына арналған
- •100012, Қарағанды қаласы, Гоголя көшесі,38.
Бас миының ошақты зақымдалуындағы ойлаудың форма бойынша бұзылысы.
Сөйлеп-ойлау әрекеттерінің түрлі бұзылыстары жеделдеу және баяу типіне бөлінеді.
Сөйлеп-ойлаудың жеделдеу типі кезінде сөйлеу мен жалпы моторика жеделдейді. Идеяның секірмелі болуын ойлаудың айрықша жеделдеуі деп атайды, бұл кезде логикалық талдау аяқталмай жатып, келесі бір ой елегіне ауысып кетеді, бірақ ол ойда аяғына жетпей талданбай қалады.
Аурудың идесының жеделдеу деңгейі соншалықты, ол тіпті өз ойларын айтып жеткізуге үлгермей қалады. Әлбетте мұндай аурулар өз жағдайынан өздері қорып қалады.
Сөйлеп-ойлау әрекеті баяулаған кезде сөйлеу темпі баяулап, сөз арасындағы үзіліс ұзара түседі. Мұндай кезде аурулар ойдың жоқтығына шағымданады.
Резонерлеу – сарапталған жағдайға қатынастың бұзылыстары. Риторикалық манерде тақырыптың өзектілігі талданбайды, осы тақырыпқа байланысты білім деңгейі айтылады. Мысалы: науқастан дәрігер «Сіздің науқассыз ба? » деп сұрағанда. Науқас бұл қойылған сұраққа тіке жауап бермей, жалпы «науқас» деген не екендігіне байланысты өзі білетін түсініктерді айтып, жауап береді.
Ойлаудың патологиялық жағдайы – бұл соңғы мақсатқа жету үшін, нақты ой түйінін жасаудағы қиындықтар. Сондай-ақ басты ойдан ауытқып, бөлшектеу жаққа ауытқып кетеді. Мысалы: эпилепсия ауруымен ауыратын науқастан алғашқы эпилепсиялық талма ұстамасы қашан болғаны жайлы сұрағанда, ол қойылған сұраққа бірден нақты жауап қайтармай, ұстама алдындағы болған оқиғаларды бөлшектеп айтып, ұзақ уақиға қылып айта бастайды.
Символдық ойлау – бұл ойлау қабілеті бұзылыстарының бір түрі, бұл кезде ауру сөз бен фразаның мәнін өзінің жеке түсінігімен алмастырады. Мысалы: ауру бөлмеге кіріп еліп дәрігерге «Саламатсыз ба, айна? » дейді. Дәрігедің «неге айна» деп сұрағанда. Ол былай деп жауап береді: «Бұны мен Сіздің көзіңізге қарап айтып отырмын, ал көз деген жан айнасы. Сондықтан айна деуімнің себебі осы».
Қалыпты жағдай кезінде сөйлеп-ойлау процессі белгілі бір логикалық және тілдік заңдарға сүйене отырып, белгілі бір түрде реттеліп отыратыны белгілі. Ал психикалық ауруларда сөйлеп-ойлаудың бұл реттіліг бұзылады. Субъективті сезім мен өзінің ырықсыз ой ағымы тоқтағанда, ауру өзінің не жайлы ойлап тұрғанын ұмытып қалады. Мұны ойдың үзілуі деп аталады.
Ойдың үзілуі кей кезде сау адамдарда қажу кезінде кездеседі.
Аурудың бір сөзді немесе фразаны өзінің ырқынсыз бірнеше рет қайталауын персевирация деп атайды. Мысалы: аурудан «аты-жөнін кім?» деп сұрағанда, ол «Қанат Серікұлы» деп жауап береді де, ал әрі қарай нешедесіз, қайдан келдіңіз деген сұрақтың мәніне қарай жауап бермей, тек «Қанат Серікұлы» деп қана қайталап жауап береді.
Ойлардың ретсіз үсті-үстіне қабаттасып келулерін ментизм деп атайды.
Ойлау әрекетінің үзілуі – түсініктердің арасындағы логикалық байланыстардың болмауымен сипатталады, бірақ сөз құрау кезінде тілдік заңдылықтар сақталады.
Ойдың байланыссыздығы – ойлау әрекеті бұзылысының бір түрі, бұл кезде сөз арасындағы логикалық және грамматикалық байланыстар үзіліп, сөйлеу тек жеке сөздерден ғана тұрады. Мысалы: аурудың сөздері «ол келді», «жүгірді», «ах», «тфу».
Кез келген сау адамдарда және санымен қатар ауруларда басымдылық идеялары кездеседі. Идеялардың мазмұны олар үшін қазіргі сәтте өзекті болып, шешімін таппай жүрген мәселелер болып табылады. Бірақ бұл басымдылық идеялары уақыт өте, өз шешімдерін тауып, қанағаттандырылған соң жойылып кетеді. Басымдылық идеясы көбінесе 2-3 жастағы балаларда жиі кездеседі. Егер ой жеке бастың мәселесіне байланысты болып, эмоциялы айқын болса, ол ұзақ уақыт адамның әрекетін өзіне бағындырып, жоғары бағалы идея түрінде жүреді. Олар толық жойылып кетпейді және ұзақ уақыт аурудың әрекеттерінен көрініп отырады. Психикалық ауруларда жоғары бағалы құнды идеялар кездейсоқ пайда болады және ішкі жағдаймен байланыссыз болады.
Мазмұны жағынан элементарлы, бірақ жүзеге асуын жедел қажет ететін, күресуге келмейтін ойларды – зорлық ойлар деп атайды.
