Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_505.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
838.66 Кб
Скачать

Қазақ әдебиеті

1. ... Әкем қаған өлгенде

Інім Күлтегін жеті жаста қалды.

Он жаста Умай текті шешемнің бағына

Інім Күлтегін ер атанды.

Үзінді қай жырдан алынғанын анықтаңыз.

A) «Кодекс куманикус».

B) «Домбауыл».

C) «Махаббатнама».

D) «Гүлстан».

E) «Күлтегін».

2. Абайдың поэмасын анықтаңыз.

A) «Масғұт».

B) «Сұлушаш».

C) «Құлагер».

D) «Батыр Баян».

E) «Көкшетау».

3. Қ.Аманжоловтың өз өмірін ой елегінен өткізіп, өткенін таразылап, болашаққа үміт артқан шығармасын белгілеңіз.

A) «Өзім туралы».

B) «Қарыздар болмай өлейік».

C) «Сыйса егер өмір сыры бір жаныңа».

D) «Туған жер».

E) «Көкшетау».

4. Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесінің негізгі кейіпкерін табыңыз.

A) Ғазиза.

B) Айша.

C) Жүзтайлақ.

D) Сара.

E) Рәбиға.

5. Ғ. Мүсіреповтің әйел-ана атымен аталатын әңгімесін табыңыз.

A) Сұлушаш.

B) Ақбілек.

C) Ботагөз.

D) Ақлима.

E) Ұлпан.

6. Иронияның негізгі ерекшелігін анықтаңыз.

A) Затты, құбылысты айқындау үшін ұқсас басқа затқа не құбылысқа балау.

B) Сөзді бұрма мағынасында қолдану.

C) Сөздерді қарама-қарсы, кекесін мағынасында қолдану.

D) Өмірдің жағымсыз жақтарын күлкі ете, мысқылдай суреттеу.

E) Сөзді тура мағынасында қолдану.

7. Қиял-ғажайып ертегілерінде кездесетін жауыздық иесін белгілеңіз.

A) Желаяқ.

B) Саққұлақ.

C) Көлтауысар.

D) Жезтырнақ.

E) Таусоғар.

8. Құлмамбетпен айтысқан ақынды табыңыз.

A) Біржан.

B) Омарқұл.

C) Арыстанбай.

D) Сара.

E) Жамбыл.

9. Қазтуған жырау қай ғасырда өмір сүргенін анықтаңыз.

A) XV ғ.

B) XIX ғ.

C) XX ғ.

D) XVII ғ.

E) XVI ғ.

10. Ыбырай Алтынсариннің қай әңгімесінде отырықшылық тұрмыс-салты насихатталады?

A) "Малды пайдаға жарату".

B) "Білгеннің пайдасы".

C) "Қыпшақ Сейітқұл".

D) "Зеректік".

E) "Дүние қалай етсең табылады".

11. Ел ішіндегі алдамшылықты, аяр мінезді шенейтін Абай өлеңін белгілеңіз.

A) «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп».

B) «Кейде есер көңіл құрғырың».

C) «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы».

D) «Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да».

E) «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?»

12. Етегін ақ көйлектің алтындаған,

Ажарың ақ жамбыдай жарқылдаған.

Бұл сипаттағы қыз кімнің жақсы көріп, ардақтаған аруы екенін белгілеңіз.

A) Мағжан.

B) Абай.

C) Ақан сері.

D) Шәкәрім.

E) Біржан сал.

13. Шәкәрімнің өмірінің соңғы жылдарында жазылған шығармасын табыңыз.

A) «Мұтылғанның өмірі».

B) «Қалқаман-Мамыр».

C) «Ләйлі-Мәжнүн».

D) «Жылым-қой, жұлдызым-июль».

E) «Еңлік-Кебек».

14. І.Жансүгіровтің туған өлкесінің табиғаты, аң-құсы, жеміс-жидек, өсімдігі туралы жазған аса көркем туындысының атын көрсетіңіз.

A) ²Жетісу суреттері².

B) ²Ауылдың алды².

C) ²Гималай².

D) ²Ағынды менің Ақсуым².

E) ²Мезгіл суреттері².

15. Жамбылдың шығармасын көрсетіңіз.

A) «Қазақ тілі».

B) «Өткен күн».

C) «Балалық».

D) «Өсиет».

E) «Ұршық».

16. Ғ.Мұстафиннің тұңғыш кітабын табыңыз.

A) “Қарағанды”.

B) “Өмір не өлім”.

C) “Ер Шойын”.

D) “Шығанақ”.

E) “Қашқын”.

17. Кейіптеу дегеніміз не екенін белгілеңіз.

A) Алмастырып қолданылған сөздер.

B) Құбылысты ерекше құбылтып айту.

C) Бір құбылысты екінші құбылысқа балау.

D) Сөз тастап кету.

E) Жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі бейнеде суреттеу.

18. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы:

«…Сол кеткеннен мол кеттім, оралмадым

Жерді аңсаймын…

Жалғыз-ақ сол – арманым»,- деген жолдар поэманың қай бөлімінде жазылғанын есіңізге түсіріңіз.

A) Эпилог.

B) Негізгі бөлім.

C) Поэманың басында.

D) Ортасында.

E) Кіріспе.

19. Мен сыйлаған тақияны

Төсіне

Басып тұрып,

Қарады-ау бір тесіле.

Үнсіз-түнсіз кетті әкесі бұрылып,

Туған жері түсті ме екен есіне.

Тапты деп бір туысқанын баласы

Қуанып жүр,

Мәз болып жүр анасы, - деген үзінді алынған Олжас Сүлейменовтің өлеңін белгілеңіз.

A) «Талма түсте тағы да бір қайталап»

B) «Қыз қуу»

C) «Арғымақ»

D) «Ришад – қыр қазағының баласы»

E) «Махамбетке»

20. А.Байтұрсыновтың «Маса» кітабына енген өлеңін анықтаңыз.

A) «Ала қойлар».

B) «Қара бұлт».

C) «Қайыршы мен қыдыр».

D) «Қайырымды түлкі».

E) «Анама хат».

21. М.Жұмабаевтың поэмасын табыңыз.

A) “Дала”.

B) “Ертегі”.

C) “Кедей”.

D) “Көкшетау”.

E) “Күйші”.

22. С.Сейфуллиннің ²Көкшетау² поэмасындағы тұтқын қызға риза болған Адақтың еліне қайту үшін мінгізген тұлпарын белгілеңіз.

A) Қара қасқа ат.

B) Керкөжек.

C) Құлагер.

D) Торытөбел.

E) Тайбурыл.

23. ²Абай жолы² романындағы Абай жақсы көрген қазақтың ата кәсібін көрсетіңіз.

A) Етікшілік, саяхатшылық.

B) Диқаншылық, өрімшілік.

C) Балықшылық, егіншілік.

D) Тігіншілік, емшілік.

E) Аңшылық, саятшылық.

24. «Сен жас жігіт боп келген сайын,

Жер жібек, барқыт киіп, жасыл желек

Бүркенеді үйеңкі, терек, қайың!» деген үзіндінің С.Мұқановтың қай өлеңінен алынғандығын табыңыз.

A) «Балқаш».

B) «Колхозды ауыл осындай».

C) «Малшының мақтанышы».

D) «Егістік».

E) «Майға сәлем».

25. Шерхан Мұртазаның «41-жылғы келіншек» әңгімесінің жазылу себебін түсіндіріңіз.

A) Сағыныш.

B) Той.

C) Күнделікті өмір.

D) Түс.

E) Тартыс.

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]