- •Жалпы медицина факультеті Тәжірибелік сабақтарға әдістемелік ұсыныстар
- •1.Тема: Ас қорыту жүйесінің қызметін зерттеу әдістері. Асқазандағы және ішектің әр-түрлі бөліміндегі ас қорытылуының физиологиялық негіздері.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •№ 1Тәжірибелік жұмыс. Крахмалдың сілекей ферментінде ыдырауы.
- •Сүт, ет және нан тағамдарын пайдаланудағы асқазан сөлінің секреция жұмысын оқып үйрету.
- •№3 Тәжірибелік жұмыс.
- •6. Әдебиет.
- •7. Бақылау:
- •Жалпы медицина факультеті Тәжірибелік сабақтарға әдістемелік ұсыныстар
- •1.Тема: Ішектің түрлі бөлімдеріндегі ас қорытылуының физиологиясы. Ұйқы безінің асқорытудағы маңызы.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Асқазан сөлінің ақуызды қортуы.
- •Тәжірибелік жұмыс №2. Асқорыту қызметін зерттеуде қолданылатын жануарларға жасалатын операцияларды зерттеу.
- •6. Әдебиет.
- •7.Бақылау:
- •Жалпы медицина факультеті Тәжірибелік сабақтарға әдістемелік ұсыныстар
- •1.Тақырыбы: Сөл түзілуді реттеудегі бауырдың рөлі және сөлдің асқорытуға қатысуы.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Тәжірибелік жұмыс №1.
- •6. Әдебиет.
- •7.Бақылау:
7.Бақылау:
Жағдайлық есеитерді шешу:
Есеп № 35. Он елі ішекке өттің түсуі шектелген. Бұл ас қорыту процесіне қалай әсер етеді?
Шешу алгаритмі:
- өттің бөліну динамикасы;
- өттің құрамы мен мөлшері;
- асқорыту мен сіңірілудегі өттің ролі;
- өт бөлінуін, өт түзілуін реттеу.
Бақылау сұрақтары:
Асқорыту процесінің анығы.
Қан құрамындағы қоректік заттардың қалыпын сақтайтын функционалдық жүйе. Ас орталығы. Ашығу, шөлдеу, тойынудың туу механизмдері туралы қазіргі көзқарастар.
Асқорыту бездерінің функцияларын зерттеу әдістері. И. П. Павловтың хроникалық зерттеу әдісінің түзілуі, басымдылығы.
Ауыз қуысының асқорыту процесіндегі ролі.
Сілекейдің құрамы мен қасиеті.
Сөзсіз сөл бөлу рефлексінің рефлекторлық доғасының сызбанұсқасы.
Әр түрлі тағамдық және жағымсыз заттарға қалыптасатын мінез құлық.
Асқазандағы асқорыту процесінің жалпы сипаты.
Асқазан сөлінің құрамы мен қасиеті.
Асқазан секрециясының реттелуі.
Панкреатикалық сөлдің құрамы мен қасиеті.
панкреатикалық секрецияның реттелуі: а) күрделі-рефлекторлық фаза; б) гуморальдық фаза.
Ішектік сөл, оның құрамы мен қасиеті.
Асқазан-ішек жолдарындағы бұлшық етінің жиырылу түрлері, олардың сипаттамасы.
Асқазан-ішек жолдарындағы моторлық функциясының реттелуі.
Негізгі қоректік заттардың сіңірілуі, сіңірілу механизімі, оның реттелуі
Өттің асқорытудағы ролі.
Өттің құрамы мен қасиеті.
Өт түзілуінің реттелуі.
Өт түзілуін күшейтуші негізгі қоректік заттар.
Өт бөлінуінің тетігі.
Өттің түзілуі мен бөлінуінің рефлекторлік және гуморальдік реттелуі.
Қорытынды бақылаудың тестері:
1. Ұйқы безі сөлінің протеолиттік ферменттерін атаңыз?
А) пепсин, трипсин, амилаза, липаза;
В) липаза, химотрипсин, трипсин, амилаза;
С) энтерокиназа, амилаза, липаза;
Д) энтерокиназа, пепсин, трипсин, липаза;
Е) трипсин, мальтаза, пепсин, лизоцим.
