Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силабус ДБ каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219.78 Кб
Скачать
  1. Иннтенрннің өзбетінше жұмысы:

Сабақ уақытындағы дәрігер-интерннің өзбетінше жұмысы:

  • функционалды диагностика бөлімшесінің арнайы бөлмелерінде жұмыс;

  • клиникалық талдауға, кафедра меңгерушісінің, профессордың немесе доценттің қарап, тексеруіне науқасты дайындау;

  • дәрігерлік конференцияға тақырыптық хабарлама дайындау;

  • медициналық құжаттарды жүргізу;

  • дәрігер үшін тиесілі көлемде санитарлық-ағарту жұмыстарын орындау;

  • кафедраның СҒҰ қатысу, ғылыми конференцияларда шығып сөйлеу;

  • педиатрлар Ассоциациясының, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың, симпозиумдардың және т.б. жұмыстарына қатысу;

  • симуляциялық сценарийлер бойынша тәжірибелік дағдыларды тәжірибелік дағдылар Орталығында өтеу;

Дәрігер –интерннің аудиториядан тыс жұмысы:

  • арнайы медициналық әдебиеттерді оқу;

  • электронды-ақпараттық қорлармен, оның ішінде Ғаламтор желісінің медициналық порталдарымен жұмыс;

  • медициналық статистика және есептерінің негіздерін оқу;

  • персональды компьютер жұмысының дағдыларын жетілдіру;

Аудиториядан тыс өзіндік жұмыс қорытындылар бойынша бағаланылады:

1. «Аналитикалық матрица» топтық жобаны орындау – жоба 1 семестр бойына орындалады;

2. Арнайы тапсырмалар – ұсынылған тақырыптар бойынша диагностиканың алгоритмі немесе медициналық симуляцияның сценариін құру;

Оқытушының жетекшілігімен интерннің тәжірибелік жұмысы:

  • бөлімшелерде дәрігер-интерндердің жұмысы – курация, медициналық құжаттарды жүргізу, қабылдау және қарқынты терапия бөлімшелерінде жұмыс, функционалды диагностика бөлімшесінің арнайы мамандандырылған бөлмелерде жұмыс;

  • профессорлар мен доценттердің қатысуымен тексерулерге, консилиумдарға, науқастарды клиникалық талдауларға қатысу;

  • кафедра меңгерушісінің, профессордың немесе доценттің қарап, тексеруіне, клиникалық талдауға науқасты дайындау;

  • оқытушының бақылауымен тәжірибелік дағдыларын және жасай алуын жетілдіру;

  • ғылыми-тәжірибелік, патологоанатомиялық конференцияларға қатысу;

  • таңертеңгілік дәрігерлік конференцияларға қатысу;

  • дәрігерлік конференцияларға арналған тақырыптық хабарламаларды дайындау;

  • дәрігер үшін міндетті көлемдегі санитарлық-ағарту жұмыстарын орындау - әңгімелесу, дәрістер, ақпараттық парақтар, санбюллетендер (модул үшін 1), (чек-парақ).

Аптасына 1 күн - медициналық құжаттарды жүргізу сапасын бағалау (чек-парақ)

Аптасына 1 рет – таңертеңгілік конференцияға есеппен аурухананың бөлімшелерінде және қабылдау бөлімшесінде дәрігердің көмекшісі ретінде кезекшілік ету (чек-парақ).

Оқытушының жетекшілігімен интерннің теориялық дайындығы:

Аптасына 3 күн – тақырыптық/клиникалық науқасты талдау (талдауға немесе патолого-анатомиялық конференцияларға арналған клиникалық жағдаятты презентациялау, ауру тарихын рецензиялау) - (чек-парақ)

Аптасына 2 күн - семинар (пікірталастар, ми шабуылы, кейс-стади, жұппен жұмыс, брейн-ринг, рөлдік ойын және т.б.) – оқушылардың когнитивті қабылетіне байланысты нақты әдісті таңдау оқытушыға байланысты. Семинар сабақтың тақырыбы бойынша интерннің өзбетінше дайындаған материалын (мақалаларға, хабарламаларға шолу), тесттік тапсырмаларды орындау немесе ситуациялық тапсырмаларды шешуді бағалаудан тұрады (чек-парақ).

