- •Физика-математика факультеті Ақпараттық технологиялар кафедрасы
- •Физика-математика факультеті Ақпараттық технологиялар кафедрасы
- •Түсініктеме
- •Практикалық сабақтар тізімі
- •Соөж -ге арналған тақырыптар тізімі
- •Әдебиеттер тізімі
- •Физика-математика факультеті Ақпараттық технологиялар кафедрасы
- •Оқытушы туралы мәлімет Алдабергенова Айгүл Оңалбекқызы – ақпараттық технологиялар кафедрасының доценті, п.Ғ.К. (№2 корпус, 316 аудитория, тел: 87023869593, e-mail: Aigul_ao @)mail.Ru)
- •Бағалау саясаты
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Зертханалық (практикалық) жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •Зертханалық жұмыс №3. Қарапайым html файлын жасау. Экрандағы мәтіннің түрін өзгерту.
- •Тапсырма. Экрандағы мәтіннің орналасу түрін өзгерту
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Бақылау—өлшем құралдары
- •Глосарий
- •Дәрістік кешен
- •Тақырып. Html тілі және оның негізі
- •Тақырып. Web –графика.
- •Тақырып. Кестелермен және фреймдермен жұмыс Жоспар:
- •Жоспар:
- •Тақырып. Macromedia Flash бағдарламасы туралы жалпы түсінік. Бағдарлама интерфейсі.
- •Тақырып. Macromedia Flash –тың саймандар тақтасы.
- •Тақырып. Анимациялар құру
- •Тақырып. Web құжаттарды бағдарламалау. ActionScript тілі Жоспар:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Оқу сабақтарының программалық және мультимедиалық тізімі
- •Арнайы аудиториялар, кабинеттер, зертханалардың тізімі
Жоспар:
Компоненттерді қолдану.
Web-сайтта іздестіру
Кілттік сөздер: компонент, баннер, анимация
Иллюстрациялық материал: слайд
Front Page-дің компонентерін қолдану. FrontPage-де объектілерді генерациялайтын, параққа және бүкіл Web-ке динамикалық көрініс беретін компоненттер бар. компоненттердің барлық түрлері Insert/Component мәзірінде орналасады. Бұл компоненттерге WebBots компоненттерінің тобы кіреді. WebBots – бұл FrontPage үшін CGI (Common Gateway Interface) сценарийлерінің нұсқаулары-сервердегі процестер үшін ортақ есім, ол бағдарламалардың мүмкіндіктерін кеңейтеді. Insert/Component мәзірінің командалар тізімін берейік.
Banner Ad Manager суреттердің анимациялық эффекті болып келетін баннер жасайды. Баннердің реттемесі тышқанды екі рет сырт еткізу арқылы шақырылатын Banner Ad Manager Propeties диалогтық терезесінде орындалады. Мұнда тағы анимациялық эффектілерде де беруге болады.
Hit Counter парақтың қонақтарының санын көрсететін объектіні жасайды. Бұл компонент серверде жүктелген FrontPage Server Extensions кезінде жұмыс істейді. Осы және келесі басқа компоненттердің реттемелері Propeties сөзі қосылған диалогтық терезелерде анықталады және тышқанды екі рет сырт еткізу арқылы немесе жергілікті мәзір арқылы шақырылады. Санағыштың көрсеткіштерін оның ркттемесі арқылы нөлге теңестіруге болады.
Hover Button басқа құжатқа көшу батырмасы сияқты объект жасайды. Батырма әр түрлі түстерде және оған тышқанды апарғанда өзгеретін әр түрлі эффектерді қолдана алады.
Marquee жүгіру қатарын генерациялайды. Жүгірудің бағытын, түсін, әріпін және басқа атрибуттарын реттемеде беруге болады.
Include Page сіз URL-дің көмегімен сілтене алатын кез келген парақтың мазмұнын FrontPage-де және браузерде шығара алатын объектіні жасайды. Бірақ сіз htm кеңейтілуі жоқ файлдарды немесе активтендірілген сайтқа кірмейтін файлдарды қарай алмайсыз.
