Қазақ әдебиеті
1. Шалкиіз жырларының басты тақырыбын анықтаңыз. A) Қыздар тәрбиесі. B) Балаларды оқыту. C) Ел бірлігі. D) Дін жайы. E) Жесір дауы. |
2. Үзінді алынған өлеңнің авторын анықтаңыз. ’’Болыс болдым, мінеки, Бар малымды шығындап. Түйеде қом, атта жал Қалмады елге тығындап’’. A) А.Құнанбаев. B) М.Жұмабаев. C) Ш.Құдайбердиев. D) С.Торайғыров. E) Ы.Алтынсарин. |
3. А.Байтұрсынұлының ынтымаққа, бірлікке шақыратын мысал өлеңін көрсетіңіз. A) «Пайғамбар». B) «Сағындым». C) «Жұртыма». D) «Аққу, шортан һәм шаян». E) «Жетісу суреттері». |
4. «Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты – Мен жастарға сенемін,» - деген өлең жолдарының авторын табыңыз. A) І.Жансүгіров. B) А.Байтұрсынов. C) Ш.Құдайбердиев. D) М.Жұмабаев. E) М.Дулатов. |
5. «Құлагер» поэмасының кейіпкерін көрсетіңіз. A) Күйші. B) Қарашаш. C) Мәмбет. D) Ақан сері. E) Мардан. |
6. «Тортай мінген ақ боз ат» шығармасының авторын табыңыз. A) О.Бөкей. B) Ә.Кекілбаев. C) М.Шаханов. D) Ш.Мұртаза. E) Ж.Саин. |
7. Рабғузидың прозалық туындысы қалай аталатынын табыңыз. A) ’’Құтты білік’’. B) ’’Ақиқат сыйы’’. C) ’’Қисса-сул әнбия’’. D) ’’Кодекс куманикус’’. E) ’’Оғыз-наме’’. |
8. Жиреншенің үйі қандай екенін табыңыз. A) Қара үй. B) Ақ үй. C) Күрке. D) Үлкен үй. E) Көше. |
9. Алпамыстың жау қолына түсуіне себеп болған жағдайды көрсетіңіз. A) Оның жаралануы. B) Жаудың күштілігі. C) Мыстан кемпірдің айласы. D) Өнерпаздығы. E) Қаракөзайымның ғашық болуы. |
10. Шоқанның ел ішіндегі аңыз-әңгімелерден, халық жырлары мен дастандарынан алғашқы жазып алған шығармасының атын табыңыз. A) ’’Ләйлі-Мәжнүн’’. B) ’’Еңлік-Кебек’’. C) ’’Қалқаман-Мамыр’’. D) ’’Қыз Жібек’’. E) ’’Қозы Көрпеш-Баян сұлу’’. |
11. Б.Майлин әңгімелерінің көркемдік ерекшелігін көрсетіңіз. A) Нәзік лиризмге құрылуы. B) Романтизм әдісімен жазылуы. C) Қарапайымдылығы, шыншылдығы, табиғилығы, адамның жан сырындағы өзгерістерді шебер беруі. D) Тақырыбының ескірмес өміршеңдігі. E) Тіл мен ойдың күрделілігі, сөйлемдердің шұбалаңқылығы. |
12. Қ.Аманжолов қай жылы дүние салғанын анықтаңыз. A) 1954 ж. B) 1958 ж. C) 1956 ж. D) 1955 ж. E) 1957 ж. |
13. Ж.Жабаевтың шығармасын табыңыз. A) ²Менің қысқаша өмірбаяным². B) ²Өмір мектебі². C) ²Өсиет². D) ²Өмір, қымбатсың маған². E) ²Менің мектебім². |
14. “Ботагөз” романындағы Амантай қандай кейіпкер екенін көрсетіңіз. A) Оқыған адам. B) Өнер адамы. C) Ожар, дөрекі. D) Батыл, ержүрек. E) Айлақор, қу. |
15. Ғ.Мұстафиннің ²Өмір мен өлім² шығармасында кімдердің өмірі мен еңбегі суреттелетінін көрсетіңіз. A) Шахтерлер өмірі. B) Теміржолшылар тіршілігі. C) Ауыл еңбеккерлерінің тұрмысы. D) Балықшылар жағдайы. E) Мұнайшылар еңбегі. |
16. Берілген тармақтарда құбылтудың қандай түрі қолданылғандығын анықтаңыз. Көздің жасы, жүректің қаныменен Ерітуге болмайды іштің мұзын. A) Ауыстыру. B) Кейіптеу. C) Астарлау. D) Пернелеу. E) Мегзеу. |
17. ’’Бөл-бөл, бөбек, бөл, бөбек, Бөгелмей білім біл, бөбек. Білмесең білім бекерсің, Бет алдыңа кетерсің.’’ Шумақтағы дыбыс үндесу тәсілін табыңыз. A) Фигура. B) Ассонанс. C) Литота. D) Гипербола. E) Аллитерация. |
18. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы: «…Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа…» деген жолдарды кім айтқанын есіңізге түсіріңіз. A) Ана. B) Мерген. C) Қарт. D) Жылқышы. E) Әке. |
19. Жұмекен Нәжімеденовтің әке тілегінен тұратын өлеңін табыңыз. A) «Менің Қазақстаным». B) «Қоңыр түс». C) «Жаманыңды көрмесем». D) «Еске алу». E) «Әжеме». |
20. Ақан серінің қай өлеңінің әні жоқ, табыңыз. A) ’’Сырымбет’’. B) ’’Балқадиша’’. C) ’’Құлагер’’. D) ’’Жақсы мен жаман’’. E) ’’Қараторғай’’. |
21. Ә.Найманбаевтың адамзаттың аспанға ұшсам деген абзал арманын бейнелеген дастанын көрсетіңіз. A) «Ағаш ат». B) «Жәмсап». C) «Барат қыз». D) «Шеризат». E) «Француз». |
22. Қазақстанда Жоғарғы Үкімет аппаратында басшылық қызмет атқарған қаламгерді көрсетіңіз. A) С.Сейфуллин. B) А.Байтұрсынов. C) Ж.Аймауытов. D) М.Жұмабаев. E) М.Дулатов. |
23. М.Әуезовтің 20-жылдардағы пьесалар бәйгесінде Ж.Аймауытовтың «Шернияз» пьесасынан кейін орын алған шығармасын табыңыз. A) “Тартыс”. B) “Түнгі сарын”. C) “Абай”. D) “Қаракөз”. E) “Шекарада”. |
24. «Мен Құнанбай баласы (Тәкежан) өзіміздей адам баласы екенін таныттым. Ұрсаң, оған таяқ өтетін, жұлқысаң оның да жыртылатын жағасы барын таныттым»,- деген сөздердің иесін табыңыз. A) Дәркембай. B) Оразбай. C) Бөжей. D) Сүйіндік. E) Базаралы. |
25. Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясындағы кейіпкерді табыңыз. A) Науан. B) Жарқын. C) Жалмұқан төре. D) Мәрзия. E) Сердәлі.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
