Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_530.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
778.75 Кб
Скачать

Қазақ әдебиеті

1. Абайдың Крыловтан аударған мысалын белгілеңіз.

A) «Малға достың мұңы жоқ».

B) «Интернатта оқып жүр».

C) «Сегіз аяқ».

D) «Есек пен бұлбұл».

E) «Қыс».

2. Әсет Найманбаевтың айтыстарының ішіндегі ең айрықша, көркемін көрсетіңіз.

A) Табиямен айтысы.

B) Ырысжанмен айтысы.

C) Біржанмен айтысы.

D) Сүйінбаймен айтысы.

E) Сарамен айтысы.

3. Көркем шығармада суреттелетін табиғат көрінісі қалай аталатындығын табыңыз.

A) Монолог.

B) Диалог.

C) Пейзаж.

D) Арнау.

E) Мінездеу.

4. Аяқталған біртұтас ойды білдіретін өлең өлшемінің атауын белгілеңіз.

A) Тармақ.

B) Ұйқас.

C) Шумақ.

D) Бунақ.

E) Буын.

5. Ж.Молдағалиевтің «Мен - қазақпын» шығармасындағы лирикалық кейіпкер кімнің атынан сөйлейтінін табыңыз.

A) Халық атынан.

B) Ақын атынан.

C) Жастар атынан.

D) Тарих атынан.

E) Өз атынан.

6. «Шыңырау» повесінің авторын табыңыз.

A) Ә.Тәжібаев.

B) І.Есенберлин.

C) Ә.Нүрпейісов.

D) Ә.Кекілбаев.

E) Ш.Мұртаза.

7. “... Алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті. Алты жылда алып жігіт болыпты.

... Құралайды көзінен тигізген мерген болыпты. Қарасу бойындағы жыртық үйлі кедейлер қарық болыпты да қалыпты...”- Сипаттама қай ертегіден алынғанын анықтаңыз.

A) ’’Керқұла атты Кендебай’’.

B) ’’Толағай’’.

C) ’’Қаңбақ шал’’.

D) ’’Алыптар туралы ертегі’’.

E) ’’Алтын сақа’’.

8. Ақындар айтысының ерекшелігі – онда «халық театрының анық, дәл ұрығы бар» деген пікірдің иесін табыңыз.

A) С.Сейфуллин.

B) С.Мұқанов.

C) І.Жансүгіров.

D) Ә.Марғұлан.

E) М.Әуезов.

9. Ы.Алтынсариннің ²Қазақ хрестоматиясына² кіргізгендерін белгілеңіз.

A) Өлеңдер мен әңгіме-новеллалар.

B) Шағын әңгімелер.

C) Өлеңдер мен дастандар.

D) Әңгіме, өлең, пьесалар.

E) Шағын өлеңдер.

10. «Ертістің құба талы секілденіп,

Алдымнан майысып шық бұрал-дағы …» - үзінді Ақанның қай өлеңінен алынғандығын табыңыз.

A) “Заман адамы”

B) “Асыл мен жасық”

C) “Жайықтың ақ түлкісі”

D) “Ақ көйлек”

E) “Құлагер”

11. М.Жұмабаевтың күнді күлдіріп, желді жүргізіп, суды жүгіртіп, жерді ұйқыдан тұрғызып, бүлдіршіндей киіндіріп, ұйқысын ашатын өлеңін белгілеңіз.

A) «Жазғытұрым».

B) «Сүйемін».

C) «Жазғы жолда».

D) «Жаз келеді».

E) «Қысқы жолда».

12. Ақмоладағы Приходская школада, қалалық училищеде, Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған ақын-жазушыны белгілеңіз.

A) М.Жұмабаев.

B) Ж.Аймауытов.

C) І.Жансүгіров.

D) Ғ.Мүсірепов.

E) С.Сейфуллин.

13. Қ.Аманжолов Абдолла Жұмағалиевке қандай поэма арнағанын белгілеңіз.

A) ’’Берлин көшесінде’’.

B) ’’Майданбек’’.

C) ’’Ер туралы жыр’’.

D) ’’Ақын өлімі туралы аңыз’’.

E) ’’Жиырма сегіз’’.

14. Өтеген, Сұраншы батыр туралы жазған ақынды белгілеңіз.

A) И.Байзақов.

B) Ж.Жабаев.

C) Т.Жароков.

D) Н.Байғанин.

E) М.Мақатаев.

15. М.Әуезов білім алған оқу орнын белгілеңіз.

A) Томск политехникалық институты.

B) Мәскеу қызыл профессура институты.

C) Коммунистік журналистика институты.

D) Санкт-Петербург университеті.

E) Омбы мұғалімдер семинариясы.

16. М.Әуезовтің тұңғыш көркем туындысы қалай аталатынын белгілеңіз.

A) ’’Абай жолы’’.

B) ’’Қилы заман’’.

C) ’’Еңлік - Кебек’’.

D) ’’Көксерек’’.

E) ’’Қарагөз’’.

17. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында Бөжей үйіне берілген Абайдың қарындасының есімін атаңыз.

A) Кәмшат.

B) Салтанат.

C) Ділда.

D) Тоғжан.

E) Мәкіш.

18. Итбай қай шығарманың кейіпкері екенін атаңыз.

A) “Бақытсыз Жамал”.

B) “Ботакөз”.

C) “Сұлушаш”.

D) “Кім жазықты?”.

E) “Құлагер”.

19. М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы көлдің атын көрсетіңіз.

A) Бозша көл.

B) Жетім көл.

C) Тұщы көл.

D) Жалаңаш көл.

E) Сабындыкөл.

20. Елтеріс хан өмірден өткенде, артында қалған ұлын анықтаңыз.

A) Білге.

B) Тонұқұқ.

C) Бұмын.

D) Қаған.

E) Қапаған.

21. ХV-XVІІІ ғ. жыраулар поэзиясының өкілін анықтаңыз.

A) Үмбетей.

B) Шортанбай.

C) Шернияз.

D) Махамбет.

E) Мұрат.

22. Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,

Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ,

Жел соқса, құйын қуса, жылжи беру,

Болғандай табан тірер еш нәрсе жоқ, - деген үзіндінің авторын табыңыз.

A) С.Торайғыров.

B) М.Дулатов.

C) А.Байтұрсынов.

D) С.Көбеев.

E) С.Дөнентаев.

23. «Елім-ай» өлеңінің авторын табыңыз.

A) С.Дөнентаев.

B) С.Торайғыров.

C) М.Дулатов.

D) Т.Айбергенов.

E) М.Жұмабаев.

24. Одаққа атағы кетіп, ССРО Жазушыларының І съезінде сөз сөйлеген ақын-жазушыны табыңыз.

A) М.Әуезов.

B) І.Жансүгіров.

C) Ғ.Мүсірепов.

D) С.Сейфуллин.

E) Ж.Жабаев.

25. Ғ.Мүсіреповтің ’’Ұлпан’’ романындағы Ұлпанға мұңдас әйелді табыңыз.

A) Шолпан.

B) Несібелі.

C) Разия ханым.

D) Шынар.

E) Мақпал.

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]