Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭС каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
624.13 Кб
Скачать

7. Бақылау:

Жағдайлы есептерді шешу:

Жағдайлық есеп

10 жасар бала бойының ұзындығы 178см., салмағы 64кг. Бұл қай эндокриндік без әрекетінің бұзылысымен байланысты?

Есепті шешу алгоритмі:

  1. Адам организміндегі қай эндокриндік бездер ұлпаның өсуі мен дифференцировкасының реттелісінде қатысады?

  2. Есепте көрсетілген және қалыпты, шапшаң және баяу физикалық дамуды қалай бағалауға болады?

  3. Бұл гипофиздің қай гормонымен байланысты?

Жағдайлық есеп

18 жасар зерттелуші бойының ұзындығы 100см., дене бітімі пропорциональды. Анықталған бой бұзылысы қай эндокриндік без қызметінің жетіспеушілігін көрсетеді?

Есепті шешу алгоритмі:

  1. Адам организміндегі қай эндокриндік бездер ұлпаның өсуі мен дифференцировкасының реттелісінде қатысады?

  2. Есепте көрсетілген және қалыпты, шапшаң және баяу физикалық дамуды қалай бағалауға болады?

  3. Бұл гипофиздің қай гормонымен байланысты?

Жағдайлық есеп

Мүшелерді (жүрек, бүйректер) алып салудан кейінгі гормондық терапияның жүргізілуі қандай мақсатпен қолданылады?

Есепті шешу алгоритмі:

Иммунитет туралы түсінік. Иммунитетті реттейтін гормондар. Иммуно-депрессорлар.

Жағдайлық есеп

Сулы-тұзды алмасудың реттелісіне қандай гормондар қатысады?

Есепті шешу алгоритмі: организмнің сулы-тұзды алмасуы. Сулы-тұзды алмасудың реттелісі. Сулы-тұзды алмасудың реттелісіне қатысатын гипофиз және бүйрек үсті безі қыртысының гормондары.

Жағдайлық есеп

Балада қалқанша безінің жетіспеушілігі анықталды. Емсіз баланың дамуында қандай өзгерістер болуы мүмкін?

Есепті шешу алгоритмі:

  1. Қалқанша безінің гормондары. Тироксин тобы гормондарының әсерімен байланысты организм қызметтері.

  2. Микседема және кретинизм тиуралы түсінік.

Жағдайлық есеп

Қай эндокриндік без әрекетінің өзгерісімен бірмезетте гипергликемия, глюкозурия, кетонурия, бауыр семіздігі, ақуыз ыдырауының жоғарылауы, ацидоз туу мүмкін?

Есепті шешу алгоритмі:

  1. Зат алмасудың қай түрі бұзылған?

  2. Көмірсу алмасуының реттелісі.

  3. Реттелістің гипо- және гипергликемиялық факторлары.

Жағдайлық есеп

Босанған әйелде сүттің түзілуі төмендеді. Қай немесе қандай гормондардың жетіспеушілігі, сонымен қатар, сыртқы тітіркендіргіштер әсерінен лактацияның төмендеу себебі болуы мүмкін?

Есепті шешу алгоритмі:

  1. Детородты қызметті реттейтін гормондар және олардың қарым-қатынас.

  2. Гипоталамус-гипофиз жүйесі.

  3. Сүт бездері дамуының гормондық реттелісі және лактацияның қызметі.

  4. Ему актісінің физиологиялық ролі және сүттің бөлінуі.

Жағдайлық есеп

Босану кезінде жатыр жиырылуының бірден төмендеуі белгіленді. Ұрық өміріне қауіп төндіретін босану ұзаққа созылуда. Жүкті әйелге қай эндокриндік без гормонын егуге болдаы?

Есепті шешу алгоритмі:

  1. Гипофизбен қандай гормондар өндіріледі?

  2. Окситоцин, вазопрессин қандай тиімділіктермен қабілетті?

Жағдайлық есеп

Бастапқы емізуге қарағанда, босанудан кейін, жатырдың жиырылуы белсенді түрде өтілетіндігі белгілі. Осы екі құбылыстың өзара әрекеттілігінің физиологиялық тегершігі қандай?

Есепті шешу алгоритмі:

  1. Рефлекс деген не?

  2. Гормондық негізде баланы емізу кезінде организмде қандай өзгерістер жүреді?

