Биология
1. Пластидтер болады A) Жануарлар жасушасында B) Қарапайымдыларда C) Саңырауқұлақтарда D) Өсімдіктерде E) Вирустарда |
2. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің тамырымен селбесіп, тамақ өнеркәсібінде кеңінен пайдаланатын тірі табиғаттың ерекше тобы A) Плаундар B) Вирустар C) Жануарлар D) Саңырауқұлақтар E) Мүктер |
3. Шеткі жүйке жүйесінің бөлімі: A) ми бағаны B) жұлын C) мишық D) жүйкелер, жүйке түйінділері E) үлкен ми сыңары |
4. Ағзада болатын қанның мөлшері A) 5,5-6 л B) 6,5-7 л C) 3,5-4 л D) 4,5-5 л E) 2,5-4 л |
5. Адамға қажетті өнімдерді биологиялық обьектілердің көмегімен өндіру - A) Биотехнология B) Селеция C) Гендік инженерия D) Алыстан будандастыру E) Генетика |
6. Табиғи биогеоценоздар - A) Табиғи сұрыпталудың әсерінен пайда болады. B) Қолдан сұрыптаудың әсерінен пайда болады. C) Техникамен өңделеді. D) Адам қатысып өнім алынады. E) Адам арқылы реттеледі. |
7. Тыныс алу қызметін атқаратын тамыр қандай өсімдікке тән A) Нарғызгүл B) Сәбіз C) Орхидея (сүйсін) D) Саңырауқұлақ E) Үнді фикусы |
8. Жемісі қауашақты өсімдік: A) Сасық меңдуана, темекі. B) Жер жаңғақ, қарағай. C) Асбұршақ, соя. D) Шие, тұшала. E) Алма, алмұрт. |
9. Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратын споралы өсімдік A) Қарағай B) Шырша C) Ақ мүк D) Плаун E) Қырықбуын |
10. Құрамында С витамині көп өсімдік: A) Бидай B) Күріш C) Баклажан D) Сарымсақ E) Інжугүл |
11. Өзен шаянының тыныс алу мүшесі A) өкпе B) сифон C) денетүтік D) денесі E) желбезек |
12. Қосмекенділердің дернәсілі тыныс алады A) Желбезек арқылы. B) Өкпе арқылы. C) Тері арқылы. D) Ауа қапшығы арқылы. E) Трахея арқылы. |
13. Гормондары бой өсуіне, дамуына әсер ететін без A) бүйрек үсті. B) қалқаншаны. C) айырша. D) гипофиз. E) тері. |
14. Мұрын қуысының ішкі қабырғасын астарлайтын қабықша. A) Сілемейлі B) Иірімдерлі C) Шеміршікті D) Талшықты E) Дыбыс |
15. Адам ағзасындағы ең үлкен асқорыту безі. A) Гипофиз. B) Айырша (тимус). C) Бауыр. D) Ұйқы. E) Сілекей. |
16. 1 грамм май ыдырағанда бөлінетін энергия A) 20 кДж B) 40,1 кДж C) 36 кДж D) 37,2 кДж E) 38,9 кДж |
17. Лизосоманың қызметі: A) Макромолекулаларды ыдырату B) Суды ыдырату C) Қорғаныс D) АТФ синтездеу E) Нәруызды синтездеу |
18. Жер тарихының алғашқы кезеңінде тек химиялық эволюция жүріп отырғандығы туралы болжам жасаған A) В.Докучаев B) А.Опарин C) А.Северцов D) В.Вернадский E) Ф.Энгельс |
19. Адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін зерттейтін ғылым саласы A) Палеонтология B) Антропология C) Зоология D) Микология E) Экология |
20. Сояу сабақты өсімдік A) Кактус B) Бетеге C) Бидайық D) Жабайы алмұрт E) Қырыққабат |
21. Ішектің қабырғасындағы сілемей қабықшаны бүлдіріп, жара қылады A) Қантышқақ амеба B) Құртамыш C) Лямблия D) Лейшмания E) Кәдімгі амеба |
22. Ауа райы салқын солтүстік аймақтарда қосмекенділердің сирек таралу себебі: A) Топырақтың құрамында минералды тұздардың аз болуы B) Бунақденелілердің аз мөлшерде болуы C) Сулы ортасы болмауы D) Қорегі жетіспеуі E) Қоршаған ортаның температурасына тәуелді болуы |
23. Өсімдік дүниесінің жоғарғы сатысы A) Туыс B) Түр C) Бөлім D) Тұқымдас E) Класс |
24. Ми сауытындағы жұп сүйек: A) Таңдай B) Маңдай C) Шүйде D) Самай E) Қарағұс |
25. Эпидермис қабатын түзетін ұлпа A) Дәнекер B) Эпителий C) Бұлшықет D) Жүйке E) Тірек
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
