Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_508.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
830.46 Кб
Скачать

Қазақ әдебиеті

1. Қасым Аманжоловтың Ұлы Отан соғысында оққа ұшқан қазақ ақыны Абдолла Жұмағалиев туралы жазған шығармасын табыңыз.

A) «Ақын өлімі туралы аңыз».

B) «Дауыл».

C) «Дариға, сол қыз».

D) «Өзім туралы».

E) «Үстімде сұр шинелім».

2. «Қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзейін десең, әйелдің халін түзе!» - деген пікірдің авторын табыңыз.

A) М.Дулатов.

B) М.Жұмабаев.

C) М.Әуезов.

D) Ғ.Мүсірепов.

E) А.Байтұрсынов.

3. Қай романын жазуда Ғ.Мұстафин өзі таңдаған тақырыптың мәнін игеру үшін шахтада жұмыс істеп, жер қазғанын белгілеңіз.

A) ’’Миллионер’’.

B) ’’Шығанақ’’.

C) ’’Дауылдан кейін’’.

D) ’’Қарағанды’’.

E) ’’Көз көрген’’.

4. Өлең ырғағының белгілерін анықтаңыз.

A) Сөздердің буын санының біркелкілігі.

B) Тармақтың өз ішінде бунақтарға бөлініп айтылуы.

C) Тармақтың соңғы сөздерінің дыбыстық жағынан үндесуі.

D) Дауыстың белгілі дәрежеде қайталанып отыруы.

E) Өлеңнің буын саны, тармақ, ырғақ пен мағына жағынан ұйқасу үйлесімі.

5. Жұбан Молдағалиевтің туған жылы мен туған жерін белгілеңіз.

A) 1935 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жарсу ауданы.

B) 1935 жылы Атырау облысы, Теңіз ауданы, Қошалақ ауылы.

C) 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар өңірі.

D) 1920 жылы Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Жыланды ауылы.

E) 1939 жылы Атырау облысы, Манаш ауылы.

6. Ә.Нұрпейісовтің романын табыңыз.

A) “Жолдастар”.

B) “Қан мен тер”.

C) “Дауылдан кейін”.

D) “Сырдария”.

E) “Қарағанды”.

7. ’’Күлтегін’’, ’’Тоныкөк’’ дастандары қай ғасырдың туындысы екенін анықтаңыз.

A) XІ-XІІІ ғ.ғ.

B) VІ-VІІІ ғ.ғ.

C) ІІІ-ІV ғ.ғ.

D) ІV-V ғ.ғ.

E) ІX-XІІ ғ.ғ.

8. Төмендегі үзіндінің салт өлеңдерінің қай түріне жататынын анықтаңыз.

Жат жұрттық болып кеткен соң,

Кетер - ау бастан сәулетім…

A) Той бастар.

B) Жоқтау.

C) Бет ашар.

D) Жар – жар.

E) Сыңсу.

9. Алпамыс батыр жырындағы:

’’Аш бүгіліп жарағыр,

Жетім қалып жасыңнан

Мендей болып жылағыр,

Тарта бер, жұртым, тарта бер!...’’- деген жолдар қандай кейіпкердің сөзі екенін көрсетіңіз.

A) Жәдігер.

B) Байбөрі.

C) Алпамыс.

D) Тортай.

E) Құлтай.

10. Екі арыстан жау шапса,

Оқ қылқандай шаншылса ...

Бетегелі Сарыарқаның бойында

Соғысып өлген өкінбес!

Қай жыраудың шығармасы екенін анықтаңыз.

A) Дулат.

B) Доспамбет.

C) Ақтамберді.

D) Бұқар.

E) Жиембет.

11. Спандияр Көбеевтің «Маймыл мен көзілдірік» мысалының идеясын анықтаңыз.

A) Еңбекқорлықты мадақтау.

B) Алауыздықты сынау.

C) Әр затты өз орнына пайдалану.

D) Мылжыңдықты шенеу.

E) Әлсіз момынды жақтау.

12. Абай Пушкиннің «Евгений Онегинінен» барлығы қанша үзінді өлеңдер аударғанын белгілеңіз.

A) Бес.

B) Сегіз.

C) Үш.

D) Жеті.

E) Он.

13. Абай арабтың классикалық шығармасы «Мың бір түн» ертегісінен жазған поэмасын анықтаңыз.

