Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алдабергенова ИСС411 Ик 412 Силлабус Web_технологии 2015_16 уч год++.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.49 Mб
Скачать

Тақырып. Анимациялар құру

Жоспар:

  1. Кадр бойынша анимация

  2. Кадрларды толтыру арқылы анимация

Кілттік сөздер: объектілер, символдар, даналар

Иллюстрациялық материал: слайд, оқытушы бағдарлама

Macromedia Flash-та кадр бойынша және есептегіш(расчетный) анимацияларды құруға болады. кадр бойынша анимацияларды бірінен кейін бірін орналастыра отырып, өзіңіз қолымен салыңыз. Бұндай тәсіл киностудияда мультфльмді құрған кезде қолданылады. Егер программаға gif типті анимациялық файлдф импорттайтын болсақ, онда оның анимациясы да кадр бойынша болады. ал, есептегіш анимацияда тек қана бастапқы және соңғы кадрдағы бейне анықтайды. Бұл кезде программа аралық кадрларды автоматты трде қолданылады. Бұндай анимация 2 түрлі болады: қозғалыс және форма анимациясы.

Қозғалыс анимациясында бірінші кадр үшін объектінің орны, өлшемі және бұрылуы беріледі. Содан кейін соңғы кадр үшін осы қасиеттер жаңа мәнмен беріледі. Ал, форма анимациясында бірінші кадр үшін фигура салынады, ал соңғы кадр фигура формасы өзгереді. Осыған байланысты Macromedia Flash-та кадрлар 2 түрлі болады:

  1. кілттік кадр;

  2. әдеттегі кадр.

Кілттік кадрда анимацияның өзгеруі беріледі. Яғни, бұндай кадрлармен кез келген анимация басталады және аяқталады. Есептеуіш анимацияда кілттік кадрларды тек қана фильмнің негізгі нүктесінде анықтаңыз. Ал, кадр бойынша аниамцияда барлық кадрлар кілттік кадр болып таблады. Кілттік кадр уақыт шкаласында кішкентай дөңгелекпен беріледі.

Әдеттегі кадр дөңгелегі жоқ төрбұрышпен белгіленеді және өзінің алдындағы кілттік кадрмен толтырылады. Егер кадр бос болса, онда ақ түспен, әйтпесе сұр түспен белгіленеді.

Анимацияның көмегімен салынған бір бейнені екінші бейнеге жайлап айналдыруға арналған фильмді құруға болады. трансформация процесін біртіндеп ауысу арқылы жасау үшін формалар идентификаторларын пайдалану керек. Форма анимациясы эталондар экземплярларларына, мәтіндік блоктарға және топтағы объектілерге жүрмейді, ол үшін оларды алдын ала топтап шығарып алу керек.

Бір бейнені екінші бейнеге жайлап айналдыру анимациясы дұрыс жүргізілмесе, форма идентификаторын пайдалану керек. Идентификатор 2 кадр арасындағы бейненің біртіндеп ауысуды дәлме-дәл береді. Идентификатордың жалпы саны 26. Ол латын алфавитінің әріптерімен сәйкес келеді. Бастапқы және соңғы кілттік кадрлардағы идентификаторлардың реті бірдей болу керек:

    1. 1-ші кадрды белгілеп, Изменить фигура→Добавить совет формы(Modify Shape→ Add Shape Hint) немесе Ctrl+Shift+H батырмаларын бассақ, бірінші бейнеде бастапқы идентификатор пайда болады. Идентификаторды қажетті орынға орналастырамыз;

    2. Соңғы кадрға барып, аяққы идентификаторды сәйкес орынға орналастырамыз; файлды сақтаймыз.

Кадрленген анимация – фильмде орын алатын қозғалыс және басқа да әрекеттер имитациясының негізгі жолы.

Кілттік кадрлар. Кілттік деп фильмді жасаушы анимацияланған бейнені ауыстыру жүргізетін кадрды айтады. Кадрленген анимацияда тек қана кілттік кадрларды жасау керек, олар уақыт диаграммасының базалық нүктелері болады, ал аралық кадрларды Flash автоматты түрде өзі жасайды.

Егер уақыт диаграммасы экранда болмаса, онда View (Түр) → Timeline (Уақыт диаграммасы) командасын таңдаңыз.

Кілттік кадрлар уақыт диаграммасында кішкентай шеңбер түрінде беріледі; боялған – егер кадр құрамында графика болса, бос – егер график болмаса.

14, 15-дәріс