Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_534.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
735.23 Кб
Скачать

Қазақ әдебиеті

1. ’’Өкпеңменен қабынба,

Өтіңменен жарылма,

Орыспенен соғысып,

Басыңа мұнша көтерген,

Жұртыңа жаулық сағынба’’, - деген өлең жолдары кімдікі екенін белгілеңіз.

A) Бұқар жырау.

B) Жиембет жырау.

C) Ақтамберді жырау.

D) Доспамбет жырау.

E) Шалкиіз жырау.

2. Ақбілектің әкесінің есімін белгілеңіз.

A) Мұқаш.

B) Доға.

C) Мамырбай.

D) Төлеген.

E) Балташ.

3. Метафораның ерекшелігін көрсетіңіз.

A) Затты, құбылысты әсірелеп, ұлғайтып көрсету.

B) Затты, құбылысты айқындау үшін ұқсас басқа затқа не құбылысқа балау.

C) Заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.

D) Сөзді бұрма мағынасында қолдану.

E) Сөзді тура мағынасында қолдану.

4. «Пейзаж» терминінің мағынасын анықтаңыз.

A) Адамның сыртқы түрін сипаттау.

B) Оқиғаны баяндау.

C) Оқиға болған жерді көрсету.

D) Бір адамның портретін беру.

E) Табиғатты суреттеу.

5. Ж.Молдағалиевтің «Кісен ашқан» поэмасы кім туралы екенін анықтаңыз.

A) Махамбет.

B) Құрманғазы.

C) Қаршыға.

D) Айтқали.

E) Сүгір.

6. Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шалдың шекарадан өтіп, атамекендегі ескі қыстауға кіргенде не істегенін табыңыз.

A) Шекпенін төсеп, үстіне жантая кетті.

B) Алаңсыз ұйқыға кетті.

C) Бойтұмарын алып, сөгіп, ішіндегі бір уыс топырақты төкті.

D) Өткен өмірін ойлай бастады.

E) Су ішіп есін жинады.

7. ’’Қанаты бүтін сұңқар жоқ ,

Тұяғы бүтін тұлпар жоқ

Өлгеннің соңынан өлмек жоқ,

Өлген қайтып келмек жоқ’’.

Ауыз әдебиетінің қай түрі екенін белгілеңіз.

A) Естірту.

B) Жоқтау.

C) Жұбату.

D) Жарапазан.

E) Сыңсу.

8. «Төлеген сынды ағаның жұмақтан жазсын тұрағын», - деп Сансызбайға жоқтау сөз айтқан адамды көрсетіңіз.

A) Саудагер шал.

B) Хорен.

C) Сырлыбай.

D) Шеге.

E) Қаршыға.

9. Ы.Алтынсарин үлгісіндегі педагог-жазушыны табыңыз.

A) М.Ж.Көпеев.

B) С.Дөнентаев.

C) М.Жұмабаев.

D) С.Көбеев.

E) С.Сейфуллин.

10. Абайдың ән құдіретін жырлаған өлеңін көрсетіңіз.

A) «Құлақтан кіріп бойды алар».

B) «Кейде есер көңіл құрғырың».

C) «Ғылым таппай мақтанба».

D) «Бойы бұлғаң».

E) «Өлсем, орным қара жер».

11. Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес,

Нәзік бел талшыбықтай бұраңдайды (Абай).

Асты сызылған сөзді қандай тіл айшығы деуге болатынын табыңыз.

A) Кішірейту.

B) Шендестіру.

C) Кейіптеу.

D) Теңеу.

E) Метафора.

12. Ақанның туған жерін белгілеңіз.

A) Көкшетау.

B) Ақмола.

C) Қарағанды.

D) Қызылжар.

E) Жезқазған.

13. І.Жансүгіровтің ²Гималай² өлеңінің жазылу түрін көрсетіңіз.

A) Монолог, диалогтар арқылы отаршылық бұғауды көрсеткен.

B) Психологиялық параллелизмге құрылған.

C) Лирикалық кейіпкердің көңіл-күйіне арналған.