2. Адам сілекейінің негізгі ферменттері?
А) амилаза, мальтаза;
В) амилаза, липаза;
С) липаза, энтерокиназа;
Д) амилаза, пепсиноген;
Е) энтерокиназа, мальтаза.
3. Аш ішектегі қозғалыс түрлері:
А) перестальтикалық, антиперестальтикалық;
Б) маятник тәрізді, ырғақты бунақтану, антиперистальтикалық;
С) тонустық, антиперестальтикалық, ырғақты бунақтану ;
Д) маятник тәрізді, бунақтану, тонустық, перистальтикалық;
Е) антиперистальтикалық, маятник тәрізді.
4. Ас қорыту процесіндегі секретиннің ролі қандай?
А) қарын сөлінің бөлінуінің қоздырады;
В) ұйқы безі сөлінің бөлінуін күшейтеді;
С) сілекей бөлінуін қоздырады;
Д) қарын және ішек сөліні бөлінуін қоздырады;
Е) өт бөлінуін тежейді.
5. Ұйқы безінен бөлінетін липаза қандай затпен белсендіріледі?
А) пепсинмен;
В) трипсинмен;
С) химотрипсинмен;
Д) өтпенен;
Е) НCl.
6. Қарын сөлінде аталған ферменттердің қандай түрлері бар?
А) пепсин, липаза, гастриксин;
В) ренин, энтерокиназа, пепсин;
С) пепсин, трипсин, химотрипсин;
Д) трипсин, химотрипсин, амилаза;
Е) химозин, секретин, холин.
7. Оқшауланған ішек кесіндісінің моторикасына келесі заттар қандай әсерін тигізеді?
А) адреналин үдетеді, ацетилхолин тежейді;
В) адреналин тежейді, ацетилхолин үдетеді;
С) адреналин әсер етпейді, ацетилхолин үдетеді;
Д) адреналин тежейді, ацетилхолин әсер етпейді;
Е) адреналин әсер етпейді, ацетилхолин тежейді.
8. Энтерокиназа дегеніміз не және ол қай жерде түзіледі?
А) энтерокиназа гормон, асќазанда түзіледі;
В) энтерокиназа гормон, аш ішекте түзіледі;
С) энтерокиназа фермент, 12 елі ішекте түзіледі;
Д) энтерокиназа фермент, асқазанда түзіледі;
Е) энтерокиназа фермент, бауырда түзіледі.
9. Қандай сілекей бездері көбіне серозды секрет бөледі?
А) шықшыт бездері (околоушные);
В) жақ асты бездері;
С) ауыз қуысындағы ұсақ бездер;
Д) тіл асты бездері;
Е) тіл асты және жақ асты бездері;
10. Гастриннің атқаратын негізгі ролі:
А) ұйқы бездері ферменттерін белсендіреді;
В) қарында пепсиногенді пепсинге айналдырады;
С) қарын сөлі бөлінуін күшейтеді;
Д) өттің бөлінуін күшейтеді;
Е) ұйқы безі секрециясын күшейтеді;
11. Қандай жағдайда трипсиноген трипсинге өтеді:
А) қарын сөліндегі тұз қышқылының әсерінен;
В) өт әсерінен;
С) 12 елі ішектің кілегей қабатымен жанасқанда;
Д) қарын сөлі ферменттерінің әсерінен;
Е) химустың әсерінен;
12. Сілекейдің негізгі ферменттері:
A)мальтаза мен энтерокиназа;
B)амилаза мен мальтаза;
C)амилаза мен липаза;
D)мальтаза мен липаза;
E)пепсин мен гастриксин.
12. Ұйқы без сөлінде болатын ферменттер:
A)пепсиноген,трипсин,амилаза,липаза,энтерокиназа;
B)трипсиноген,химотрипсиноген,амилаза,липаза,нуклеаза;
C)химотрипсин,энтерокиназа,амилаза,липаза;
D)трипсиноген,пепсин,энтерокиназа,липаза;
E)пепсиноген,гастриксин,энтерокиназа,амилаза.
