Дүние жүзі тарихы
1. ХІ-ХІІІ ғғ. Жапонияда әлсіреген императорлық биліктің орнына келген топ: A) самурайлар B) микадо C) сегун D) буси E) даймё |
2. Қытайдағы маньчжур мемлекеті A) Суй B) Мин C) Тан D) Юань E) Цин |
3. I Наполеонның соңғы шайқасы болған жер: A) Бородино. B) Лейпциг. C) Фридланд. D) Ватерлоо. E) Аустерлиц. |
4. Баварияда Кеңес өкіметі өмір сүрген мерзім: A) 3 апта B) 6 апта C) 2 ай D) 70 күн E) 1 жыл |
5. 1941 жылы Мәскеуді қорғауда ерлік көрсеткен Қазақстандық дивизия: A) 316 атқыштар дивизиясы. B) 72 дивизия. C) 34 дивизия. D) 14 дивизия. E) 516 атқыштар дивизиясы. |
6. Ауғанстанға кеңес әскерлерінің енген жылы: A) 1975 ж. B) 1979 ж. C) 1978 ж. D) 1980 ж. E) 1977 ж. |
7. Б.з.б. 1792-1750 жж. билік құрған Вавилон патшасы: A) Хаммурапи B) Шаруккин C) Нарамсин D) Шульги E) Навуходоносор |
8. Б.з.б. 325 ж. Александр Македонский құрған империяның астанасы: A) Александрия B) Вавилон C) Афины D) Мемфис E) Пелла |
9. Ұлы Карл империясы кезінде кітап жазу үшін пайдаланған зат: A) Папирус. B) Бамбук. C) Мата. D) Қағаз. E) Пергамент. |
10. Арабтар 711 жылы жаулап ала бастаған ел: A) Испания. B) Иран. C) Ауғанстан. D) Сирия. E) Үндістан. |
11. Орта ғасырларда Чехия мен Польшада пайда болған сословиелік өкілдер органы: A) Парламент B) Кортес C) Конгресс D) Сейм E) Бас штаттар |
12. ХVІІ-ХVІІІ ғғ. Англияда «мемлекет ішіндегі мемлекет» атанған ерекше құрылым: A) Кюльман компаниясы B) Ливерпуль кабинеті C) Ұлттық финанс орталығы D) Ост-Үнді компаниясы E) Ағылшын банкі |
13. А. Линкольнның АҚШ президенті болып сайланған жылы: A) 1841 ж. B) 1854 ж. C) 1860 ж. D) 1870 ж. E) 1878 ж. |
14. «Біріккен одақ» бағдарламасының негізі: A) Сунь Ятсеннің – Үш халықтық принципі B) Кан Ювейдің реформалары C) «Ашық есік» саясатының принциптері D) Юань Шикайдың жобасы E) «Өзін-өзі күшейту» саясаты |
15. Коперниктің көзқарастарын бөліскен ғалым A) Г.Галилей B) И.Ньютон C) Г.В.Лейбниц D) Ф.Бэкон E) И.Кеплер |
16. Ұлыбританияда 1918 жылы қабылданған заң: A) «Ұлттық еңбекті ұйымдастыру» B) «Әлеуметтік жеңілдіктер туралы» C) «Роулетт» D) «Сайлау туралы» E) «Отбасы туралы» |
17. Түріктердің ықпалы Ливияда сақталды: A) ХVI ғ. басында B) ХІХ ғ. басында C) ХVIII ғ. басында D) ХVII ғ. басында E) ХХ ғ. басында |
18. Ұлыбританияда 1951 жылы жеңіске жеткен консерваторлардың мемлекет меншігіне алған өнеркәсіптері: A) тері және аяқ киім жасау. B) шойын өндіру, автомобиль жолдары саласы. C) жеңіл өнеркәсіптер. D) газ өнеркәсіптері. E) тоқыма және мұнай өңдеу. |
19. КСРО-ның ықпалымен социалистік даму жолына түскен мемлекеттер: A) Түркия, Иран, Ирак, Ауғанстан B) Болгария, Австрия, Бразилия, Аргентина C) Қытай, Солтүстік Корея, Куба, Вьетнам D) Монғолия, Тува, Швеция, Норвегия E) Индонезия, Португалия, Испания, Таиланд |
20. Александр Македонский әскерінің Орта Азияда көп тұрақтамай кері қайтуының себебі: A) табиғи тосқауылдардың көп болуы B) жергілікті ақсүйектердің мәмлеге келуі C) грек-македон жерінде өзара бақталастық соғыстың басталуы D) жергілікті халықтың тоқтаусыз күресінен қалжырауы E) грек-македон әскерлерінде жұқпалы аурудың таралуы |
21. XVII ғасырда өмір сүрген атақты голланд суретшісі: A) Рафаэль Санти B) Дюрер Альбрехт C) Веласкес Диего D) Леонардо да Винчи E) Рембрандт Харменс ван Рейн |
22. Якобшілдер диктатурасы жүзеге асырған шара A) дворяндық титулдар жойылды B) республика жарияланды C) феодалдық міндеттер жойылды D) 18 жастан бастап сайлау құқығы еңгізілді E) шіркеу мүлкі тәркіленді |
23. Ф.Рузвельттің «Жаңа бағыт» бағдарламасына сәйкес «Ұлттық өнеркәсіпті қалпына келтіру» Заңында қарастырды: A) Еуропадағы экономикалық өзгерістерді B) Әскери объектілер салуды C) Жұмыссыздық бойынша сақтандыруды D) Дарашылдық идеологиясын жүргізуді E) Әділ бәсеке кодекстерін енгізуді |
24. АҚШ-тың жаңа бағыты Маршалл жоспарында айқындалды: A) 1942 ж. 10 ақпанда B) 1947 ж. 5 маусымда C) 1944 ж. 6 мамырда D) 1945 ж. 3 желтоқсанда E) 1946 ж. 7 сәуірде |
25. 1977 жылы Джибути тәуелсіздігін алды: A) Англиядан B) Испаниядан C) Италиядан D) Германиядан E) Франциядан
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