D) Табиғатты әсем суреттеуді мақсат еткен.

E) Сұрақ-жауап түріндегі арнаумен жазылған.

14. «Шығыстан сызылып таң келеді. Мен немісті өлтіруге жөнелдім», - деп жазған Шығыс ұлы кім екенін табыңыз.

A) Б.Бұлқышев.

B) Ж.Саин.

C) Б.Момышұлы.

D) Қ.Қайсенов.

E) Қ.Аманжолов.

15. Жамбылдың бата түріндегі туындысын табыңыз.

A) ’’Майданға хат’’.

B) ’’Қазақстан тойына’’.

C) ’’Өтеген батыр’’.

D) ’’Сұраншы батыр’’.

E) ’’Аттандыру’’.

16. М.Әуезовтің «Абай жолында» Құнанбайды Дәркембайдың оғынан арашалап алған кім екенін табыңыз.

A) Бөжей.

B) Абай.

C) Байсал.

D) Сүйіндік.

E) Базаралы.

17. Ғ.Мүсіреповтің Рязанов, Ушаков деген кейіпкерлері қай шығармасынан екенін табыңыз.

A) «Амангелді».

B) «Оянған өлке».

C) «Ұлпан».

D) «Тулаған толқындар».

E) «Қазақ солдаты».

18. Ғ.Мұстафиннің «Миллионерінің» кейіпкерлерін табыңыз.

A) Жанат, Жомарт, Жақып.

B) Шығанақ, Олжабек.

C) Ермек, Шойын.

D) Аман, Шолпан, Шәкен.

E) Жанәбіл, Ардақ.

19. «Қыш кітап» атты поэманың авторын табыңыз.

A) М.Мақатаев.

B) Ә.Тәжібаев.

C) О.Сүлейменов.

D) М.Шаханов.

E) С.Мәуленов.

20. Алып-Ер Тұңғаның өз заманындағы мәртебесін анықтаңыз.

A) Оғыз қағанның ақылшысы.

B) Жырау.

C) Иранның батыры.

D) Түркілердің көсемі.

E) Тауғаштардың көсемі.

21. Шәкәрімнің шығыс ақындарының шығармаларынан қазақша жырлаған дастанының атын белгілеңіз.

A) «Рустем – Зорап».

B) «Мың бір түн».

C) «Шахнаме».

D) «Еңлік – Кебек».

E) «Ләйлі – Мәжнүн».

22. М.Тәтімов, С.Шәріповтердің бастарынан кешкен оқиғаларды қосалқы эпизодтар арқылы суреттеген С.Сейфуллиннің шығармасын анықтаңыз.

A) «Айша».

B) «Тар жол, тайғақ кешу».

C) «Бақыт жолына».

D) «Жұбату».

E) «Қызыл сұңқарлар».

23. Б.Майлиннің кейіпкерін табыңыз.

A) Шоқпыт.

B) Желдібай.

C) Жұмабек.

D) Қайсар.

E) Хамит.

24. ²Бұл жігіттің жасы отыз шамасында... Суық қарайтын қисық, кішілеу өткір көзінде және қабағында өзгеше қаталдық бар. Кішкене мұрны көз-қабағына үйлеспейді. Бұл адамның күлгендегі пішімі құмарлыққа көп салынғандығын білдіріп тұр².

Әуезовтің қай кейіпкері туралы сөз болып тұрғанын белгілеңіз.

A) Бақтығұл.

B) Сәлмен.

C) Оспан.

D) Жақып болыс.

E) Ақан болыс.

25. «Жарымды біреуге қалай қидым?!

Сұм жүрек тілегіңе жете алмасаң,

Қол жетпес сұлу күнді неге сүйдің?» – деген қай кейіпкердің сөзі, табыңыз.

A) «Сұлушаш» поэмасындағы Алтайдың.

B) «Еңлік – Кебек» поэмасындағы Кебектің.

C) «Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы Қалқаманның.

D) «Қамар сұлу» поэмасындағы Ахметтің.

E) «Бақытсыз Жамал» поэмасындағы Ғанидың.

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]