Биология
1. Жасушаның көбеюіне қатысады A) Пластидтер B) Вакуоль C) Қабықша D) Цитоплазма E) Ядро |
2. Дене пішіні тұрақсыз жалғанаяқты қарапайым біржасушалы жәндік A) Эвглена B) Амеба C) Лейшмания D) Кірпікшелі кебісше E) Вольвокс |
3. Тек қана тірі ағзалардың денесіндегі органикалық заттармен қоректенетін бактериялар A) Паразиттер. B) Сапрофиттер. C) Топырақ бактериялары. D) Түйнек бактериялары. E) Сүтқышқылы бактериялар. |
4. Дүние жүзі бойынша мүктәрізділердің түрлерінің жалпы саны: A) 22 мыңнан 27 мыңға дейін B) 700 C) 100 мыңнан астам D) 3 мыңнан 6 мыңға дейін E) 12 мың |
5. Жасушадағы органикалық қосылыстар A) Су, минералды тұздар B) Калий тұздары C) Кальций фосфаты D) Магний тұздары E) Нәруыздар, май |
6. Сүйек және шеміршек ұлпаларының атқаратын қызметі A) Энергетикалық B) Тіректік, механикалық C) Өткізгіштік D) Тасымалдау E) Қорғаныш |
7. Түйнекті тамырлы өсімдік A) Үнді фикусы. B) Сәбіз. C) Нарғызгүл. D) Саңырауқұлақ. E) Орхидея (сүйсін). |
8. Тікенекті, ілмешекті жемістердің таралу жолы. A) Желмен B) Жануарлармен C) Өздігінен D) Сумен E) Жарықпен |
9. Ақ сұламаның тіршілігі: A) Пассивті тіршілік етеді B) Бекініп тіршілік етеді C) Паразитті тіршілік етеді D) Еркін жүзіп тіршілік етеді E) Селбесіп тіршілік етеді |
10. Орамжапырақ гүлшоғыры: A) Шатыршагүл. B) Себетгүл. C) Шашақгүл. D) Масақ. E) Күрделі масақ. |
11. Бір затқа бекініп, отырықшылық қалыпта тіршілік ететін ішекқуысты A) Кебісше. B) Теңіз жұлдызы. C) Эвглена. D) Медуза. E) Полип. |
12. Сүтқоректілердің күрделі қозғалыстарының үйлесімділігіне байланысты жақсы дамыған бас миының бөлімі A) Ортаңғы ми. B) Алдыңғы ми. C) Аралық ми. D) Мишық. E) Сопақша ми. |
13. Көздері бадырайып, шарасынан шығатын ауру A) Базедов B) Микседема C) Кретинизм D) Туберкулез E) Іспебұғақ |
14. Қанда эритроциттердің азайып, гемоглобиннің кемуінен болатын ауру. A) Қаназдық. B) Гипотония. C) Ақ қан ауруы. D) Жүрек кемістігі. E) Гипертония. |
15. Aдамның қарын сөлінің құрамында болатын тұз қышқылы A) өт бөледі. B) нәруызды синтездейді. C) бактерияларды өлтіреді (жояды) және ферменттердің белсенділігін арттырады. D) көмірсуды ыдыратады. E) қарын қуысындағы жарақаттанған жерді жазады. |
16. Хромосоманың қызметі: A) Жасушаның қозғалуына әсер етеді. B) Тұқым қуалаушылық ақпаратын сақтайды. C) Тыныс алуға қатысады. D) Көмірсу синтездейді. E) Фотосинтезге қатысады. |
17. Митоз процессі зақымдалса A) хромосомалар санында ауытқулар туады, хромосомалар саны өзгереді B) хромосомалар өзгермейді C) хромосомалар бір қалыпты келеді D) хромосомалар қалыптасады E) хромосомалар біркелкілікке ұшырайды |
18. Хромосома санының өзгеруі, құрам санының артуы болатын мутация түрі: A) Геномдық B) Гендік C) Дупликация D) Цитоплазмалық E) Хромосомалық |
19. Биопоэз теориясы тұжырымдалады: A) Бейорганикалық заттардың ыдырауы B) Органикалық қосылыстардың ыдырауы C) Бейорганикалық заттардан микроорганизмдердің түзілуі D) Бейорганикалық заттардан тұздардың пайда болуы E) Органикалық заттар тірі организмдер арқылы түзіледі |
20. Азот әсер ететін қырыққабаттың мүшелері: A) Гүліне B) Жемісіне C) Жапырағы мен сабағына D) Пиязшығына E) Түйнегіне |
21. Адамның қалқанша безінің жұмысын жақсарту үшін тамаққа қосатын балдыр A) Саргассум B) Ламинария C) Кладофора D) Диатом балдыры E) Порфира |
22. Мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. A) Кеңірдек B) Бронхы C) Мұрын қуысы D) Аңқа E) Көмей |
23. Зат алмасудың екінші атауы. A) Ассимиляция. B) Диссимиляция. C) Анаболизм. D) Катаболизм. E) Метаболизм. |
24. Популяция терминін енгізген ғалым A) К.Линней B) С.Миллер C) В.Иогансен D) Ч.Дарвин E) Э.Геккель |
25. Су қоймасындағы продуцент A) Шөп. B) Ағаш. C) Қына. D) Мүктер. E) Балдыр.
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
