Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_537.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
763.9 Кб
Скачать

Қазақ әдебиеті

1. Әбу Насыр әл-Фарабидің кім екенін анықтаңыз.

A) Данышпан, саяхатшы, архитектор.

B) Философ, зерттеуші, драматург.

C) Энциклопедист ғалым, билеуші.

D) Ғалым, ақын, әдебиетші.

E) Әдебиетші, композитор, қолбасы.

2. Қобыландының алғаш рет жекпе-жекке шыққан батырын анықтаңыз.

A) Қараман.

B) Алшағыр.

C) Қызыл ер.

D) Көктім Аймақ.

E) Орақ.

3. Шалкиіз:

Бір жақсымен дос болсаң,

Азбас-тозбас мүлкі етер.

Бір жаманмен дос болсаң,

Жімле ғаламға күлкі етер, - деп қандай мәселені қозғағандығын анықтаңыз.

A) Ерлік, бірлік.

B) Достық, жолдастық.

C) Тыныштық.

D) Сақтық.

E) Ел қорғау.

4. «Дүниеде не болып жатқанынан хабарсыз, аулынан адым жер шығып көрмеген, аң сықылды жайылған қазақ біздің неғып мұндай күйге түскенімізді қайдан білсін …»

“Ақбілек’’ романынан алынған үзінді кімнің сөзі екенін белгілеңіз.

A) Мамырбай.

B) Орыс офицері.

C) Балташ.

D) Бекболат.

E) Мұқаш.

5. Жамбылдың өз баласына арнаған өлеңін табыңыз.

A) “Өмір жыры”.

B) “Ақынға”.

C) “Алғадай туралы әрбір ой”.

D) “Ленинградтық өренім”.

E) “Шағым”.

6. Ғ. Мүсіреповтің поэмасын табыңыз.

A) «Сұлушаш».

B) «Құлагер».

C) «Еңлік – Кебек».

D) «Көкшетау».

E) «Кездеспей кеткен бір бейне».

7. Жиренше:

’’Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?’’-деген сөзді кімнің атынан айтқанын анықтаңыз.

A) Қаңбақ.

B) Хан.

C) Жиренше.

D) Жұрт.

E) Нөкері.

8. К.Ушинскийдің «Родное слово» кітабына сүйене құрастырылған С.Көбеев еңбегін табыңыз.

A) «Үлгілі тәржімә».

B) «Тіл-құрал».

C) «Қазақ хрестоматиясы».

D) «Үлгілі бала».

E) «Қирағат кітабы».

9. Абайдың Лермонтовтан аударған мысалдарын анықтаңыз.

A) «Піл мен канден».

B) «Евгений Онегин».

C) «Теректің сыйы».

D) «Бақа мен өгіз».

E) «Шегіртке мен құмырсқа».

10. Ақан серінің өлеңдерін табыңыз.

A) ’’Жайықтың ақ түлкісі аралдағы’’, ’’Ақ көйлек’’.

B) ’’Сұлу’’, ’’Үш түлкі’’.

C) ’’Бостандық’’.

D) ’’Жаз’’, ’’Қыс’’.

E) ’’Бірінші Назым’’, ’’Терме’’.

11. С.Сейфуллиннің 1914 жылы Қазандағы «Матбуғат Кәримия» баспасынан шыққан жинағын белгілеңіз.

A) «Тұрмыс толқынында».

B) «Экспресс».

C) «Домбыра».

D) «Асау тұлпар».

E) «Өткен күндер».

12. ’’Шығыс ұлына хат’’ кімнің туындысы екенін анықтаңыз.

A) Б.Бұлқышев.

B) Ә.Тәжібаев.

C) Қ.Мырзалиев.

D) Т.Молдағалиев.

E) Ф.Оңғарсынова.

13. "Өскен өркен" романының авторын табыңыз.

A) М.Әуезов.

B) С.Мұқанов.

C) Ғ.Мұстафин.

