Қазақ әдебиеті
1. Ғалымдардың көне түркі жазуларына берген атауын анықтаңыз. A) Араб жазуы. B) Оғыз жазуы. C) Көне ұйғыр жазуы. D) Шағатай жазуы. E) Руна жазуы. |
2. ’’Таза мінсіз асыл тас, Су түбінде жатады. Таза мінсіз асыл сөз, Ой түбінде жатады’’ Үзінді кімдікі екенін белгілеңіз. A) Қазтуған. B) Шалкиіз. C) Доспамбет. D) Асан қайғы. E) Ақтамберді. |
3. Абайдыњ табиѓатты жырлауѓа арналѓан µлењін белгілеңіз. A) «Ғылым таппай мақтанба». B) «Көзімнің қарасы». C) «Малѓа достыњ м±њы жоқ». D) «Қор болды жаным». E) «Желсіз т‰нде жарық ай». |
4. Ескендір патшаның өз жұрты аз көрініп, көршілерге көз алартуына төмендегі мінездемелердің қайсысы сәйкес келетінін көрсетіңіз. A) Мақтаншақ, даңғой. B) Даңққұмар, озбыр. C) Қанішер, жауыз. D) Қара басының қамын ойлаушы. E) Тойымсыз, дүниеқоңыз. |
5. Шәкәрімнің музыка зерттеушісі А.В.Затаевич нотаға түсіріп алған әнін табыңыз. A) «Бостандық туы жарқырап». B) «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек». C) «Дүние мен өмір». D) «Жастарға». E) «Ақындарға». |
6. М.Жұмабаевтың алғашқы жинағының атын табыңыз. A) “Шолпан”. B) “Оян, қазақ”. C) “Уақ-түйек”. D) “Қазақ”. E) “Маса”. |
7. Аяз би қандай бейне екендігін анықтаңыз. A) Сиқырлы бейне. B) Күлдіргі бейне. C) Типтік бейне. D) Трагедиялық образ. E) Шыншыл бейне. |
8. “Ер Тарғын” жырындағы Қартқожақты райынан қайтарған аруды белгілеңіз. A) Ақжүніс. B) Гүлбаршын. C) Құртқа. D) Қаракөзайым. E) Назым. |
9. Ы.Алтынсариннің өлеңдері ұйқас түрі жағынан қайсысына ұқсас келетінін анықтаңыз. A) Батырлар жырына. B) Ауыз әдебиетіндегі өлең-жырларға. C) Лиро-эпостық жырларға. D) Жазба ақындардың өлеңдеріне. E) Жыраулар шығармашылығына. |
10. «Шұғаның белгісі» повесі (Б.Майлин) қай жылы жазылғанын табыңыз. A) 1910 ж. B) 1911 ж. C) 1914 ж. D) 1915 ж. E) 1912 ж. |
11. Жамбыл келесі өлең жолдарын қай кезде айтқанын анықтаңыз. Батаңды маған бер, әке, Тіліме менің ер, әке. Домбыра алып сөйлейін, Күнде жасап мереке... Мерекелі болған соң Елде болар береке... A) Құлмамбетпен айтысарда. B) Ақындыққа түсер жолда. C) Грузия еліне аттанар алдында. D) Езуші хандарды сынар алдында. E) Жетісу ақындарымен айтысарда. |
12. Көксеректің (М.Әуезов) серігі болған қасқырдың атын белгілеңіз. A) Ақ қасқыр. B) Қара ала төбет. C) Көк қасқыр. D) Ақ сораң. E) Аққасқа. |
13. 1954 жылғы қазақ жазушыларының III съезінде Ғ. Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш - Баян сұлу” драмасына жоғары баға берген ғалым-жазушыны табыңыз. A) С. Мұқанов. B) М. Әуезов. C) Ғ. Мұстафин. D) Қ. Жұмалиев. E) Б. Кенжебаев. |
