Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_535.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
842.75 Кб
Скачать

Қазақ әдебиеті

1. Қазтуған жырларының арқауы не екендігін көрсетіңіз.

A) Өнер түрлері.

B) Дін мәселесі.

C) Оқу-ағарту.

D) Туған елі.

E) Жастардың өмірі.

2. Абайдың табиғатты тірілту негізінде жазылған өлеңдерін табыңыз.

A) «Қараңғы түнде тау қалғып».

B) «Желсіз түнде жарық ай».

C) «Қыс», «Теректің сыйы».

D) «Жазғытұры».

E) «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай».

3. Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы Жамалдың шешесі мен әкесінің атын белгілеңіз.

A) Сәрсенбай – Айман.

B) Жұман – Шолпан.

C) Ғали – Жамал.

D) Байжан – Алмажан.

E) Сәрсенбай – Шолпан.

4. Қазақтың тұңғыш әскери романын табыңыз.

A) “Қаһарлы күндер”.

B) “Қазақ солдаты”.

C) “Партизан соқпағы”.

D) “Жонарқа”.

E) “Москва үшін шайқас”.

5. "Үш бақытым" өлеңінің авторын табыңыз.

A) Қадыр Мырзалиев.

B) Фариза Оңғарсынова.

C) Ақұштап Бақтыгереева.

D) Мұқағали Мақатаев.

E) Жұмекен Нәжімеденов.

6. «Көшпенділер» атты тарихи трилогияның екінші бөлімі қалай аталатындығын табыңыз.

A) «Қаһар».

B) «Қатерлі өткел».

C) «Алмас қылыш».

D) «Жанталас».

E) «Ғашықтар».

7. Саиф Сараи - қай дәуір әдебиетінің өкілі екенін белгілеңіз.

A) Алтын Орда дәуірі.

B) Орта түркі дәуірі.

C) Түркі бірлестігі дәуірі.

D) Хандық дәуірі.

E) Көне түркі дәуірі.

8. «Өнер алды – қызыл тіл» мақалы қандай мағынада қолданғандығын табыңыз.

A) Тура.

B) Ауыспалы.

C) Ишаралау.

D) Жанама.

E) Астарлау.

9. ’’Жар-жар’’ өнердің қай түріне жататынын табыңыз.

A) Жыраулық.

B) Термелік.

C) Айтыс.

D) Шешендік өнер.

E) Күйшілік.

10. Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын» қай әліпби негізінде жасағандығын көрсетіңіз.

A) Парсы әліпбиі.

B) Араб әліпбиі.

C) Латын әліпбиі.

D) Орыс әліпбиі.

E) Грек әліпбиі.

11. Д‰ние де µзі, мал да µзі,

Ѓылымѓа кµњіл бµлсењіз - тармақтары Абайдыњ қай µлењінен алынѓанын табыњыз.

A) «Бойы б±лѓањ».

B) «Ѓылым таппай мақтанба».

C) «Ал, сенейін, сенейін».

D) «Интернатта оқып ж‰р».

E) «Кµзімніњ қарасы».

12. Ақан cері Қорамсаұлының ғашықтық, сүйіспеншілікке арнаған өлеңін белгілеңіз.

A) «Гауһар қыз».

B) «Балқадиша».

C) «Сұрша қыз».

D) «Хаулау».

E) «Сәулем қыздар».

13. С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы қалай аяқталатынын табыңыз.

A) Сәкеннің Дүйсенбі деген жалған атпен түрмеден қашуымен.

B) Бетпақдаланың табиғатын суреттеумен.

C) Ән-күй аңыздарын берумен.

D) Сәкеннің Әулиеатаға келіп, Шуда Кеңес өкіметін орнату әрекеттерімен.

E) Шу өңірінің тарихын суреттеумен.

14. Қазақтың әні мен өлеңін

Найзадай көтеріп келемін;

Шығыстың аласа аспанын

Түндіктей түріп бір тастадым, - деген кім екенін анықтаңыз.

