Қазақстан тарихы
1. Сырдария өзенінің орта ағысын б.з.б. 3-2 ғасырлар мен б.з. 5 ғасыры аралығында мекендеген тайпа: A) cарматтар B) қаңлылар C) ғұндар D) исседондар E) үйсіндер |
2. Қаракеңгір өзенінің оң жағында күмбезі орналасқан хан: A) Барақ B) Тәуке C) Алаша D) Қасым E) Шыңғыс |
3. 1867-1868 жж. реформа бойынша Түркістан генерал-губернаторлығына кірген облыстар: A) Жетісу, Сырдария B) Орынбор, Торғай C) Омбы, Әулиеата D) Жизақ, Ташкент E) Ақмола, Семей |
4. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресінің» авторы: A) А.Байтұрсынұлы B) Т.Ізтілеуов C) Ш.Құдайбердіұлы D) С.Көбеев E) С.Дөнентаев |
5. 1913-1917 жылдарда «Қазақ» газетінің редакторы болған қайраткер: A) С.Торайғыров B) М.Дулатов C) Ш.Құдайбердіұлы D) А.Байтұрсынұлы E) Ә.Бөкейханов |
6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың басты қозғаушы күші: A) Казактар B) Дін өкілдері C) Халық бұқарасы D) Саудагерлер E) Байлар |
7. Бұдан он мың жыл бұрын мезолит дәуірінде адамдар шаруашылығында пайда болған жаңалық: A) Көшпелі мал шаруашылығы B) Мысты пайдалану C) Егіншілік D) Тастан құрал жасау E) Қыш құмыра жасау |
8. Қыпшақтардың этникалық құрамындағы 16 тайпадан тұратын бөлігі: A) Оңтүстік B) Солтүстік C) Батыс D) Шығыс E) Орталық |
9. Әмір Темір Орта Азияда билік құрды: A) 1365-1400 жж. B) 1370-1405 жж. C) 1360-1395 жж. D) 1375-1410 жж. E) 1380-1415 жж. |
10. XV ғасырдың аяғындағы Қазақ хандығының негізгі қарсыласы: A) Көшім B) Уайс хан C) Мұхаммед Шайбани D) Әмір Темір E) Жүніс хан |
11. «Шыңғыснама» тарихи шығармасының авторы: A) М.Х.Дулати B) Шах-Махмуд Шорас C) Әбілғазы Бахадур D) Қадырғали Жалайыри E) Өтеміс қажы |
12. Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың басшылығымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер: A) А.И.Тевкелев, И.К.Кириллов B) Ә.Байбатырұлы, Н.Жанжігітұлы C) С.Қойдағұлұлы, Қ.Қоштайұлы D) И.К.Кириллов, С.Қойдағұлұлы E) Ералы, Нұралы |
13. 1771 ж. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін хан тағына отыруға тиіс мұрагер: A) Әбілпайыз B) Бөкей C) Уәли D) Кенесары E) Абылай |
14. 1858 жылы наурызда Қоқан езгісіне қарсы ең ірі көтерілістің бірі басталды: A) Әулиеата маңында B) Ташкент маңында C) Ақмешітте D) Пішпек түбінде E) Шымкент маңында |
15. Азамат соғысы жылдарында ақгвардияшылармен бір топта болды: A) «Түркістан федералистер партиясы» B) «Большевиктер» C) «Үш жүз» D) «Алашорда» E) «Түркістан кеңесі» |
16. 1931-1932 жылдары педагогикалық институттар ашылған Қазақстан қалалары: A) Қарағанды, Павлодар B) Өскемен, Семей C) Орал, Қызылорда D) Қостанай, Ақмола E) Петропавл, Ақтөбе |
17. «Берлин операциясының» басталған уақыты: A) 1941 жыл 16 сәуір B) 1942 жыл 16 сәуір C) 1939 жыл 16 сәуір D) 1945 жыл 16 сәуір E) 1944 жыл 16 сәуір |
18. 1960 жылдары қазақ жастары Семейде құрған ұйым: A) «Жас тұлпар» B) «Жас қазақ» C) «Тайшұбар» D) «Жас алаш» E) «Дос-Мұқасан» |
19. 2004 жылы қыркүйекте Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауы алдында саяси партиялар туралы жаңа заң бойынша ресми тіркелген партиялар саны: A) 3 B) 5 C) 8 D) 10 E) 12 |
20. Хорезммен жақындасуына байланысты қыпшақтар арасында ислам діні кең тарай бастаған уақыт: A) XII ғасырдың бірінші жартысы B) XIV ғасырдың бірінші жартысы C) XIII ғасырдың бірінші жартысы D) XIII ғасырдың екінші жартысы E) XII ғасырдың екінші жартысы |
21. Қасым ханның кезінде Шайбани ұрпағы Сүйініш қожа билік жүргізген қала: A) Қашғар B) Түркістан C) Сайрам D) Ташкент E) Самарқан |
22. 1866 жылы Бұхар хандығының солтүстігіндегі қазақтар өзбектермен қатар билігін мойындады: A) Цинь империясының B) Ресейдің C) Хиуаның D) Жоңғарияның E) Қоқанның |
23. ХІХ ғасырдағы Орал облысындағы белгілі жәрмеңке: A) Ойыл B) Қоянды C) Жаркент D) Шар E) Қарқара |
24. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жоғарыдан төмен қарай, иерархиялық-пирамидалық құрылымға айналған ұйым: A) Кеңес Одағының коммунистік партиясы B) Халықтық-демократиялық майдан C) Кеңес Одағының большевиктік партиясы D) Социал-демократиялық партия E) Кеңес Одағының социалистік партиясы |
25. 1990 жылы кеңестік жүйеге ауыр соққы болып тиген оқиға: A) Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялауы B) Варшава шартының ыдырауы C) КСРО-ның құлауы D) Ресей Федерациясының өз тәуелсіздігін жариялауы E) М.Горбачевтің биліктен кетуі
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