*Ескерту: тәжірибелік дағдылар Орталығында тренингтер өткізу кезінде: ТДО сабақты тақырыптық талдау/семинар ауыстырады

  1. ПӘННІҢ САЯСАТЫ: оқу үрдісін ретімен және мақсатты бағытталған жүзеге асырудан тұрады. Интерндерге талаптар медициналық жоғары оқу орындарындағы оқытудың жалпы қағидаларына негізделген.

  1. Интерндер сабаққа дайындалған күйде келуге тиіс;

  2. Интерны клиникада болуға рұқсатымен –санитарлық кітапшасының болуы тиіс;

  3. Киім түрі:

  • Киімнің кеңселік стилі;

  • Таза үтіктелген халат, колпак, ауыстыратын аяқ киімі (ТДО сабақтар кезінде - бахиллалар);

  • Жеке фонендоскоп, блокнот, қалам, сантиметрлік таспа, портативті шам;

  • Бетперде;

  1. Әрбір интреннің бейдж болуы тиіс (ЖОО атауы, ТАӘ, топ номері);

  2. Интерндер клиникалық, клинико-анатомиялық конференцияларға қатысуы тиіс;

  3. Интерндер визитиг профессорлармен өткізілетін оқытатын семинарларға қатысуы тиіс;

  4. Интерндер кафедраның клиникалық базалары болып табылатын ауруханалардағы науқастарды курациялауы тиіс;

  5. Интерндер оқу бағдарламасымен қарастырылған көлемде диагностикалық, емдік, профилактикалық шараларды орындауы тиіс;

  6. Интерндер қажетті құжаттарды ұқыпты және дер кезінде жүргізуі тиіс;

  7. Интерндер бөлімше меңгерушісімен, кафедраның профессор, доценттерімен консилиумдарға, клиникалық қарап, тексерулерге қатысуы тиіс;

  8. Интерндер тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуі тиіс;

  9. Интерндер этика және деонтологияның қағидаларын сақтауы тиіс;

  10. Интерндер жасына, жынысына, ұлтына және дініне қарамай, барлық науқастармен және олардың ата-аналарымен бірдей жақсы және сыпайы сөйлесуі тиіс;

  11. Интерннің жағдайына қарай жеке басының гигиенасын және қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде сақтауы тиіс;

  12. Науқастарды курациялау барысында дамыған барлық қиыншылықтар туралы Сіздің оқытушыңызға немесе оны алмастырушы кафедра қызметкеріне кешіктірмей хабарлау қажет;

  13. Сабаққа немесе таңертеңгілік конференцияға кешігуге болмайды. Интерн кешігетін болса сабаққа жіберу туралы шешімді сабақты жүргізіп отырған оқытушы қабылдайды. Үшінші рет кешігуден кейін интерн кафедра меңгерушісінің атына кешігудің себебін көрсетумен түсініктеме жазып, сабаққа жіберу туралы жолдама алу үшін деканатқа жіберіледі;

  14. Белгіленген уақыттан ерте сабақтан кету, оқу уақытының кезінде жұмыстан тыс орындарда болса сабақты жіберген болып есептелінеді. Оқу уақытында интерндер қосымша жұмысқа жіберілмейді (тәжірибелік сабақ жене кезекшілік уақытында).

  15. Интерндерге - кураторға ескертусіз және себепсіз сабақты 3 артық жіберген болса, оқудан шығаруды ұсынумен рапорт ресімделеді.

  16. Жіберілген сабақтар өтелмейді, жіберген күндеріне стипендия төленбейді.

  17. Дәрігер-интерндерге ҚазҰМУ және клиникалық базалардың ішкі тәртіп Ережесі толығымен таратылады.

  18. Егер интерн кафедрадан қандайда бір ақпаратты алғысы келсе, ол жаңа СD-диск алып келуі тиіс. ПК вирусты жұқтыру қауіптілігіне байланысты, ақпараттар флеш-тасымалдаушыларға берілмейді;