A) И.Байзақов.

B) Т.Молдағалиев.

C) Ә.Шәріпов.

D) О.Шипин.

E) Қ.Аманжолов.

15. Жамбылдың бір болысты әжуалап жазған сатиралық өлеңін табыңыз.

A) ’’Алынбас қамал’’.

B) ’’Шағым’’.

C) ’’Майданға хат’’.

D) ’’Замана ағымы’’.

E) ’’Мәңке туралы’’.

16. Ғ.Мұстафин 1939-1948 ж.ж. аралығында қандай журналда қызмет еткенін анықтаңыз.

A) ’’Айқап’’.

B) ’’Әдебиет майданы’’.

C) ’’Абай’’.

D) ’’Қазақ әдебиеті’’.

E) ’’Парасат’’.

17. Төмендегі мысалдардан теңеуді табыңыз.

A) Піскен алма секілді тәтті қызды.

B) Сұлу аттың көркі – жал.

C) Жер күлімдер өзіне беріп шырай.

D) Асау жүрек аяғын шалыс басқан.

E) Ызалы жүрек, долы қол.

18. Анафора анықтамасына сәйкес келетінін белгілеңіз.

A) Өлең тармақтарында бір сөзді әр жолда қайталау.

B) Өлең тармақтарында бір сөздің жол аяғында қайталануы.

C) Соңғы құбылысты асқақтата түсіру.

D) Өлең тармақтарында белгілі бір сөздің жол басында қайталануы.

E) Сөз орнын ауыстыру.

19. Қалижан Бекхожиннің:

Көк майсада көбелектей ойнадым,

Жалғыз ғана бір бағытты ойладым.

Сол бақытым – өткен сенде ойыным,

Жалғыз ғана сол қызыққа тоймадым,- деген өлең шумағы алынған шығармасын белгілеңіз.

A) «Жусан».

B) «Сағындым мен Тәттімбеттің жазығын».

C) «Ақсақ құлан».

D) «Сұңқар туралы жыр».

E) «Мариям Жагорқызы».

20. Шәкәрімнің Л.Н.Толстойдан аударған шығармасын табыңыз.

A) «Үш анық».

B) «Пан-Жи-Зан хан».

C) «Ұждан».

D) «Кешегі басшы піріміз».

E) «Асархадон патша», «Үш сауал».

21. М.Жұмабаевтың шығыс пен батыс мәселесіне арналған өлеңдерін белгілеңіз.

A) «Жел», «Толқын».

B) «Пайғамбар», «Орал», «Бостандық».

C) «Мешіт һәм абақты».

D) «Әбу Фирастан».

E) «Жер жүзіне», «Біраз Фетше».

22. Қобызшы шал Молықбай Ілиястың қай поэмасының кейіпкері екенін атаңыз.

A) “Күй”.

B) “Күйші”.

C) “Дала”.

D) “Құлагер”.

E) “Гималай”.

23. М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» өтетін Қараш асуының қай тұста екенін табыңыз.

A) Торғай алқабы.

B) Атырау бойы.

C) Талғар маңы.

D) Ырғыз жері.

E) Сарыарқада.

24. Абай Ділдәға үйленгенде бас құда болып барған адамды белгілеңіз.

A) Майбасар.

B) Ызғұтты.

C) Жиренше.

D) Ербол.

E) Тәкежан.

25. Бір доғал, жасынан бір бетті болды,

Кекшіл қасқыр секілді кекті болды,

Сөз ұстағыш, қажырлы, сертті болды...

С.Мұқановтың қай поэмасының қай кейіпкеріне жасалған мінездеу екенін табыңыз.

A) ’’Батырақ ’’ поэмасы, кедей бейнесі.

B) ’’Ғашықтық ғаламаты’’ қыз бейнесі.

C) ’’Ботагөз’’ романы, Асқар бейнесі.

D) ’’Сырдария’’ романы, Айбарша бейнесі.

E) ’’Сұлушаш’’ поэмасы, Алтайды мінездеу.

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]