Қазақ әдебиеті
1. Парсы ақыны Сағдидің «Гүлстан» кітабының түркі тіліндегі аудармасын жасаған ақынды белгілеңіз. A) М.Қашқари. B) Сaйф Сараи. C) А.Йасауи. D) Әл-Фараби. E) Ж.Баласағұни. |
2. Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Баянның жолдасын табыңыз. A) Ноян. B) Қанай. C) Ұса. D) Серен. E) Жанатай. |
3. Жамбылдың өмір сүрген жылдарын табыңыз. A) 1845-1846 жж. B) 1846-1945 жж. C) 1876-1944 жж. D) 1894-1947 жж. E) 1860-1960 жж. |
4. Өлең ұйқасының белгісін табыңыз. A) Бірнеше бунақтан тұратын өлең жолы. B) Тармақтардан тұратын өлең жолдары. C) 11 буыннан құралған өлең жолы. D) Ырғағы мен мағынасы жағынан үйлескен жүйе. E) Тармақтың соңғы сөздерінің дыбыстық жағынан үндесуі. |
5. «Адалдық, ақиқаттан сомдап соққан Тасқа салсам мұқалмас қаруым бар» (М. Мақатаев) деген өлең тармақтарында ақынның нені танытатындығын анықтаңыз. A) Сезімталдықты. B) Білімділікті. C) Ұяңдылықты. D) Қайсарлықты. E) Жігерсіздікті. |
6. Ш.Мұртазаның романын табыңыз. A) «Көшпенділер». B) «Қаһарлы күндер». C) «Қызыл жебе». D) «Жанталас». E) «Қаһар». |
7. Әдет - ғұрып жырының түрін анықтаңыз. Аққу ұшып көлге кетті. Сұңқар ұшып шөлге кетті. Ол адасып кеткен жоқ Әркім барар жөнге кетті. A) Сыңсу. B) Жар-жар. C) Той бастар. D) Беташар. E) Естірту. |
8. «Алпамыс батыр» жырындағы кейіпкерлерді белгілеңіз. A) Бекежан. B) Құлтай. C) Төлеген. D) Тынсызбай. E) Қаршыға. |
9. Жиембет жырау: Хан ие, ісің жол емес. Жолбарыстай Жиембет, Құрбандыққа қол емес, - деген жолдарды қай өлеңде айтқанын белгілеңіз. A) ’’Қол-аяғы бұғауда’’. B) ’’Басы саудың түгел дүр’’. C) ’’Алаштан байтақ озбаса’’. D) ’’Әмірің қатты Есім хан’’. E) ’’Жақсы үгітте’’. |
10. ’’Бір адамға’’ кімнің шығармасы екенін анықтаңыз. A) С.Мұқанов. B) С.Торайғыров. C) С.Көбеев. D) М.Әуезов. E) С.Дөнентаев. |
11. Құнанбайдың неше ұлы болғанын табыңыз. A) Бесеу. B) Төртеу. C) Алтау. D) Жетеу. E) Сегіз. |
12. Әсет Найманбаевтің орыс әдебиетінен қазақ үрдісіне бағындырып, қисса түрінде аударған шығармасын белгілеңіз. A) М.Лермонтов «Демон» B) А.Пушкин «Евгений Онегин» C) Л.Толстой «Үш сауал» D) А.Пушкин «Дубровский» E) М.Лермонтов «Тұтқындағы батыр» |
13. Киноға түсірілген шығарманы көрсетіңіз. A) С.Сейфуллин «Бандыны қуған Хамит». B) Б.Майлин «Түйебай». C) Ш.Мұртаза «Қызыл жебе». D) І.Жансүгіров «Күй». E) С.Бегалин «Бала Шоқан». |
14. Орта Азия мемлекеттік университетіндегі Шығыс факультетінің аспирантурасында оқыған қаламгерді табыңыз. A) Ж.Аймауытов. B) Ғ.Мүсірепов. C) М.Әуезов. D) М.Жұмабаев. E) І.Жансүгіров. |
15. М.Әуезовтің "Абай жолы" романында Абайдың беделін биіктеткен ас беру рәсімі кімдікі екенін белгілеңіз. A) Құнанбай. B) Қодар. C) Кәмшат. D) Зере. E) Бөжей. |
16. Сәбит Мұқановтың патриоттық тақырыптағы өлеңін белгілеңіз. A) «Конвейер». B) «Сүт заводы». C) «Егістік». D) «Балқаш». E) «Майға сәлем». |
17. Қапия ана - Ғ. Мүсіреповтің қай шығармасының кейіпкері екенін белгілеңіз. A) "Ананың анасы". B) "Ананың арашасы". C) "Ер ана". D) "Ашынған ана". E) "Ақлима". |
18. Мақал-мәтел көп қолданылатын көркем өрнекті табыңыз. Су кірді тазартса, Ақыл миды тазартады. A) Дамыту. B) Гипербола. C) Арнау. D) Синтаксистік параллелизм. E) Аллегория. |
19. Жұбан Молдағалиевтің атын әлемге танытқан поэмасын табыңыз. A) «Байқоңыр баспалдақтары». B) «Жыр туралы жыр». C) «Жесір тағдыры». D) «Сел». E) «Мен қазақпын». |
20. Ақан серінің махаббат лирикасына жататын өлеңін табыңыз. A) «Жарқ етпес қара көңілім...». B) «Сүй, жан сәулем». C) «Ләйлім», «Ардақ». D) «Бәрінен де сен сұлу». E) «Ақ көйлек», «Жайықтың ақ түлкісі». |
21. Ж.Аймауытовтың «Әнші» деген әңгімесіндегі Жетішатыр қаласының қазіргі атын табыңыз. A) Қазір де солай. B) Ондай қала мүлде жоқ. C) Қызылжар. D) Семей. E) Ақмола. |
22. Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романында Сәрсенбайдың бәйбішесінің атын белгілеңіз. A) Мамыр. B) Ғазиза. C) Қалампыр. D) Шолпан. E) Жамал. |
23. І.Жансүгіровтің ²Әншіге² деген өлеңінде: ²Тауықпын, тары тердім Найман шалдан²,- деген жолдар бар, соның мәнін анықтаңыз. A) Әсет ақынның Найман руынан екенін көрсеткен. B) Тауықша тары терген еңбекқорлығын айтқан. C) Найман атты шалдан өнер үйренген. D) Ұйқас ретінде ала салған. E) Тауық жылы туып, қалың Найман ішінде өмір сүргенін айтқан. |
24. Мұхтар Әуезовтің төңкерістен кейінгі, колхоз тұрмысын суреттеген әңгімесін белгілеңіз. A) «Оқыған азамат». B) «Білекке білек». C) «Ескілік көлеңкесінде». D) «Жуандық». E) «Қыр әңгімелері». |
25. Ғ.Мұстафиннің тың тақырыптарға баратын батылдығын, жаңашылдығын баса айтқан сыншы-ғалымды көрсетіңіз. A) М.Рыльский. B) З.Кедрина. C) Е.Ысмайылов. D) С.Мұқанов. E) С.Қирабаев.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
