- •Жалпы медицина факультеті Тәжірибелік сабақтарға әдістемелік ұсыныстар
- •1.Тема: Ас қорыту жүйесінің қызметін зерттеу әдістері. Асқазандағы және ішектің әр-түрлі бөліміндегі ас қорытылуының физиологиялық негіздері.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •№ 1Тәжірибелік жұмыс. Крахмалдың сілекей ферментінде ыдырауы.
- •Сүт, ет және нан тағамдарын пайдаланудағы асқазан сөлінің секреция жұмысын оқып үйрету.
- •№3 Тәжірибелік жұмыс.
- •6. Әдебиет.
- •7. Бақылау:
- •Жалпы медицина факультеті Тәжірибелік сабақтарға әдістемелік ұсыныстар
- •1.Тема: Ішектің түрлі бөлімдеріндегі ас қорытылуының физиологиясы. Ұйқы безінің асқорытудағы маңызы.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Асқазан сөлінің ақуызды қортуы.
- •Тәжірибелік жұмыс №2. Асқорыту қызметін зерттеуде қолданылатын жануарларға жасалатын операцияларды зерттеу.
- •6. Әдебиет.
- •7.Бақылау:
- •Жалпы медицина факультеті Тәжірибелік сабақтарға әдістемелік ұсыныстар
- •1.Тақырыбы: Сөл түзілуді реттеудегі бауырдың рөлі және сөлдің асқорытуға қатысуы.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Тәжірибелік жұмыс №1.
- •6. Әдебиет.
- •7.Бақылау:
|
«Астана медицина университеті» АҚ
|
Форма№ ОБ-07.1.13 |
|
Шығарылған күні: |
|||
Қалыпты физиология кафедрасы |
Тексеріс күні: |
||
Тексеріс #: |
|
||
Жалпы медицина факультеті Тәжірибелік сабақтарға әдістемелік ұсыныстар
Физиология-2 пәні 051301 «Жалпы медицина» мамандығы
Тарау: Ас қорыту
Тәжірибелік сабақ: №1
Тақырыбы: Ас қорыту жүйесінің қызметін зерттеу әдістері. Асқазандағы және ішектің әр-түрлі бөліміндегі ас қорытылуының физиологиялық негіздері.
Курс: 3 курс
Факультеті: Жалпы медицина
Құрастырушылар:
2013 ж.
Кафедра отырысында талқыланған
№ 2 хаттама , 29 .08. 2013 ж.
Бекітілген Кафедра меңгерушісі_______Хамчиев К.М.
1.Тема: Ас қорыту жүйесінің қызметін зерттеу әдістері. Асқазандағы және ішектің әр-түрлі бөліміндегі ас қорытылуының физиологиялық негіздері.
2.Мақсаты: Дені сау адамның ағзасындағы асқорыту жүйесінің қызметінің негізгі зандылықтары, ас қорыту жүйесінің бұзылын емдеу жолдары және оны басқару тетіктері туралы студенттерде түсінік қалыптастыру.
3. Оқыту мақсаты:асқорыту жүйесіндегі ағзалардың жұмысын реттейтін физиологиялық процестерді түсінуді, балаларда асқорытудың ерекшеліктерін талдауды, рН-метрияны өткізді үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Ағзаны қоректік заттармен әрдайым қамтамасыз ететін функционалдық жүйе.
Асқорыту: оның түрлері, негізгі кезеңдері. Асқорытуды реттеудегі принциптер мен тетіктері.
Ауыз қуысындағы асқорыту.шайнау, жұту, жұту фазалары.
Сілекей бөлу. Сілекейдің мөлшері, құрамы және қасиеттері.
Асқазанның секреторлық қызметі.
Асқазан шырынының құрамы мен қасиеті.
Ішектегі ас қорытылуының ерекшеліктері. Ішек шырыны, оның құрамы қасиеті.
Балаларда асқорытудың ерекшеліктері.
Білім берудің және оқытудың әдістері: Тақырып бойынша практикалық жұмыстарды жасау (клинико-физиологиялық әдістеме негіздері), шағын топтарда жұмыс жасау, жұптасып жұмыс жасау, зерттеу нәтижелерін талқылау, дискуссия, атластармен жұмыс жасау, жұмыс нәтижесін суреттеу, практикалық жұмыстарды орындауды хаттамалау және қорғау, жағдайлық есептерді шешу.
№ 1Тәжірибелік жұмыс. Крахмалдың сілекей ферментінде ыдырауы.
Жұмыстың мақсаты: Денедегі қалыпты температурада сілекейдің амилаза ферменті крахмалды қанттарға дейін ыдырататынын дәлелдеу.
Әдістеме: Төрт түрлі пробирканы алып, оның үшеуіне 6 мл ден 1 % қайнатылған крахмалды, ал төртінші пробиркаға 6 мл 1% қайнатылмаған крахмал құяды. Одан соң 1-ші пробиркаға 1 мл дистильденген суды, 2-ші және 4-ші пробиркаларға 1 мл сілекей және 3-ші пробиркаға 1 мл сілекейді жақсы қайнатылған күйде құяды. Барлық пробиркаларды 5-10 мин-ға 37-38 градус температурадағы термостатқа қояды. Әр пробиркалардағы заттарды екі бөлікке бөліп алып, крахмал және қанттың сапалық сынағын тексеру.
Крахмалға сапалы сынақ:
Жоғарыда айтылған пробиркаларға 1-2 тамшы йод ерітіндісін құямыз. Көкшіл түс 1-3-ші пробиркада байқалады, бұл сол пробиркадағы крахмалдың мөлшерін көрсетеді, ал 2-ші пробиркада түсті көрсеткіш байқалмайды. Қорытынды жасаңдар.
Қантқа сапалық сынақ:
Жоғарыда айтылған пробиркаларға 10 % 3 мл NaOH және 1 мл 1% CuSO4 қосады. Оларды қайнатып 2-ші пробиркада қоңыр-қызыл түстің пайда болғанына көз жеткіземіз, бұл қанттың мөлшерін көрсетеді.
Жұмыстың қорытындысын және нәтижесін жасаңдар.
№ 2 тәжірибелік жұмыс.
