Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_535.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
842.75 Кб
Скачать

Қазақстан тарихы

1. Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасқан ежелгі үйсін қаласы:

A) Қызыл Аңғар

B) Бәбіш-Молда

C) Арқайым

D) Битянь

E) Шірік-Рабат

2. XIII ғасырдан XIV ғасырға дейін Қазақстан жерінде ірі құрылыстар салынбауының негізгі себебі:

A) Араб шапқыншылығының салдары

B) Жібек жолының құлдырауы

C) Шикізаттың азаюы

D) Монғол шапқыншылығының салдары

E) Жоңғар шапқыншылығының салдары

3. Қазақтар үшін астрономиялық сағат ролін атқарған жұлдыз:

A) «Үркер»

B) «Шолпан»

C) «Ақбозат»

D) «Темірқазық»

E) «Жетіқарақшы»

4. 1866 жылдың басында орыс әскерлері басып алған Орта Азия хандығы:

A) Қоқан хандығы

B) Хиуа хандығы

C) Бұқар хандығы

D) Ташкент

E) Самарқан

5. Шоқан Уәлиханов 1865 жылы қайтыс болған жері:

A) Әкесі Шыңғыстың ауылында

B) Мұса Шорманов ауылында

C) Тентек төренің ауылында

D) Алшынбайдың ауылында

E) Тезек сұлтанның ауылында

6. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтың батыр қыздары:

A) Әлия мен Роза

B) Роза мен Сара

C) Мәншүк пен Сара

D) Сара мен Әлия

E) Әлия мен Мәншүк

7. Ежелгі Қаратау үңгірінің тұрғындары жасай білген қару:

A) Балта

B) Бумеранг

C) Чоппинг

D) Садақ

E) Гарпун

8. Араб тарихшысы Әл-Марвазидің (ХII ғ.) хабарына қарағанда қарлұқтар құрамындағы тайпалардың саны:

A) Үш

B) Бес

C) Жетi

D) Он бiр

E) Тоғыз

9. «Оғызнама» дастаны ІХ ғасырда аударылған тіл:

A) Араб

B) Қытай

C) Ұйғыр

D) Славян

E) Парсы

10. Жазба деректерге қарағанда Сығанақ қаласының төңірегінде суармалы егін шаруашылығының дамығандығын дәлелдейтін каналдар:

A) Арыс, Ақсу

B) Ханарық, Зах

C) Шыршық, Қашқадария

D) Қуаңдария, Жаңадария

E) Төменарық, Бозғыларық

11. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығы кезінде рухын көтерген ірі шайқастар:

A) Ырғыз, Торғай жеріндегі шайқас

B) Орбұлақ, Батпақ шайқасы

C) Қатаған қырғыны, Айғыржар шайқасы

D) Ходжент, Ташкент жеріндегі шайқас

E) Бұланты, Аңырақай шайқасы

12. Кіші жүзде хандық билікті жойып, отаршылдықты күшейту туралы реформаның жобасын дайындаған:

A) барон Игельстром

B) майор Назаров

C) князь Потемкин

D) граф Панин

E) Екатерина ІІ

13. 1886 жылы маусымда қабылданған Ереженің атауы:

A) «Түркістан өлкесін басқару Ереже»

B) «Сібір қазақтарының Жарғысы»

C) «Дала генерал-губернаторлығын құру туралы Ереже»

D) «Закаспийск облысын басқару туралы уақытша Ереже»

E) «Жетісу облысын басқару туралы Ереже»

14. ХІХ ғасырдың І жартысындағы айтыс өнерінің жүйрігі, Қаракәстек жерінде дүниеге келген ақын:

A) Шөже Қаржаубайұлы

B) Шортанбай ақын

C) Сүйінбай Аронұлы

D) Махамбет Өтемісұлы

E) Шернияз Жарылғасұлы

15. А.Иманов бастаған 15 мың көтерілісшілер қоршаған қала:

A) Верный

B) Ырғыз

C) Қостанай

D) Торғай

E) Жезқазған

16. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін «Туысқандық, Теңдік және Бостандық күні туды» - деп жазған қоғамдық-саяси қайраткер:

A) Т.Рысқұлов

B) Ә.Бөкейханов

C) М.Жұмабаев

D) А.Байтұрсынов

E) М.Тынышпаев

17. «Ленфильм» қазақтың бірінші дыбысты фильмі «Амангелді» кинокартинасын жасап шығарды:

A) 1936 ж.

B) 1934 ж.

C) 1938 ж.

D) 1937 ж.

E) 1933 ж.

18. Семей ядролық полигонында алғаш рет ядролық сынақ жүргізілді:

A) 1949 жылы

B) 1947 жылы

C) 1948 жылы

D) 1950 жылы

E) 1946 жылы

19. Н.Назарбаевтың 1984-1989 жылдары аралығында атқарған қызметі:

A) Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы

B) «Қазметаллургқұрылыс» тресінің жұмысшысы

C) Қазақ КСР-нің Президенті

D) Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы

E) Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы

20. Жібек жолының басты тармақтарының өзгеріп отырыуының себебі:

A) Жібек өндірудің кемуі

B) Көшпелілердің жолдарының өзгеруі

C) Халықаралық қақтығыстардың шиеленісуі

D) Экономикалық үрдістердің өзгеріп отыруы

E) Тауарға сұраныстың азаюы

21. 1597-1598 жж. қысында Тәуекел хан Абдаллах ханның әскерін талқандаған жері:

A) Бұхар түбінде

B) Хиуа жанында

C) Сырдария маңында

D) Сығанақ маңында

E) Ташкент қаласының түбінде

22. ХІХ ғасырда шетелдіктерге сатылған Қазақстан жеріндегі кәсіпорын:

A) Құмкөл мұнай кені

B) Майқайың алтын кені

C) Қарағанды көмір кені

D) Созақ уран кеніші

E) Қаражыра көмір кені

23. 1905 жылы М.Дулатұлы белсене қатысқан саяси ереуіл өткен қала:

A) Қарқаралы

B) Орал

C) Перовск

D) Қостанай

E) Ақмола

24. «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» деген Бекмахановтың монографиялық еңбегіндегі көтеріліс басшысы:

A) А.Иманов

B) С.Датұлы

C) К.Қасымұлы

D) Б.Әшекеев

E) Ж.Нұрмұхамедұлы

25. Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы:

A) Н.Назарбаев

B) Ж.Молдағалиев

C) М.Шаханов

D) Қ.Рысқұлбеков

E) Е.Асанбаев

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]