Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
нейропсихология жане нейрофизиология негиздери.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
628.74 Кб
Скачать
  1. Жоғарғы жүйке әрекетінің топтары.

И.П.Павловтың жоғары жүйке әрекетінің топтарын ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізгі үш қасиетіне байланысты төрт топқа бөлуі. Негізгі үш қасиет: қозу мен тежелудің күші, теңдігі және алмасуы. Қозу мен тежелудің күшінің: күшті және әлсіз деп бөлінуінің ерекшеліктері. Қозу мен тежелудің теңдігінің: тең және тең емес болуының сипаттары. Қозу мен тежелудің алмасуы: олардың бір-біріне ауысу жылдамдығының: жылдам (ширақ) немесе баяу (инертті) болуының ерекшеліктері. И.П.Павловтың жоғарғы жүйке әрекетін төрт түрге бөлуі: 1) күшті ұстамсыз, қозуы тежелуден басым; 2) күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы ширақ; 3) күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ; 4) әлсіз топ, ми қыртысының жүйке клеткаларының қызмет қабілеті төмен, қозуы нашар дамыған, тежелуі басым. Холерик, сангвиник, флегматик және меланхоликтерге тән ерекшеліктердің сипаттары. Бірінші және екінші сигналдық жүйелердің дамуы және олардың бір-бірінен айырмашылықтары. Жоғарғы жүйке әрекеттері топтарының балаларда қалыптасуының ерекшеліктері.

И.П.Павлов өзінің ашқан жоғары жүйке әрекетінің жануардағы топтары дәрігер грек ғалымы Гиппократтың айтқан 4 темпераментіне сәйкес деп есептеген. Гиппократ денедегі 4 түрлі сүйықтардың өзара қатынасына байланысты адамның мінез темпераментін 4 топқа бөлген. Олар холерик (грек. холе - сары от), сангвиник (сангвине -қан), флегматик (флегма - кілегей шырын) және меланхолик (мелайнехоле - қара өт). Күшті, үстамсыз топ Гиппократтың холерик темпераментіне, күшті тең жылдам - сангвиник, күшті тең баяу - флегматик, әлсіз тежелгіш топ - меланхолик темпераментіне сәйкес. Аталған 4 топтың аралас түрлері жиі кездеседі. Әсіресе, өсіп дами келе, баланың жасы үлғайған сайын ержеткенде аралас топтар көбірек орын алады.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3,4,6.

Қосымша әдебиеттер:8,12,13,16,17,19,22,28,29.

№7- 8 дәрістердің тақырыбы:

«Психикалық әрекеттердің формасы. Бас миының ошақты зақымдалуындағы зейіннің, естің және қозғалыс әрекеттерінің нейропсихологиясы. Амнезиялар. Апраксиялар»

Жоспары:

  1. Зейіннің нейропсихологиялық негіздері.

  2. Естің нейропсихологиясы.

  3. Қозғалыс белсенділігінің нейропсихологиясы.

  1. Зейіннің нейропсихологиялық негіздері.

Таным процессінің нейропсихологиялық механизмдерін зерттеу кезіндегі зейін негізгілердің бірі ретінде. Зейін процессі субектіні алдына қойған мақсатқа жету үшін ақпаратты қабылдауға бағыттау. Зейіннің үш түрінің сипаттамасы: еріксіз, ерікті, еріктіден кейінгі. Зейінді қамтамасыз етудегі автоматтық және бақылау процесстері. Еріксіз зейіннің негізін шамаланған реакция құрайды. Шамаланған реакция бұл күтпеген жерден пайда болған жаңа стимул кезіндегі қозғалыстар (басты, көзді бұру) кешені. Ол ерікті зейінді автоматты түрде іске қосады. Шамаланған реакцияның компоненттерінің сипаттары: қозғалыс (бұлшық еттік), жүректік, тыныс алу, тамырлық, терілік, қарашықтық, сенсорлық. Ерікті зейін бақыланатын процесс.

2. Естің нейропсихологиясы.

Ес кез келген ақпараттарды ұзақ уақытқа сақтайтын және осы ақпаратты керек кезінде қайта жаңғыртуды жүзеге асыра білетін жүйке жүйесінің әрекеті. Адамдар мен жануарлардың есінің төрт сипаттамасы: ақпаратты есте сақтау, оның сақтау, шығару мен жаңғырту. Энграмма. Естің негізгі типтері. Адамдағы естің үш типінің ерекшеліктері: сенсорлық ақпарат, қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік. Қысқа мерзімдік естің ұзақ мерзімдік еске ауысуы. Тітіркендіргіштерді қабылдайтын рецепторларға байланысты көру, есту, сипап-сезу, дәм, иіс естеріне бөлуінің ерекшеліктері. Естің биологиялық түрінің сипаты мен оның бөлінулері. Биологиялық естің түрлері: генетикалық, иммунологиялық, неврологиялық.