- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •V алғашқы тексеру мерзімі 2014 жыл тексеру мерзімділігі 1 жыл
- •13. Пәннің модульдік оқыту бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Дәрістер
- •Семинар сабақтары
- •15. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Бақылаушы-өлшемдік материалдар мысалы
- •Келісім парағы пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
БЕКІТЕМІН
Тарих факультетінің деканы
________ Ескалиев С.А.
«___»__________2014 ж.
Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
Мамандықтың шифры және атауы 5В011400–«Тарих»
2. Білім деңгейі: жоғары білім (бакалавриат)
3. Оқу формасы: Жалпы орта білім беру негізінде күндізгі
4. Пәннің коды және аты: THT 2301 «Түркі халықтарының тарихы»
5. Пәнге жауапты кафедра 35-6-1 Отан тарихы және тарихи пәндер
6. Оқу жылы: 2014-2015 Семестр: 3
7. Оқу процесінің жоспарына сәйкес пәнді оқытуға бөлінген сағат саны:
Аудиториялық сабақ 69, оның ішінде:
дәріс- 30
семинар-15 практикалық-
лабораториялық-
Өзіндік жұмыс - 66
Барлық сағат саны - 135
8. Оқу жоспарында қарастырылған бақылау жұмыстарының саны - 2
9. Қорытынды бақылау формалары:Емтихан
10. Ізденушілік бейне (негізгі ұғымдар):
Тарихнама, панктюркизм, дерек, этнос, өркениет теориясы, территория, қағанат, қаған, жабғу, беклербек, инал, ихта, сойырғал, кесене, рухани мәдениет, заттай мәдениет, аңдық стиль, шовинизм, евроцентризм. антропология, нәсіл, палеоантология, өркениет, көшпелілік, көшпелі мал шаруашылығы, отырықшылық, жартылай көшпелі, номадизм, энеолит.
І ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛДІ
Орындаушы: Отан тарихы және тарихи пәндер
кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. ____________ Еспенбетова А. М.
«2» қыркүйек 2014 ж.
Жауапты орындаушы:
Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасының
меңгерушісі т.ғ.к., доцент ____________ Ізбасарова Г.Б.
«3» қыркүйек 2014 ж.
II КАФЕДРА ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
хаттама № 1 «_3_» 09. 2014 ж.
III РЕЦЕНЗЕНТ (Үлгілік оқу бағдарламасы, Алматы, 2013)
IV ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫНДА БЕКІТУГЕ ҰСЫНЫЛДЫ
Хаттама № 1 03. 09 2014ж
V алғашқы тексеру мерзімі 2014 жыл тексеру мерзімділігі 1 жыл
VI ОРНЫНА ЕНГІЗІЛДІ _______________________ алдыңғы жұмыс бағдарламасының бекітілген күні
11. Түркі халықтарының тарихы пәнін оқытып үйретудің мақсаты мен міндеттері:
Курстың мақсаты:
Еуразия аумағына тараған түркі халықтарының ерте заманнан бастап қазіргі кезеңге дейінгі бай тарихы мен мәдениетінен мағлұмат беру;
Курс міндеттері:
- түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихының негізгі
кезеңдерін анықтау:
- Еуразия аумағындағы түркі тілдес халықтардағы мемлекеттің
пайда болуы жэне оның өркендеуі, шаруашылығы,
мәдениеті жөнінде білім беру;
- түркі халқының әлем халықтар ортасында орны, олардың
дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесін көрсету;
- түркі қауымдастығының бірлігін жан-жақты ашу өткені
және бүгінгісімен органикалық байланысын көрсету;
- Отан тарихы ғылымындағы түркітану бағытындағы соңғы
ғылыми жетістіктер мен таласты пікірлерге назар аудару
12. Түркі халықтарының тарихы пәнін оқып үйрену нәтижесінде студенттің меңгеруге тиісті негізгі түсініктері, білімдері, біліктіліктері және дағдылары:
Түркі халықтарының тарихы пәнін оқытып үйретудің нәтижесінде төмендегі ұғымдар жөнінде түсініктері болуы тиіс:
оқытылатын курстың мазмұныны толық игеруі;
тарихтың ғылым ретіндегі мазмұнын, оның гуманитарлық білім
жүйесіндегі орнын тану;
Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері мен хронологиялық шеңберлері жөнінде мағлұмат алуы;
Түркі халықтарының тарихы пәнін оқытып үйренудің барысында төмендегілерді білуі және пайдалана алуы тиіс:
педагогикалық қызметінде өз білімі мен біліктігінн толық қолдануы;
курсты оқып үйрену барысында алынған білімді жүйелей білуі;
студент тарихи оқиғалар мен фактілерді талдай алуы тиіс;
- Ұлттық тарихи құндылықтар мен мұраттарымызды танып біліп назарда ұстауына үйрету;
- Этикалық және құқықтық қатынастар жүйесінің аясында адам мен қарым-қатынас жасау мәдениетін сіңіру;
- Тарихи ойлау мен тұжырым жасап өз пікірін, көзқарасын білдіретін сауаттылық пен мәдениетін игерту;
Түркі халықтарының тарихы пәнін оқытып үйретудің нәтижесінде төмендегі дағдыларды меңгере білуі тиіс:
- Болашақ мамандығын жақсы меңгеруде шеберлік дағдыларын жетілдіру; ізденгіш, еңбекқорлық дағдысын қалыптастыру
- проблемалы мәселелерді шеше алу дағдысын қалыптастыру;
- өзіндік талдау жасай алу дағдысын қалыптастыру;
- ізденгіш, еңбекқорлық дағдыларын жетілдіру;
