Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алдабергенова ИСС411 Ик 412 Силлабус Web_технологии 2015_16 уч год++.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.49 Mб
Скачать

Бақылау—өлшем құралдары

  1. Компьютерлік желі туралы жалпы түсінік

  2. Компьютерлік желілердің түрлері

  3. Локальді желі дегеніміз не?

  4. Қандай желілік құралдарды білесің?

  1. Клиент деп нені айтады?

  2. Сервер деп нені айтады?

  3. Серверлі желі дегеніміз не?

  4. Файлдық сервер дегеніміз не?

  5. Windows-тың қандай желілік құралдарын білесің?

  6. Microsoft Exchange бағдарламасы не үшін арналған ?

  7. Microsoft Fax бағдарламасы не үшін арналған?

  8. Қолданушы деңгейінде басқару дегеніміз не?

  9. Ресурстық деңгейінде басқару дегеніміз не?

  10. Электронды поштамен жұмыс істеудің принципін көрсетіңіз.

  11. Пошталық қызмет дегеніміз не?

  12. Электронды поштамен жұмыс істейтін бағдарламаларды санап беріңіз.

  13. Модем не үшін арналған?

  14. TCP/IP протоколы дегеніміз не?

  15. Eudora бағдарламасы не үшін арналған?

  16. Microsoft Exchange бағдарламасы не үшін арналған?

  17. Internet Mail бағдарламасы не үшін арналған?

  18. Outlook Express бағдарламасы не үшін арналған?

  19. NETCOMplete бағдарламасы не үшін арналған?

  20. Netscape Messenger бағдарламасы не үшін арналған?

  21. Pegasus Mail бағдарламасы не үшін арналған?

  22. Интернет желісіне қосылудың қандай түрлерін білесің?

  23. Телеконференция дегеніміз не?

  24. Hardware төменгі деңгей дегеніміз не?

  25. Network interface дегеніміз не?

  26. Macromedia Flash бағдарламасы туралы жалпы түсінік.

  27. Macromedia Flash-тың құралдар тақталарына сипаттама.

  28. Macromedia Flash-та қарапайым анимацияларды құру.

Глосарий

Аймақтық, интранет (региональный – Metropolitan Area Network MAN) - бір қала, аудан, мемлекет ішіндегі біртектес мекемелер компьютерлерін біріктіреді. Бұлар бір мекемеге, ұйымға немесе министрлікке кіретін жабық желілер, мысалы, қорғаныс министрлігінің, мұнай компанияларының ішкі желісі.

Ауқымды, ғаламдық (глобальные – Wide Area Network, WAN) - бірнеше мемлекетті, континенттерді немесе бүкіл әлемді қамтитын ашық желі түрі.

Бір деңгейлі компьютерлер желісі (біррангылы) - мұнда желіні басқаруда барлық компьютерлер тең құқықты болып саналады. Басқаша айтсақ, кез келген компьютер мәлімет алмасу үшін бір-бірімен сәйкес келетін программалармен жабдықталған. Олардың барлығы да желіні кезектесіп басқару ісіне араласа алады.

Бір орталықтан басқарылатын желі, мұнда бір компьютер-сервер желі жұмысын басқарады. Жергілікті желілер көбінесе бір сервер арқылы басқарылады.

Гипермәтін - қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (аnchor) орналасқан мәтін.

Десте (Пакет-Раскet) дегеніміз - желі арқылы тасымалданатын хабарламалардың базалық бірлігі. Пакеттер көлемі шағын болады, олардың әрқайсысы жеке жөнелтіліп, адреспен және де басқа қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіледі (қателерді тексеру кодтары, т.с.с).

Желі сервері - бұл желіге қосылған және желіні қолданушыларға белгілі бір қызмет жасайтын, мысалы ортақ қолданылатын мәліметтерді сақтау, баспаға беру, мәліметтер базасын басқару жүйесіне (МББЖ) деген сұранысты өңдеу, т.б. жүмыстарды атқаратын компьютер.

Жергілікті (локальный – Local Area Network, LAN) - бір мекеменің ғимараты көлеміндегі немесе жақын тұрған ғимараттарда орналасқан компьютерлер жабық желісі. Мұндай желіге 10-20 шамасында компьютерлер біріктіріледі (ара қашықтықтары 10 км-ға дейін).

Жол - соңғысында қажетті файл сақталған бумалар мен ішкі бумалардың тізбегі. Бумалардың атаулары бір-бірінен қиғаш сызық арқылы бөлініп жазылады.

Жұлдыз топологиясы бойынша орталық түйінді кейде мультиплексор, көп портты қайталауыш немесе шоғырлауыш деп атайды. Оған жүмыс станцияларының арасында байланыс жасау міндеті жүктелген. Бұзылған түйінді желінің кұрамынан шығарып тастау мүмкіндігі осы қүрылымның ыңғайлы жағы болып табылады. Бірақ, егер орталық түйін бұзылса, онда барлық желі жүмыс істей алмайды.

Интернет - бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі, ол хаттама деп аталатын бірыңғай стандартпен жұмыс істейді.

Интерфейс - төменгі деңгейдің жоғарғы деңгейге бере алатын функциялар жиыны.

Клиент - сервер қызметін пайдалана алатын кез келген компьютер.