Scheduled Image-Include Page сияқты, бірақ бұл бейнелер үшін және бастапқы және соңғы мерзімімен. Ол сіздің сайтыңызда кез келген, сіз URL-ын енгізген бейнені браузерде шығара алады. Бейне көрсетілген уақыт ағымында шығарылады, сонымен қатар сізге белгілі бір уақыт аралығынан кейін және оған дейін қай бейне шығатынын беруге мүмкіндік береді.
Scheduled Include Page-Include Page-ге тура ұқсайды, бірақ ол да Scheduled Image сияқты бастапқы және соңғы мерзімді сақтайды.
ізделінді сөздері бар парақтардың тізімін жаса берілген конфиграциялық айналымның мәнін FrontPage-де және браузерде бейнелейтін объект. Егер айналымның әлі мәні болмаса, онда FrontPage-де сіз тік жақшалардың ішінде оның атын көресіз, ал браузерде ештеңе болмайды.
Search From Search for мәтінінің енгізу, Start Search және Clear батырмаларының түрін шығаратын объектіні жасайды.
Table of Contents браузерде берілген Web-тің барлық парақтарының (жасырын бумалардан басқа) автоматты түрде жасалған тізімін шығаратын, бірақ FrontPage-де тек қана ортақ тақырыпшаны шығаратын объектіні жасайды.
Include Page және тағы басқа соңғы компоненттер WebBots-тің компоненттері болып табылады.
Web-сайтта іздестіру. Іздеу механизмі керек ақпаратты алудың жеңіл әдісін береді және әр гиперсілтемелер бойынша саяхат жасаудан арылтады. Іздеу парағына қолданушы таңдау критерийлерін анықтап береді және Web-парақ түрінде нәтиже алады, соның негізінде өзіне қажет құжатты таңдап алады.
Іздеу механизмін таңдау интратораптың өлшеміне және өсу потенциялына байланысты. Егер ол тек қана бір серверден құралса, онда WebBot Search-ты қолданған ыңғайлы. Search From реттемелерін қолданаотырып сіздің істей алатын және істей алмайтын мүмкіндіктеріңіз мыналар:
сіз батырмалар мен енгізу өрістерінің жазуларын өзгерте аласыз, бірақ батырмалар мен өрістерді қоса алмайсыз;
сіз барлық директориялардын дерек іздей аласыз, бірақ іздеуді бір-екі бумамен шектей алмайсыз;
сіз іздеудің нәтижелеріне файл өлшемін, файлдың жасалған мерзімін қоса аласыз, бірақ басқа мәліметерді қоса алмайсыз немесе нәтижелерді форматтай алмайсыз.
9-дәріс
Тақырып. Фреймдер құру және Web-ті қарау режимдері
Жоспар:
Фреймдермен жұмыс
Web-парақтарын көрсетуді басқару.
Кілттік сөздер: фрейм, фреймсет
Иллюстрациялық материал: слайд.
Фреймдер (Frames/Рамки) – бұл Web-парақтарда басқа парақтар немесе бейнелер рәсімделетін тік бұрышты аймақ. Фреймдерді әртүрлі тәсілдермен қолдануға болады, оларды қолдану аймағы сіздің қалауыңыз бойынша ғана шектеледі. Фреймдер парақтың құрылымының бір бөлігі тұрақты, ал екінші бөлігі өзгерісте болуы қажет болған жағдайда қолданылады. Фреймдерді қолданудың кең тараған түрі – жоғарғы бөлігінде компанияның логотипі, ал қалған бөлігінде жаңалықтар панелі және сайттың ағымдағы аймағының ақпараттық бөлігі орналасқан парақтар.
