Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ежелгі ескерткіштер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
212.99 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе ..........................................................................................................................4

1 Қазақстандағы ежелгі ескерткіштер .......................................................................6­­­­­­­­­­­­­­

1.1 Мәдени ескерткіштер – ел мұрасы .....................................................................6

1.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы мәдениет ескерткіштері ..........................19

2 Мәдени ескерткіштер – тәрбие құралы ................................................................22

2.1 Тарих сабақтарында тарихи – мәдени ескерткіштерді пайдалану .................22

2.2 Есік қорғанының «Алтын адамы» ...................................................................25

Қорытынды .............................................................................................................31

Пайдаланылған әдебиеттер ..................................................................................32

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан бәсекеге қабілетті азаматын шығармашыл, дара тұлға етіп қалыптастыру арқылы, дамыған елдер қатарында тұра аламыз,»- деп жас ұрпақты тәрбиелеу, оған білім беруде көзқарасты өзгерту қажеттігін айтқан.

Ұрпақ тәрбиесі - ел алдындағы маңызы зор міндет. Еліміздің дамуына үлес қосатын білімді де мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп шығару ұстаздардың негізгі міндеті болып табылады.

Осы орайда Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін сіздер.Ендеше өздеріңіз де көп оқыңыздар, ізденістен, ілгерілеуден жалықпаңыздар.Ең бастысы рухани тоқыраудан сақтaныңыздар.Өйткені елдің тірегі – жастар.Олар заман талабына сай тәрбиелеуі тиіс» - деген сөздерін жадымыздан шығармауымыз қажет.

Әрбір білікті, өз мамандығын жетік меңгерген маман өзі тәрбиелеп отырған әрбір балаға Отаны жайлы,оның тарихы мен өткені, бастан кешкендері туралы мағлұмат бере отырып өз елін, Отанын, халқын, ұлтын сүйетін нағыз азаматты тәрбиелеп шығаруға үлес қосқаны абзал.

Еліміз егеменді ел болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер болып жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру саласы әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білімі мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді.сондықтан да Қазақстан республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адам қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.

Мемлекет жайлы білу үшін ең алдымен оның тарихын, өткенін білу қажет. Ал оның өткені мен тарихының таптырмас мұрасы оның ескерткіштері. Кез келген елдің тарихи құндылықтарына қарап ондағы өркениеттің қалай дамығаны жайлы сөз қозғауға болады.

Зерттеудің мақсаты: балабақшада тарихи құндылықтарды қолдану арқылы балалардың ой - өрісін дамытудың ұйымдастырушылық – педогогикалық, дидактикалық шарттарын анықтау және әдістемесін жасау, оны тәжірибе жүзінде тексеру.

Зерттеудің міндеттері:

- мектепке дейінгі мекемелерде тарихи құндылықтармен таныстырудың қазіргі жағдайын анықтау және ол құнды жәдігерлерді пайдаланып балалардың ой - өрісін дамытудың теориялық негізін анықтау;

- тарихи құндылықтар мен жәдігерлерді пайдаланып балалардың ой - өрісін дамытудың әдіс – тәсілдерін анықтап, оны психологиялық – педогогикалық тұрғыда негіздеу;

- мектепке дейінгі мекемелерде тарихи құндылықтар мен жәдігерлерді пайдаланып оқушылардың ой - өрісін дамытудың әдістемесін жасау, оның тиімділігін тәжірибе арқылы тексеру.

Зерттеудің пәні: мектепке дейінгі жастағы балаларға бейнелеуді үйрету;

Зерттеудің объектісі: Қазақстанның Ежелгі Ескерткіштері;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]