Қазақстан тарихы
1. Ежелгі үйсін билеушісінің атауы: A) патша B) шаньюй C) гуньмо D) тәңірқұт E) хан |
2. Өзінің алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған Бабаджа-қатын кесенесі орналасқан қала: A) Сайрам B) Отырар C) Тараз D) Сығанақ E) Сауран |
3. Қазақ хандарының Сыр бойындағы қалалар үшін Шайбани ханмен болған шайқас нәтижесінде Қазақ хандығының құрамына кірген қала: A) Отырар B) Аркөк C) Ташкент D) Сайрам E) Сауран |
4. Ресейдің саудасын дамытуда Қазақстанды «кілт және қақпа» -деп атаған Ресей патшасы: A) I Петр B) III Иван C) Елизавета Петровна D) IV Иван E) I Иван |
5. 1851 жылы орыс әскері қарсылықсыз басып алған бекініс: A) Верный B) Таушүбек C) Қапал D) Ақмешіт E) Ұзынағаш |
6. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған Т.Бигелдинов Ұлы Отан соғысында шайқасты: A) Танкист болып B) Ұшқыш болып C) Артиллерист болып D) Барлаушы болып E) Партизан болып |
7. Жебе мен садақ дүниеге келген дәуір: A) Неолит B) Палеолит C) Энеолит D) Мезолит E) Мустьер |
8. Шыңғысханның серттескен ең жақын досы, кейін қас жауы болған жалайыр тайпасының өкілі: A) Жамұқа B) Мұқылай C) Торы D) Ван E) Сартақ |
9. Әбілқайыр хандығының астанасы: A) Сарайшық B) Йасы C) Алмалық D) Сығанақ E) Отырар |
10. XVI ғасырда Хақназар ханның кезінде Қазақ хандығымен саяси қақтығысқа түскен елдер: A) Өзбек хандығы, Моғолстан B) Цинь империясы, Монғол хандығы C) Хиуа хандығы, Осман империясы D) Иран, Ауғанстан E) Орыс мемлекеті, Қазан хандығы, Қырым хандығы |
11. Е. Пугачев көтерілісіне Кіші жүз қазақтарының қатысу себебі: A) Башқұрттарға қарсы одақ құру B) Тәуелсіздігін сақтау C) Билікті алу D) Жерін қайтарып алу E) Жоңғарларға қарсы одақ құру |
12. 1868-1869 жылдардағы Орал, Торғай көтерілісін жаншуға жіберген жазалаушы отрядты басқарған подполковник: A) Пономарев B) Геке C) Смирнов D) Рукин E) Колпаков |
13. Патша үкіметі Бөкейді екінші хан етіп сайлаған уақыты: A) 1812 ж. B) 1820 ж. C) 1817 ж. D) 1819 ж. E) 1815 ж. |
14. ХХ ғасырдың басында қазақ кітаптарын басып шығару ісін қолға алған Ресей қаласы: A) Уфа B) Қазан C) Саратов D) Екатеринбург E) Түмен |
15. «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп жазған: A) М.Жұмабаев B) А.Байтұрсынов C) Т.Рысқұлов D) М.Дулатов E) Ә.Бөкейханов |
16. 1917 жылы қазақ халқының дамуының балама жобасын ұсынған: A) Кадеттер партиясы B) Эсерлер партиясы C) Меньшевиктер партиясы D) Алаш партиясы E) Федералистер партиясы |
17. 1941 жылы көшірілген «Мосфильм», «Ленфильм» студиялары жұмыс істеген қала: A) Орал B) Алматы C) Орынбор D) Ақтөбе E) Петропавл |
18. Әбу Насыр әл-Фараби туралы жазылған «Ұстаздың қайтып оралуы» романының авторы: A) Ғабит Мүсірепов B) Әбдіжәміл Нұрпейісов C) Әнуар Әлімжанов D) Ілияс Есенберлин E) Жұбан Молдағалиев |
19. 1991 жылы 1 желтоқсанда Республикада болған оқиға: A) Жоғарғы Кеңес сайлауы B) Конституция қабылданды C) Президент сайлауы D) Референдум E) Мәжіліс сайлауы |
20. XIV ғасырда исламның таралуына қатты көңіл бөлген хандар: A) Тәуке хан, Хақназар хан B) Есім хан, Қасым хан C) Әбілқайыр хан D) Өзбек хан, Тоғылық-Темір E) Тәуекел хан |
21. XVIII ғасырда қазақтардың Ресей мен сауда жасайтын негізгі орындардың бірі: A) Атырау B) Ақмешіт C) Алмалық D) Тараз E) Семей |
22. 1886 жылғы Ереже бойынша болыс басқармаларын бекіткен: A) Уезд басшысы B) Генерал-губернатор C) Әскери губернатор D) Губерниялық басқармалар E) Болыс басшысы |
23. Ресейдегі 1905-1907 жылғы революция кезінде жергілікті әкімшілік билікке қарсы шаруалар қозғалысы болған облыстар: A) Өскемен, Павлодар, Әулие-ата B) Көкшетау, Қазалы C) Ақтөбе, Шымкент D) Орал, Торғай, Семей E) Верный, Семей, Петропавл |
24. Индустрияландыру жылдары Қазақстанға жұмысшылар, инженерлер мен техниктерді әкелді: A) Шет елдерден B) Әзірбайжан, Армениядан C) Өзбекстан, Қырғызстаннан D) РКФСР мен Украинадан E) Түркіменстан, Тәжікстаннан |
25. 1940-1950 жж. айыптауға ұшыраған ғалым: A) Н.Нұрмақов B) Қ.Жұмалиев C) А.Байтұрсынов D) Ж.Аймауытов E) О.Исаев
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