14. Тоқ ішектің бактериальды флорасы:
A)ішек қозғалысын тежейді;
B)өсімдік клетчаткасының ыдырауын қамтамасыз етеді;
C)асқазан сөлінің бөлініп шығуын күшейтеді;
D)сіңіруді күшейтеді;
E)өттің бөлініп шығуын қамтамасыз етеді.
15. Асқорыту жолдарының қимылдарын күшейтетін:
A)энтерогастрон,өт сұйықтығы,тироксин;
B)өт сұйықтығы,симпатикалық талшықтардың тітіркенуі,секретин;
С)серотонин,құрсақ нервтің тітіркенуі,гастрин;
D)ацетилхолин,кезбе нервтің тітіркенуі,өт;
Е)адреналин,инсулин,құрсақ нервтің тітіркенуі.
16. Асқазаннан сөлдің бөлініп шығуының кезендері келесі:
A)механикалық,күрделі рефлекторлық,ішек;
B)күрделі рефлекторлы, асқазандық, ішектік;
C)гуморальды,ішектік,күрделі рефлекторлы;
D)мидың қатысуымен өтетін кезең,химиялық,механикалық
E)ішектік, асқазандық, шартсыз рефлекторлы
17. Асқазан сөлдің бөлініп шығуын күшейтетін:
A)энтерогастрон,холецистокинин;
B)адреналин,бульбогастрин;
C)вастрон,секретин;
D)гистамин,гастрин;
E)соматостатин,серотонин.
18. Парасимпатикалық жүйкелердің тітіркенуінен ас қорыту жолдарының қимыл қызметтері:
A)күшейеді;
B)тежелуге ұмтылады;
C)тоқтайды;
D)өзгермейді;
E)төмендеп кейін күшейеді.
19. Ішек түктерінің қозғалысын күшейтетін:
A)адреналин,өт қышқылдары;
B)вазоинтестинальды пептид,энтерокиназа;
C)секретин,өт;
D)энтерогастрон,глюкоза;
E)вилликинин,өт қышқылдары.
20. Асқазан сөлінде пепсиногенді активтендіретін:
A)өт;
B)сілекейдегі амилаза:
C)асқазан сөліндегі тұз қышқылы;
D)ішек сөліндегі энтерокиназа;
E)натрий бикарбонаттар.
21. Асқорыту жолдарының секреторлы және қимыл әрекеттерін
күшейтетін жүйке:
A)симпатикалық;
B)соматикалық;
C)парасимпатикалық;
D)сенсорлы;
E)афферентті.
22. Өттің әсерінен асқорыту жолдарының қимыл-қызметтері:
A)жоғарлайды;
B)төмендейді;
C)өзгермейді;
D)жойылады;
E)фазалық түрде өзгереді.
23. Асқазан секрециясын тежейтін:
A)көмірсулар;
B)майлар;
C)судын қабылдауы;
D)жеміс шырыны;
E)белоктар.
24. Белоктарды ыдырататын ферменттер:
A)пепсин,гастриксин,липаза;
B)амилаза,трипсин,пепсин;
C)трипсин,сахараза,энтерокиназа;
D)пепсин,трипсин,химотрипсин:
E)химотрипсин,лактаза,липаза.
25. Көмірсуларды ыдырататын ферменттер:
A)липаза,мальтаза,пепсин,трипсиноген;
B)амилаза,пепсин,галактаза,энтерокиназа;
C)амилаза,пепсин,рибонуклеаза,липаза;
D)амилаза,мальтаза,лактаза,сахараза;
E)химотрипсин,лактаза,сахараза,липаза.
26. Аштық сезімінің пайда болу себептері:
A)дене температурасының жоғарлауы мен су мөлшерінің азаюы;
B)дене салмағының және қан плазмасының осмостық қысымының
төмендеуі;
С)қандағы глюкозаның төмендеуі мен аминоқышқылдардың жоғарлауы;
D)қандағы глюкоза мен аминоқышқылдардың төмендеуі;
E)қандағы глюкоза мен аминоқышқылдардың жоғарлауы.