  3. Гипофиз, окситоцин, жатырдың жиырылуы.

Жағдайлық есеп

Зерттелушіде бет пен дененің семіздігіне шағымдар бар; лабораториялық зерттеуде қанда глюкоза, несепте қант мөлшері жоғарылаған, АҚ көтерілген. Қай эндокриндік без қызметінің жоғарылағандығы туралы ойлауға болады?

Есепті шешу алгоритмі:

Гомеостатикалық жағдай, қызметтің реттелу тегершігіндегі гипоталамус-гипофиздік жүйенің ролі. Осы қатынастар жағынан есепті қарастыру қажет.

Аралық бақылаудың тестілері:

1. Жылу өндірімді аталған гормондардың қайсысы күшейтеді?

А) инсулин;

В) СТГ;

С) тироксин;

Д) минералокортикоидтар;

Е) глюкагон.

2. Гипофиздің артқы бөлігі қандай гормон бөледі:

А) соматотропин;

В) ренин;

С) тироксин;

Д) АДГ;

Е) альдостерон.

3. АДГ қайда пайда болады және гиалуронидазаның пайда болуына қалай әсерін тигізеді?

А) эпифизде - белсендіріді;

В) аденогипофизде - белсендіріді ;

С) нейрогипофизде - тежейді;

Д) аралық гипофизде - тежейді;

Е) гипоталамусте (супраоптикалық ядрода) - белсендіреді.

4. Гипоталамустың қай бөлімін тітіркендіргенде қан қысымы көтеріліп, жүрек соғысы жиілейді:

А) артқы топ ядроларын тітіркендіргенде;

В) түтікше (воронка) жанын тітіркендіргенде;

С) ортаңғы топ ядроларын тітіркендіргенде;

Д) алдыңғы топ ядроларын тітіркендіргенде;

Е) алдыңғы топ ядроллары мен түтікше (воронка) жанын тітіркендіргенде.

5. Гипофиздің алдыңғы бөлігі бөлетін гормондар:

А) соматотропты, тиреотропты, адренокортикотропты, гонадотропты гормондар;

В) вазопрессин, АДГ, окситацин, меланофорнды гормон;

С) соматотропты, тиреотропты, меланофорнды, АДГ;

Д) тиреотропты, адренокортикотропты, вазопрессин, АДГ; Е) АДГ, соматотропты, вазопрессин, гонадотропты гормондар.

6. Гормональді реттелудің жоғарғы орталығы болып есептеледі:

A)эпифиз;

B)гипофиз;

C)гипоталамус;

D)ұйқы безі;

E)бүйрек үсті безі

7. Микседема ауруы келесі бездің гипофункциясы кезінде пайда болады:

A)бүйрек үсті безінің;

B)ұйқы безінің;

C)қалқанша безінің;

D)гипофиз;

E)қалқанша маңы безініњ.

8. Гипофиздің алдыңғы бөлімінен бөлінетін гормондар:

A)соматотропин,глюкагон,серотонин,АДГ;

B)АКТГ,инсулин,тиреотропин,меланотонин;

C)адреналин,СТГ,АКТГ,эстроген;

D)тироксин,АКТГ,гонадотропин,АДГ;

E)тиреотропин,гонадотропин,соматотропин,АКТГ.

9. Гипоталамус ішкі секреция бездердің реттелуін қамтамасыз етеді:

A)эпифиз арқылы;

B)гипофиз арқылы;

C)бүйрек үсті бездері арқылы;

D)ұйқы безі арқылы;

E)қалқанша безі арқылы.

10. Бүйрек үсті бездер келесі гормондарды бөліп шығарады:

A)инсулин,глюкагон,ваготонин,липокаин;

B)тироксин,трийодитиронин,тиреокальцитонин,паратгормон;

C)тиреотроптық,адренокортикотроптық,соматотроптық,гонадотроптық;

D)интермедин,мелатонин,окситоцин,вазопрессин;

Е)глюкокортикоидтер,минералокортикоидтер,андрогендер,адреналин.

11. Организімнің дамуына және бойдың өсуіне әсер ететің гормондар:

A)тироксин,инсулин, глюкагон;

B)АКТГ, инсулин,конадотропин;

C)глюкагон, АДГ, паратгормон;

D)адреналин,тероксин,глюкагон;

E)соматотропин,тироксин, гонадотропин.