Сервер - сыртқы жады көлемі өте үлкен, жұмыс өнімділігі жоғары компьютер. Ол бірігіп пайдаланылатын бағасы қымбат ресурстарды басқару арқылы басқа компьютерлерге қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Сервер адресі - мәліметтер сақталған компьютердің домендік атауы.

СSS – Cascading Style Sheets (Стильдердің сатылы кестелері) – гипермәтіндік мәліметтер мазмұнын олардың экрандағы бейнелену формасынан бөліп орындауға мүмкіндік беретін кұрал болып табылады.

Теlnet - компьютердің желідегі басқа компьютердің терминалы ретінде тіркелетін қызмет түрі болып табылады. Қашықтағы компьютерден программаларды іске қосып, оқу орындарының кітапханаларын көріп, олармен өз компьютеріміздегідей жұмыс істеуге мүмкіндік береді (өңдеу және түзету әрекеттерімен қоса).

Файл атауы - өзіміз іздеп отырған файлдың аты. Оның кеңейтілуі, мысалы web-парақтар үшін - html, ғылыми мақалалар сақталған файлдар үшін - pdf, т.с.с. болады.

Файлдық сервер - желіні қолданушылардың мәліметтерін сақтайтын және осы мәліметтермен олардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін компьютер. Осыған орай бұл компьютерде үлкен дискілік кеңістік болады. Файлдық сервер пайдаланушылардың мәліметтерді бір уақытта қолдануын қамтамасыз етеді.

Факс-сервер - жергілікті желіні пайдаланушыларды қарапайым және факсимильді мәліметтермен қамтамасыз етуді іске асыратын құрылғы немесе компьютер.

Физикалык стиль деп каріптің түрленуі жайлы броузерге берілетін нақты нұсқауларды айтады. Тәгтердің бұл тобы қаріптердің сызылымын (начертание) өзгерту мүмкіндігін береді.

Хаттама - адрестің алғашқы бөлігі, ол адрестің басқа бөліктерінен қос нүкте және екі қиғаш сызықпен (://) ажыраты-лып жазылады. Қатынас құру әдісі http, ftp түрінде берілуі мүмкін.

Хаттама дегеніміз - желідегі компьютерлер арасында байланысты қамтамасыз ететін ережелер мен стандарттар жиыны.

Хаттамалар стегі (тізімі) - бұл жүйелерді байланыстыруды ұйымдастыруға қажетті әр түрлі деңгейдегі хаттамалар жиыны.

Хост (host - ағылшын тілінен аударғанда «қонақтарды қабылдайтын қожайын» деген мағынаны білдіреді) - «клиент-сервер» ортасының сервер режимінде кез келген бір қызметтер түрін көрсететін құрылғы. Көп жағдайда хост ретінде жергілікті немесе ауқымды желіге қосылған сервер-компьютер қарастырылады

Шиналық топология - ең арзан түрі, бірақ бір байланыс арнасы істен шықса, желі жұмысы бұзылады. Оның үстіне, бір мезетте бір ғана арна арқылы бірнеше компьютердің мәлімет алмасуы үшін арнайы программалық жабдықтама жасалуы керек.

Шлюз - мәлімет алмасудың әр түрлі хаттамаларын қолданатын, әр түрлі желі обьектілері арасындағы мәлімет алмасуды ұйымдастыратын құрылғы.

ІRС (Интернет Relay Chat- ) Интернет арқылы тікелей хабарласу немесе чат) - мұнда мәлімет алмасу нақты уақытта тікелей жүргізіледі.

ІР-телефония - бұл Интернетті немесе кез келген ІР-желісі арқылы телефонмен сөйлесу технологиясы.

ІСQ (I seek you- мен сені іздеймін) - желі тұтынушыларына нақты уақыт кезеңінде (масштабында) хат-хабарлармен алмасып, бірден чат (сһаt - әңгіме) құрып, файл жіберіп, әңгімелесуге мүмкіндік беретін қызмет түрі.

SМТР (Simple Mail Transfer Protocol) - электрондық поштаның арнайы (Е-таі1) хаттамасы. Электрондық пошта SМТР, РОРЗ сияқты екі хаттама арқылы жұмыс атқарады. Алғашқысы мәлімет ішінде гиперсілтеме қолдануға мүмкіндік береді, ол хаттарды жақын жердегі серверге жөнелтеді, ал РОРЗ - мәлімет алушы маңындағы серверге келіп түскен ақпаратты керекті компьютерге жіберуді қамтамасыз етеді.

Usenet - желі бойынша таралып орналасқан пікір таластыру клубы, телеконференциялар, жаңалықтар тобы (News).

Wеb технологиялар дегеніміз - ақпаратпен жұмыс жасау концепциясы. Компьютерлік желілер Wеb технологиялардың техникалық негізі болып табылады.

Wеb-парақ - бұл Бүкіләлемдік өрмектің ең кіші логикалық бірлігі, қайталанбас URL арқылы идентификацияланған құжат, экрандағы құжаттың бір беті.

Wеb-сайт - бір серверде орналасқан, ұқсас тақырыптар бойынша топтастырылған, жеке тұлғаның немесе мекеменің web -парақтары жиыны.

Web-құжат дегеніміз-  тэгтермен толықтырылған мәтіндік файл.

WWW (World Wide Web - дүниежүзілік өрмек) - Интернеттегі гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі, оны Web деп те айта береді.