Қазақстан тарихы
1. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері: A) «Күлтегін», «Тоныкөк» B) «Ақиқат сыйы» C) «Даналық кітабы» D) «Жүсіп-Зылиқа» E) «Құт негізі-білік» |
2. Ақ Орда тағының мұрагерлері: A) Барақ пен Тоқтамыс ханның ұрпақтары B) Берке мен Өзбек ханның ұрпақтары C) Ұрыс пен Барақ ханның ұрпақтары D) Ұрыс пен Есенбұға ханның ұрпақтары E) Орда Ежен мен Шағатай ханның ұрпақтары |
3. Қазақ хандарының тегі: A) Даналар B) Қарапайым халық C) Батырлар D) Шыңғыс ұрпақтары E) Билер |
4. Тәуке ханның құқық нормалары жинағы: A) «Дала заңы» B) «Қазақ хандығы заңдары» C) «Ереже» D) «Бес жарлық» E) «Жеті жарғы» |
5. 1860 жылы 19-21 қазанда қоқандықтар мен орыс әскерлері шайқасқан жер: A) Ұзынағаш B) Тоқмақ C) Пішпек D) Шымкент E) Әулиеата |
6. Ұлы Отан соғысы болған жылдар: A) 1939-1943 жж. B) 1940-1944 жж. C) 1943-1947 жж. D) 1942-1946 жж. E) 1941-1945 жж. |
7. Тас дәуірінде үңгірді мекен еткен алғашқы адамдар төсеніш ретінде пайдаланды: A) Аң терісін B) Ағаш жаңқаларын C) Киізді D) Тақтайды E) Мал терісін |
8. Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері: A) Андрон мәдениеті B) Беғазы мәдениеті C) Дәндібай мәдениеті D) Тасмола мәдениеті E) Атасу мәдениеті |
9. Сұлудан кейін билікке келген Түргеш қағаны: A) Тұқарсан Құтшар B) Сақал C) Жыпыр D) Үшлік E) Қапаған |
10. Қазақ ханы Жәнібек тұсында достық қатынаста өмір сүрген ноғайлар мен қазақтарды «Екі туысқан Орда» деп атаған ғалым: A) М.Х.Дулати B) Л.Гумилев C) Жувейни D) Ш.Уәлиханов E) М.Қашғари |
11. 1734 жылы Ресейде құрылған «қырғыз-қайсақ» экспедициясының жетекшісі: A) П.М.Капцевич B) И.И.Бутков C) М.М.Сперанский D) В.В.Перовский E) И.К.Кирилов |
12. 1870 жылы Маңғыстау көтерілісінің басшылары өтіп кетуге мәжбүр болды: A) Иранға B) Ресейге C) Қытайға D) Хиуа хандығына E) Кавказға |
13. Дала генерал-губернаторлығының орталығы болған қала: A) Орынбор B) Түркістан C) Ташкент D) Тобыл E) Омбы |
14. 1883 жылы Ор қаласында ашылған оқу орны: A) Кадет корпусы B) Қазақ қыздар мектебі C) Қазақ мұғалімдер мектебі D) Заң мектебі E) Әскери училище |
15. Мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан сайланған депутат: A) Б.Құлманов B) М.Тынышпаев C) А.Бірімжанов D) Ш.Қосшығұлов E) Х.Нұрекенов |
16. 1919 жылы Шығыс Қазақстанды азат еткен Шығыс майданының 5-армиясының қолбасшысы: A) А.Розыбакиев B) В.Чапаев C) М.Тухачевский D) Ә.Әйтиев E) М.Фрунзе |
17. Қазақстанның ашыққан халқына көмектесу мақсатында 1921 жылы 14 маусымда қабылданған декрет: A) «Нақты ет салығы туралы» B) «Азық салығы туралы» C) «Азық-түлік салғырты туралы» D) «Нақты егін салығы туралы» E) «Мал шаруашылығы туралы» |
18. 1940 және 1950 жылдардың басында биология, медицина, геология саласындағы біраз ғалымдарға тағылған айып: A) «Ұлтшыл» B) «Саяси сенімсіз» C) «Идеологиялық тұрғыдан сенімсіз» D) «Космополит» E) «Дарынсыз» |
19. Антиядролық, экологиялық қозғалыс: A) «Руханият» B) «Невада-Семей» C) «Алаш» D) «Арал-Балқаш» E) «Азат» |
20. Тарихшы Рузбиханның өзбек ұлысында үш халықтың болғандығын айтқан уақыты: A) XI ғ. B) XII ғ. C) XV ғ. D) XIV ғ. E) XIII ғ. |
21. Барон О.А.Игельстромның жобасы бойынша Орынбор өлкесінде қазақтарды басқару үшін құрылу көзделді: A) Шекаралық бекініс B) Орал казак приставы C) Орынбор приставы D) Шекаралық сот E) Орынбор уездік басқармасы |
22. 1888 ж. жұмысшылар ереуілі өткен уезд: A) Көкшетау B) Ақмола C) Павлодар D) Өскемен E) Жаркент |
23. 1916 жылы Ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Қарашақ болысының ханы болып сайланған: A) Ахмет Байтұрсынов B) Әлихан Бөкейханов C) Оспан Шоңов D) Тұрар Рысқұлов E) Сәкен Сейфуллин |
24. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық білім беру ісі қайтадан қолға алынды: A) 1965 жылы B) 1952 жылы C) 1956 жылы D) 1949 жылы E) 1960 жылы |
25. КСРО ыдырап кеткеннен кейін, астыққа сұраныстың аздығынан Қазақстанда 1994 жылы егіс алқабы қысқарды: A) 7 млн гектарға дейін B) 14 млн гектарға дейін C) 15 млн гектарға дейін D) 6 млн гектарға дейін E) 8 млн гектарға дейін
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
