Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алдабергенова ИСС411 Ик 412 Силлабус Web_технологии 2015_16 уч год++.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.49 Mб
Скачать

Тақырып. Macromedia Flash бағдарламасы туралы жалпы түсінік. Бағдарлама интерфейсі.

Жоспар:

  1. Macromedia Flash бағдарламасы туралы жалпы түсінік

  2. Бағдарлама интерфейсі.

Кілттік сөздер: флеш-технология, уақыттық шкала, кадр.

Иллюстрациялық материал: слайд, оқытушы бағдарлама

Macromedia Flash бағдарламасы ерекше жан-жақты болып табылады. Бірінші рет танысқанда жай ғана Web беттерін жасауға арналған векторлық графикалық бағдарламаға ұқсайды. Бірақ оның мүмкіндіктері өте мол. Бұл мультимедиялық интерактивті өнім шығаратын орта. Жай ғана Web беттеріне арналған суреттер мен анимациялардан басқа, күрделі және сапасы жағынан жоғары бейне сапасы бар мультфильмдер жасауға мүмкіндік береді. Анимациялар жасаумен қатар Macromedia Flash бағдарламасы ең мықты базалық программалау тілі Action Script тілімен күшейтілген. Бұл тіл Java Script программалау тілі негізінде құрылған, бірақ Action Script тілінің артықшылығы XML, HTML және т.б. тілдермен жеңіл байланыс құрастыруға болады.

Macromedia Flash бағдарламасы клиенттік интерфейс және Web беттер құрамындағы элементтерді(графикалық бейне, дыбыс, диаграмма және т.б.) жеңіл бейнелейді. Сонымен, Macromedia Flash бағдарламасы әр салалы бағдарламалардың жиыны яғни гибрид бағдарлама деп аталады.

Біз, Macromedia Flash бағдарламасының негізгі мүмкіншіліктерінің екі жағын қарастырдық. Олар анимациялық-көркемдеу және бағдарламалау жақтары.

Бейнелерді анимациялаудың басқа векторлық анимация жасайтын бағдарламалардан артықшылығы өте көп. Әртүрлі растрлық бейнелерді векторлық форматқа айналдырып, әр кадрға сақтайды. Жай осындай операцияның артықшылығы жадыда бірнеше есе аз орын алып тұрады. Яғни, бұл дегеніміз компьютердің ресурсын аз талап етеді және Internet –ке қосылғанда тез жүктеледі. Осындай артықшылықтары программистер арасында өте аз уақыт арасында қолдау тапты.

Ал программалау жағына тоқталсақ, ол ең соңғы программалау модельдерінің жақсы және тиімді мүмкіншіліктері мен процедуралары құрамына енген.

Macromedia Flash программасының жалпы интерфейсі суретте көрсетілген.

Macromedia Flash терезесі

  1. Меню жолы

  2. Негізгі құралдар тақтасы

  3. Сурет салу құралдар тақтасы

  4. Контроллер

  5. Уақыттық шкала

  6. Жұмыс алаңы

  7. Launcher тақтасы

  8. Қалып күй жолы

Бұл Macromedia Flash бағдарламасы алғаш жүктелгенде пайда болатын терезе.

12-дәріс

Тақырып. Macromedia Flash –тың саймандар тақтасы.

Жоспар:

  1. Саймандар тақтасының құралдары.

  2. Панельдермен жұмыс

Кілттік сөздер: объектілер, символдар, даналар

Иллюстрациялық материал: слайд, оқытушы бағдарлама

Жоғарыда аталған элементтердің ішіндегі Launcher тақтасына толығырақ тоқталайық. Launcher тақтасын таңдаған кезде келесі қосымша терезелер ашылады.

Бұл тақта құрамына келесі терезелер кіреді:

  1. Info, Transform, Stroke, Fill – объектінің сыртқы пішіні және орналасу аймағы көрсетіледі;

  2. Mixer, Swatches – объект түстерін басқару;

  3. Character, Paragraph, Text Options – объектідегі мәтін параметрларын орнату;

  4. Instanse, Effect, Frame, Sound – кадрлар арасындағы өту эффектілерін және дыбысты басқару;

  5. ObjectActions, MovieExplorer – объектіні программалау терезесі;

  6. Library – кітапхана.

Қосымша терезелер қызметі негізгі терезелермен тепе-тең. Жоба жасау үшін тек қана құралдар тақтасын қолдану жеткілікті емес, сонымен қатар дизайнер-программистің өз идеясы болуы керек. Сонда ғана ол Macromedia Flash бағдарламасының мүмкіндіктерін толық біле алады.

13-дәріс