Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ересектер ебегіні бейнеленуі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
704 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

I Бейнелеу өнерінің түрлері

1.1.Бейнелеу өнерінің түрлеріне сипаттама...................................................... 3-6

1.2. Балабақшадағы жас мөлшеріне қарай бейнелеу өнері түрлеріне үйретудің әдістемесі............................................................................................................6-18 II. Мектеп жасына дейінгі балалардың суреттерінде ересектер еңбегінің бейнеленуі

2.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың затқа қарап бейнелеу сабақтарын өткізу әдістемесі...............................................................................................18-23

2.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың суреттерін талдау........................23-25

Қорытынды..........................................................................................................26

Пайдаланған әдебиет..........................................................................................27

Зерттеудің өзектілігі: Елбасымыз Н.А. Назарбаев 2010жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деген Қазақстан халқына Жолдауында: 2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылатылып өтті.

Мектеп жасына дейінгі балалардың суреттерінде ересектер еңбегінің бейнелену қабілеттерін дамыту.Бейнелеу өнерінде натура – тікелей бақылау кезінде бейнеленетін заттты немесе құбылысты айтады.Натурамен жұмыс істеу затты белгілі бір қашықтықта, сурет салушының көзіне қатысы жағынан ол қандайболса, сондай жағдайда бейнелеуді көздейді. Натурадан сурет салудың бұл ерекшелігі сабақ үрдісіндегі өзіне тән қабылдау негізгі орын алады, оның үстінде жазықтықта (сурет, апликация) бейнелеген кезде зат тек бір жағынан ғана қабылданады, мүсін жасағанда және конструкция лағанда балалардың натураны айналдыруға, ауқымды пішінді әр жағынан талдауға мүмкіндігі болуға тиіс.

Затты оның сапаларының жиынтығында қабылдау қабілеті мектепке дейінгі кішкентай балалардың өзіне тән. Алайда затты натурадан бейнелеу қажеттілігі бөлшектердің ара қатынасын, олардың кеңістікте орналасуын талдай білуді көздейді. Психологтар мектепке дейінігі жастағы бала дұрыс педа-гогикалық басшылық жағдайында ғана осындай аналитикалық синтездік қабылдауға қабілетті деп есептейді.

Сонымен, үйрету әдісі ретіде натураны пайдалану бүкіл бейнелеу үрдісін қамтиды: затты бастапқы талдауды бейненің пішіні, орналасуы жағдайы, түсі жағынан натурамен салыстыруды, сурет пен натураны салыстыру жолымен жұмыс нәтижелерін бағалауды қамтиды.

Натура сияқты,үлгіде үйрету әдісі және жекелген тәсіл ретінде пайдалануы мүмкін. Айналадағыны қабылдаудан алынған әсерлерді орнықтыруы басты мақсат болып табылмайды, ал бейнелеу іс әрекет жекелеген сәттерін дамыту жөнінде міндеттер қойылатын бейнелеу іс-әрекеті түрінде үлгі үйрету әдісі ретінде қолданылады.

Жекелеген затты суретте сауатты, нақты бейнелей алу үшін, сол заттың өзіне ғана тәнпішіні мен детальдарын, ондағы бөліктердің пропорция лық сәйкестігін, перспективадағы өзгерістерін, көлемін, қозғалысын, түсін бере білуді қажет етеді. Біздер енді мектеп жасына дейінгі балаларға осынау міндеттердің қандай жағдайда, қай мөлшерде шешілгенде түсінікті болатынын қарастыратын боламыз [4.15-16б.].

Зерттеудің мақсаты: Балалардың ересектер еңбегін бейнелеп, суреттей алу қабілеттерін дамыту.

Зерттеудің міндеті: Балаларды нақты затқа қарап бейнелей алуын қалыптастыру.

Зерттеудің объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалардың суреттерінде ересектер еңбегінің бейнеленуі.

Зерттеудің пәні: Бейнелеу өнерінің теориясы мен әдістемесі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]