D) Ғ.Мүсірепов.

E) І.Есенберлин.

14. Ғ.Мұстафиннің өндіріс тақырыбына арналған шығармасын табыңыз.

A) ’’Ер Шойын’’.

B) ’’Шығанақ’’.

C) ’’Сәрсен мен Боқаш’’.

D) ’’Қарағанды’’.

E) ’’Қан’’.

15. Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген өлеңінің композициясын анықтаңыз.

A) Қаусырмалы композиция.

B) Ілгерінді-кейінді аттап суреттеу.

C) Мезгіл мен іс-әрекетті бастан аяқ ретімен бұлжытпай беру.

D) Айналмалы ретпен суреттеу.

E) Ретсіз жүретін ауыспалы композиция.

16. Желп-желп еткен ала ту,

Жиырып алар күн қайда.

Орама мылтық тарс ұрып,

Жауға аттанар күн қайда? (Махамбет)

ұйқастың түрін анықтаңыз.

A) Шалыс ұйқас.

B) Кезекті ұйқас.

C) Қара өлең ұйқасы.

D) Ерікті ұйқас.

E) Егіз ұйқас.

17. Ж.Нәжімеденовтің романын көрсетіңіз.

A) «Қарағанды».

B) «Қызыл жебе».

C) «Қан мен тер».

D) «Даңқ пен дақпырт».

E) «Соңғы көш».

18. Төлеген Айбергеновтің болашақ өмірінің мақсаты мен арманын көрсететін өлеңін белгілеңіз.

A) «Сағыныш»

B) «Бір тойым бар»

C) «Ана»

D) «Аруана – бауыр дүние»

E) «Апаларым»

19. Қабдеш Жұмаділовтің романын анықтаңыз.

A) «Соңғы көш».

B) «Сарыжайлау».

C) «Сәйгүліктер».

D) «Қозыкүрең».

E) «Сарышымшық».

20. Үкілі Ыбырайдың өлеңге айналдырып жатқа айтқан қисса-дастанын атаңыз.

A) «Көрұғлы»

B) «Ләйлі – Мәжнүн»

C) «Мың бір түн»

D) «Қобыланды батыр»

E) «Мұңлық – Зарлық»

21. М.Жұмабаевтың қаламынан тумаған туындыны көрсетіңіз.

A) ’’Батыр Баян’’.

B) ’’Қойлыбайдың қобызы’’.

C) ’’Бикеш’’.

D) ’’Жүсіпхан’’.

E) ’’Қорқыт’’.

22. І.Жансүгіров кездескен ақын, сазгер, әнші азаматтың есімін белгілеңіз.

A) Әсет Найманбаев.

B) Біржан сал.

C) Балуан Шолақ.

D) Қобызшы Молықбай.

E) Ақан сері.

23. Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың,

Есіңе ал, дұғаңа мен ынтызармын,

Қош, сау бол, ойнап-күліп жолығармыз,

Астында ақ туының пайғамбардың! … - деген хаттың авторын атаңыз.

A) Жамалдың қоштасу хаты.

B) Ғайшаның Қожашқа айтқан сөзі.

C) Алтайдың Сұлушашқа арнауы.

D) Шұғаның өлерде жазған хаты.

E) Қамардың хал үстіндегі қоштасуы.

24. Қасым Аманжоловтың Абайдың «Сегіз аяқ өлеңіне» еліктеп жазған өлеңін анықтаңыз.

A) «Хантәңірі».

B) «Толғау».

C) «Шықтым өмір шыңына».

D) «Сәбитке».

E) «Күлемін де жылаймын».

25. «Сұлушаш» поэмасында тереңірек суреттелген негізгі мәселені табыңыз.

A) Өмір мәні.

B) Әлдінің озбырлығы.

C) Тылсым табиғат ерекшелігі.

D) Адамдардың бас бостандығының жоқтығы.

E) Табиғат пен адамның байланысы.

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]