Фреймдерді қолданудың келесі түріне өнімдер тізімі жатады: тізімнің өзі парақтың сол жақ фреймінде жазылады да, әрбір өнімге түсініктеме оң жақ фреймде орналасады. Өнімдер тізімі әр уақытта экранда көрініп тұруы қажет болғандықтан сол жақ фреймнің мазмұны өзгеріссіз қалады, ал оң жақ фреймнің мазмұны таңдалынған өнімге сәйкес өзгеріп отырады. Сіз сол жақтағы сілтеменің кез келгенін негізгі фрейммен (target frame) байланыстыра аласыз. Берілген жағдайда ол бірінші фрейм болып табылады. Қолданушы сол жақ фреймдегі сілтемені шерткен уақытта оң жақтағы негізгі фреймде өнімге сәйкес web-парақ ашылады. Мысалы, төменде үш фреймнен тұратын парақ «конструктор» режимінде көрсетілген:
Үш фреймнен тұратын Web-парақ
Фреймсеттер (Frameset) – парақтың құрамындағы фреймдері жайлы ақпаратты қамтитын жеке парақ. Бұл ақпарат сәйкес файлдардың браузерге жүктелуі үшін серверге жіберіледі. Алдыңғы мысалдан, экраннан бір мезетте үш парақты тамашалауға болады. Енді тағы да бір парақ – фреймсетті қосатын болсаңыз, онда мұндай көрсетілім үшін төрт парақ қажет болады. Яғни, мұндай парақты экранға шығару үшін браузердің серверге төрт рет қатынауы қажет болады. Сондықтан да, парақтағы фреймдер санын шектеп отыру қажет.
Web-парақтарын көрсетуді басқару. Көрсеткі мүмкіндіктерін қарапайым түрде басқару Түр (Вид) мәзірі арқылы орындалады. Бұл мәзір командаларының алғашқы тобы Internet Explorer терезесінің сыртқы түрін өзгерте алады, олар аспаптар тақтасының, қалып қатарының және қосымша тақталардың бейнеленуін басқарып отырады.
Қаріптер (Шрифты) командасы Web–парақтарының қаріп түрлерін, олардың мөлшерін және қолданылатын символдардың кодталуын өзгерте алады.Соңғы мүмкіндік әр түрлі тілдерде жазылған құжаттардың дұрыс бейнеленуін қамтамасыз етеді.
Тоқтату (Остановить) және Жаңарту (Обновить) командалары экранда ашық тұрған Web-парағына қатысты орындалады, бұл екеуінің алғашқысы – парақтың жүктелуін доғарса, соңғысы – оны қайталап жүктеу ісін орындайды, өйткені бұл құжатты оқығаннан бері ол өзгертілуі мүмкін, сондықтан оның өзгертілген нұсқасын қайталап жүктеу ісін орындаған абзал.
HTML түрінде (В виде HTML) командасы HTML кодын көру ісін атқарады. Кез келген Web-парағының ішкі мазмұны HTML атты арнаулы тілде жазылған. Браузерлер Web-парағын экранда осы тілдің кодтары арқылы жазылған бастапқы мәтінге сәйкес бейнелейді. Internet Explorer көрсеткісі тек Web-парағын бейнелеуді ғана емес, оның кодтарын да қарауға мүмкіндік береді. Ол біліміңді ары қарай жетілдіру мақсатында бағдарламалау мен дизайн жасау кезеңінде кәдеге жарап, өз қолыңызбен жасалған парақтардың неге әр түрлі күйде бейнеленуін түсіну үшін қажет болады.
Толық экранға (Во весь экран) қатары көрсеткі бағдарламасын толық экранды режимге көшіріп, оның парағын экранға толық бейнелейтін күйге жеткізеді (мәзір жолы, аспаптар тақтасы көрсетілмейді). Бұл мүмкіндік қазіргі кездегі әр түрлі бейнелерді жасайтын мамандар үшін керек.
Аспаптар тақтасы мен мәзір қатарындағы басқару элементтерінің көптігіне қарамастан, көрсеткі бағдарламасының параметрлерін өзгерту мүмкіндігі шектеулі. Параметрлерді толық масштабты баптаудан өткізу үшін арнайы Түр - Көрсеткі қасиеттері (Вид – Свойства обозревателя) командасын пайдалану қажет.
Темір жол желісінде әртүрлі қызмет баптары жұмыс істегені сияқты Internet -те де сондай бірнеше қызмет түрлері бар. Олар - World Wide Web деп аталатын дүниежүзілік тармақталған өрмек, яғни желі, оны WWW немесе Web деп те айта береді, электрондық почта (E-mail), Internet News (Usenet) - Интернеттік жаңалықтар жүйесі, FTP, Copher, Internet Talk Radio, Internet Relay Chart (IRC), Telnet және тағы басқалары. Бұлардың ішіндегі ең жиі қолданылатындары - алғашқы үшеуі.
10, 11-дәріс