14. «Қарағанды» романының бас кейіпкерін табыңыз. A) Мейрам. B) Щербаков. C) Жанәбіл. D) Ардақ. E) Ермек. |
15. Мойыным сұңғағындай жүзген қудың, Лебізім шырынындай шәрбат судың. Үзіндіде қандай көркемдегіш сөз бар екенін белгілеңіз. A) Теңеу. B) Синоним. C) Аллитерация. D) Ассонанс. E) Антоним. |
16. «Ирония» терминінің қандай ұғымды білдіретіндігін көрсетіңіз. A) Келемеждеу. B) Алмастыру. C) Ұлғайту. D) Кішірейту. E) Масқаралау. |
17. Халықтық дәстүрді, ұлттық өнерді қастерлеп, бағалауға арналған «Оюлар» атты өлеңнің авторын табыңыз. A) Ф.Оңғарсынова. B) С.Мәуленов. C) Ж.Молдағалиев. D) Қ.Аманжолов. E) М.Шаханов. |
18. Туған жері – түп қазығы, айбыны, Туған тілі – сатылмайтын байлығы, Туған дәстүр, салт-санасы – тірегі, Қадамына шуақ шашар үнемі. Және туған тарихы, еске алуға қаншама Ауыр әрі қасіретті болса да, - деген үзінді алынған Мұхтар Шахановтың өлеңін табыңыз. A) «Желтоқсан алауы» B) «Достық өлкесінің заңы» C) «Төрт сәуле» D) «Жігерлендіру» E) «Төрт ана» |
19. «Боран», «Шырағың сөнбесін» романдарының авторын табыңыз. A) Ә.Нұрпейісов. B) С.Ерубаев. C) Ә.Нұршайықов. D) Т.Ахтанов. E) Ш.Мұртаза. |
20. Жұпар мен гүл майының иісін білмес, Зұлматтың тұмауымен біткен мұрын. Іші зұлмат болған соң керегі жоқ Қаншама болса-дағы жүзі нұрлы,- деген үзінді Ақан серінің қай өлеңінен алынған? A) ’’Ақ көйлек’’. B) ’’Жүсіп төреге’’. C) ’’Заман адамы’’. D) ’’Қыз сипаты’’. E) ’’Сырымбет’’. |
21. «Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды» деген арнаулы мақаланы жазған кім екенін анықтаңыз. A) Мағжан Жұмабаев. B) Жүсіпбек Аймауытов. C) Ілияс Жансүгіров. D) Мұхтар Әуезов. E) Сәкен Сейфуллин. |
22. С.Сейфуллиннің ²Көкшетау² поэмасындағы тұтқын қыздың ата-анасының аллегориялық бейнесін белгілеп көрсетіңіз. A) Кептер. B) Бүркіт. C) Қарлығаш. D) Лашын. E) Сұңқар. |
23. ²Домбыра, мұнша шешен болдың неге?² деп сұрақ қоя жар салған ақынды табыңыз. A) Қ.Аманжолов. B) Ф.Оңғарсынова. C) І. Жансүгіров. D) М.Жұмабаев. E) Қ.Мырзалиев. |
24. «Абай жолы» эпопеясы – жарты ғасыр қазақ өмірінің энциклопедиясы» – деп баға берген атақты адамды табыңыз. A) Константин Федин. B) Луи Арагон. C) Әлкей Марғұлан. D) Евней Букетов. E) Қаныш Сәтбаев. |
25. С.Мұқановтың «Ботагөз» романындағы кейіпкерлердің сөйлеу тілінің ерекшелігін белгілеңіз. A) Әр кейіпкердің өзінше сөйлеу ерекшелігі бар. B) Кейіпкерлердің тілі күрделі, қиын. C) Кейіпкерлер тілі өте әшекейлі, әсем. D) Сезім тілімен сөйлеген. E) Қарапайым сөйлеу тілі арнасы сақталған.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