A) «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы».

B) «Әзім әңгімесі».

C) «Масғұт» ертегісі.

D) «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа».

E) «Ескендір» поэмасы.

14. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» дастанындағы Қалқаман мен Мамырдың қосылуына кедергі болған жағдайды табыңыз.

A) Бірі кедей, бір бай балалары болғандығы.

B) Қалқаманның айттырған қалыңдығы болғандықтан.

C) Мамырдың аурулығы себепті.

D) Мамыр біреудің некелі жары болғандықтан.

E) Екеуі немерелес туыс болғандықтан.

15. Қабаққа біткен қайыңның,

Беріші еді, безі еді.

Өтіндей-ақ аюдың

Әкемнен қалған көз еді. – Ілиястың бұл үзіндісінде ненің бейнелі суреті берілгенін көрсетіңіз.

A) Сабын.

B) Домбыра.

C) Ұршық.

D) Саптыаяқ.

E) Қақпан.

16. Әдебиеттегі Жамбыл Жабаев туралы айтылған пікірді белгілеңіз.

A) “Қазақтың бас ақыны”.

B) “ХХ ғасырдың Гомері”.

C) “Қаламынан тамған бал ем болады”.

D) “Атақты елдің атақты ұлы”.

E) “Теңдесі жоқ талант”.

17. Ана тақырыбына айрықша көп қалам тартқан жазушыны табыңыз.

A) С.Мұқанов.

B) Ғ.Мүсірепов.

C) Б.Майлин.

D) М.Әуезов.

E) М.Жұмабаев.

18. 20-30 жылдарда қазақ қаламгерлері өндіріс дамуының символы ретінде қолданған сөздерді табыңыз.

A) Шахта, колхоздастыру, басқарма.

B) Трактор, егістік.

C) Темір жол, зауыт, фабрика.

D) Орақ, кетпен, мал.

E) Машина, теңіз, егін.

19. Төлеген Айбергеновтің «Аруана – бауыр дүние» өлеңінің мақсатын ашуда қолданылған аңызды анықтаңыз.

A) Бозінген туралы аңыз.

B) Аруана туралы белгілі аңыз.

C) Қорқыт туралы аңыз.

D) «Күй туралы аңыз».

E) Асан қайғының Желмаясы туралы аңыз.

20. «Інжу-маржан» әні – Әсет шығармашылығының шыңы»,-деп баға берген адамды көрсетіңіз.

A) Ш.Қалдаяқов.

B) С.Қирабаев.

C) М.Мағауин.

D) А.Жұбанов.

E) Ә.Қоңыратбаев.

21. Ж.Аймауытов ұсталған жылды табыңыз.

A) 1931 ж.

B) 1929 ж.

C) 1937 ж.

D) 1938 ж.

E) 1930 ж.

22. М.Жұмабаев «Түркістан» өлеңінде «Тұранның билері бар Тарағайдай» деп, кімді айтып отырғанын табыңыз.

A) Әмір Темірдің әкесі.

B) Ұлықбектің әкесі.

C) Әбу-Насыр-әл Фараби.

D) Ибн-Сина Әбуғалидің әкесі.

E) Шыңғыс тұқымы.

23. С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы қандай оқиғадан басталатынын табыңыз.

A) Омбы семинариясында оқып жүргенінен.

B) Колчак түрмесіне түсуінен.

C) Жас Сәкеннің Россияда өтіп жатқан санақ жұмысына араласуынан.

D) Әупілдек көлімен қоштасқан бақытсыз қыз оқиғасынан.

E) Анненковтың азап вагонына тұтқын болудан.

24. ²Қорғансыздың күні² әңгімесін жазған кезде М.Әуезовтің неше жаста екенін табыңыз.

A) Он беске енді толған.

B) Жиырмадан енді асқан.

C) Жиырма төртке келген.

D) Отыз бес шамасында.

E) Он сегіз жаста.

25. «Ботагөз» романының соңында Ботагөздің атқан таңды қарсы алған жерін табыңыз.

A) Бурабай көлінің ортасындағы діңгек таста.

B) Шалқар көлінің ортасындағы діңгек таста.

C) Қалың орман ортасында.

D) Шортанды көлінің ортасындағы діңгек таста.

E) Сексенкөлдің ортасындағы діңгек таста.

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]