Дүние жүзі тарихы
1. Ежелгі гректер сиынған құдайлар: A) 10-қа жуық B) 30-қа жуық C) 20-қа жуық D) 50-қа жуық E) 40-қа жуық |
2. XIV ғ. бір-бірімен бәсекелестігін күшейте түскен кінәздіктер: A) Ярославль мен Витебск. B) Псков пен Смоленск. C) Мәскеу мен Новгород. D) Владимир мен Псков. E) Тверь мен Мәскеу. |
3. Ватерлоо шайқасындағы француз армиясының қолбасшысы: A) Талейран. B) Лафайет. C) Веллингтон. D) Наполеон. E) Меттерних. |
4. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Қытайды билеген әулет: A) Монғол. B) Жапон. C) Тибет. D) Ұйғыр. E) Маньчжур. |
5. Колчакты талқандауға зор үлес қосқан Шығыс майданының қолбасшысы: A) М.В.Фрунзе. B) М.Н.Тухачевский. C) Н.А.Щорс. D) С.М.Буденный. E) Ф.Э.Дзержинский. |
6. Дания Еуропа Одағына толық құқылы мүше болып қабылданды: A) 1973 ж. B) 1974 ж. C) 1971 ж. D) 1977 ж. E) 1975 ж. |
7. Кушан мемлекетінің қалыптасқан аймағы: A) Таяу Шығыс B) Кіші Азия C) Батыс Азия D) Азияның орталық бөлігі E) Азияның шығыс бөлігі |
8. 429 ж. аяғында вандалдар қоныс тепкен өңір: A) Италия. B) Солтүстік Африка. C) Галлия. D) Греция. E) Испания. |
9. Ағылшын королінің XII ғасырда серілерден “Қалқан ақша” жинау себебі: A) Қалаларды көркейтуге B) Жерін кеңейтуге C) Рыцарларды жалдауға D) Сауданы нығайтуға E) Феодалдарды байытуға |
10. Васко да Гаманың Үндістанға саяхаты басталған жыл: A) 1496 ж. B) 1498 ж. C) 1492 ж. D) 1497 ж. E) 1499 ж. |
11. 1762-1796 жж. Ресейді билеген: A) I Елизавета B) I Павел C) Анна Иоанновна D) II Екатерина E) ІІІ Петр |
12. 1873 ж. Герман империясында бекітілген ортақ валюта A) крона B) лир C) франк D) марка E) фунт |
13. Чилиде Ибаньес дель Кампоның әскери диктатурасы қалыптасқан жылдар: A) 1920-1921 жж. B) 1921-1923 жж. C) 1923-1925 жж. D) 1925-1927 жж. E) 1924-1925 жж. |
14. 1923 жылы 29 қазан күні Түркия тарихында болған маңызды оқиға: A) Сұлтан билігі жойылды. B) Коммунистер билікке келді. C) Республикалық халықтық партия құрылды. D) Түркия Республикасы жарияланды. E) Ресеймен достық келісім шартына қол қойылды. |
15. 1922 ж. Сирияда болған ұлт-азаттық көтерілістердің саны: A) 10 B) 12 C) 35 D) 20 E) 25 |
16. 1946 жылы құрылған Бавариядағы Ф.И.Штраус бастаған партия: A) Христиандық-әлеуметтік одақ B) Еркін демократиялық одақ C) Христиандық одақ D) Демократиялық одақ E) Христиан –демократиялық одағы |
17. 1973 ж. Еуропалық Одаққа кірген мемлекет: A) Ұлыбритания. B) ГФР. C) Италия. D) Бельгия. E) Франция. |
18. Ирак пен Иран арасындағы шекаралық жанжал басталған жыл: A) 1979 жыл. B) 1983 жыл. C) 1980 жыл. D) 1982 жыл. E) 1981 жыл. |
19. 1975 ж. Хельсинкиде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Акт қабылдаған мемлекеттер: A) 33 Европа елі, АҚШ және Канада. B) 30 Европа елі, Қытай жәнеЖапония. C) 31 Европа елі, АҚШ және Жапония. D) 53 Еуропа елі, Англия және Франция. E) 51 Еуропа елі, АҚШ және Англия. |
20. «Күміс таулар» деп аталған жер: A) Сирия B) Аккад C) Мидия D) Египет E) Ассирия |
21. Эфталит мемлекетінің әлсіреу себебі: A) Ішкі қайшылықтардың күшеюі B) Шаруашылықтың күйзелуі C) Қалалардың көптеп салынуы D) Жергілікті тайпалардың бірігуі E) Көп дінді тайпаның болуы |
22. 1649 ж. диггерлер қозғалысында ұсынылған талаптар: A) Парламенттің үстінен бақылау орнату B) Алым-салықтарды азайту C) Жерді қоғамдастыру D) Шіркеуді діни құпиялықтардан тазарту E) Лордтар палатасын жою |
23. Еуропа елдеріне қарсы «жабық есік» саясатын ұстанған мемлекеттер: A) Иран, Жапония, Қытай B) Египет, Индонезия, Қытай C) Қытай, Жапония, Сирия D) Судан, Түркия, Қытай E) Қытай, Корея, Жапония |
24. «Дон Жуан» операсының авторы: A) Ф.Шопен B) Г.Персель C) Д.Верди D) Ф.Шуберт E) В.А.Моцарт |
25. Маньчжоу-го қуыршақ мемлекеті құрылған жыл: A) 1939 ж. B) 1937 ж. C) 1931 ж. D) 1932 ж. E) 1933 ж.
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
