Қазақ әдебиеті
1. ...Жаманға жазатайым ісің түссе, Жабысып қалады екен аспан жерге, - деген жолдар алынған Ақан серінің өлеңін белгілеңіз. A) ²Асыл мен жасық². B) ²Заманға қарап айтқан сөз². C) ²Жақсы мен жаман². D) ²Заман адамы². E) ²Жүсіп төреге². |
2. Ж.Жабаевтың 15-16 жасар шамасында шығарған өлеңін белгілеңіз. A) «Зілді бұйрық». B) «Тарас». C) «Шағым». D) «Отанды сүй». E) «Амангелді». |
3. Бақтығұл мен Тектіғұл Әуезовтің қай шығармасының кейіпкерлері екенін анықтаңыз. A) ’’Қараш-қараш оқиғасы’’. B) ’’Қорғансыздың күні’’. C) ’’Қарагөз’’. D) ’’Еңлік-Кебек’’. E) ’’Көксерек’’. |
4. Ғ. Мүсіреповтің әңгімесін табыңыз. A) «Сексен сом». B) «Айша». C) «Ақбілек». D) «Ботагөз». E) «Қос Шалқар». |
5. Сюжеттің анықтамасын белгілеңіз. A) Бір адамның ұзақ сөзі. B) Оқиғаның мезгілін, орнын көрсету. C) Оқиғалар арасындағы байланыс. D) Оқиға не оқиғалар жиынтығы. E) Адамның сырт бітімін суреттеу. |
6. Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен, Есенинмін демедім ешкімге мен. Қазақтың қара өлеңі – құдіретім, Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, - деген үзінді Мұқағалидің қай өлеңінен екенін белгілеңіз. A) «Поэзия». B) «Анау – аспан, мынау – бақ». C) «Мен таулықпын». D) «Фантазия». E) «Қара өлең». |
7. «Күлтегін» жырындағы «тауғаштар» деп аталған тайпаны анықтаңыз. A) Қыпшақтар. B) Үйсіндер. C) Қытайға қараған түркі тайпалары. D) Ноғайлар. E) Монғолдар. |
8. Сыңсуды өлеңнің қай түріне жатқызуға болатынын көрсетіңіз. A) Элегиялық өлең. B) Үгіт өлең. C) Арнау өлең. D) Жоқтау өлең. E) Айтыс өлең. |
9. ’’Ер Тарғын’’ жырында батырды 2 рет алдаған ханды белгілеңіз. A) Домбауыл. B) Ханзада. C) Бұлалай. D) Ақшахан. E) Олалай. |
10. Өз тұсындағы ханға «Орыспенен соғыспа» деп үн қататын жырауды табыңыз. A) Доспамбет. B) Бұқар. C) Жиембет. D) Махамбет. E) Асан қайғы. |
11. Ы.Алтынсариннің 1876 ж. Петербург, Қазан қалаларына қандай мақсатпен барғандығын табыңыз. A) Білімін жетілдіруге. B) Орыс ағартушыларының оқулықтарын зерттеуге. C) Денсаулығын жөндеуге. D) Өз оқулығын шығаруға. E) Қыдырып, демалуға. |
12. Абай Қ±нанбай±лыныњ Лермонтовтан аударѓан өлеңін белгілеңіз. A) «¤лсем орным қара жер». B) «Бойы б±лѓањ». C) «Жазѓыт±ры». D) «Альбомнан». E) «Кµлењке басын ±зартып». |
13. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады …» - деген пікірдің иесін табыңыз. A) Шәкәрім Құдайбердиев. B) Лев Толстой. C) Мағжан Жұмабаев. D) Ғабит Мүсірепов. E) Абай Құнанбаев. |
14. 15-16 жасында үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып, екі сыныпты мектепке түскен жазушыны табыңыз. A) С.Мұқанов. B) М.Жұмабаев. C) Б.Майлин. D) Ж.Аймауытов. E) С.Торайғыров. |
15. І.Жансүгіровтің алғашқы жинағының атын табыңыз. A) «Беташар». B) «Арман». C) «Гималай». D) «Жетісу суреттері». E) «Сағанақ». |
16. Қасым Аманжолов кім, дұрысын табыңыз. A) Ақын. B) Жазушы. C) Актер. D) Жұмысшы. E) Сатирик. |
17. Ғ.Мұстафиннің романын табыңыз. A) “Қос шалқар”. B) “Дауылдан кейін”. C) “Шұғыла”. D) “Ұлпан”. E) “Тулаған толқында”. |
18. Көркем бейнелеудің қай түрі бар екенін табыңыз. "Шыңы - бұлт, екпіні - жел, аттар - қаңбақ" (І. Жансүгіров). A) Метафора. B) Синекдоха. C) Кейіптеу. D) Эпитет. E) Теңеу. |
19. Тұманбай Молдағалиевтың «Мен қазақтың баласымын» өлеңінен алынған: Қазақ деген халықтың баласымын, Баласына беретін бар асылын. Мінін көрсе қиналып інісінің, Тілін алып өсетін анасының, - деген өлең жолдарында айтылатын негізгі ойды анықтаңыз. A) Қазақ халқының бірлік, ынтымақ жайлы ойлары. B) Қазақ халқының еңбексүйгіштікке баулу туралы тәрбиелік ойлары. C) Халқымыздың табиғатты қорғау дәстүрлері. D) Халқымыздың отансүйгіштік қасиеттерінің көріністері. E) Халқымыздың ұлттық тәлім-тәрбиесінің жарқын көріністері. |
20. Шәкәрім өз өлеңінде ұстазым деп көрсеткен адамды табыңыз. A) А.С.Пушкин. B) Салтыков-Щедрин. C) Қожа Хафиз. D) Л.Н.Толстой. E) Әл-Фараби. |
21. А.Байтұрсыновтың бастырған эпостық жырын көрсетіңіз. A) «Ер Тарғын». B) «Қобыланды». C) «Ер Көкше». D) «Ер Қосай». E) «Ер Сайын». |
22. С.Сейфуллиннің 1922 жылы басылып шыққан өлеңдер жинағы. A) «Жұбату». B) «Асау тұлпар». C) «Бақыт жолына». D) «Қызыл сұңқарлар». E) «Жер қазғандар». |
23. М.Әуезовтің екі рет өңделіп (1943 ж., 1956 ж.) өзгерістер енгізген пьесасын белгілеңіз. A) «Бәйбіше-тоқал». B) «Абай». C) «Тас түлек». D) «Айман-Шолпан». E) «Еңлік-Кебек». |
24. C.Мұқановтың драматургия саласындағы еңбегін табыңыз. A) “Ш.Уәлиханов”. B) “Сырдария”. C) “Балуан Шолақ”. D) “Теміртас”. E) “Ботагөз”. |
25. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы Тұрардың мектепке барғандағы фамилиясын табыңыз. A) Рысқұлов. B) Сармолдаев. C) Қырғызбаев. D) Нұргианов. E) Тоқбаев.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
