Қазақ әдебиеті
1. «Ата жұрты-бұқара, Өз қолында болмаса, Қанша жақсы болса да, Қайратты туған ер ғаріп» шумағының кімнің шығармасынан алынғандығын табыңыз. A) Жиембет жыраудан. B) Асан қайғыдан. C) Шалкиіз жыраудан. D) Қазтуған жыраудан. E) Үмбетей жыраудан. |
2. Абайдың өнер-білім тақырыбындаѓы µлењін белгілеңіз. A) «Интернатта оқып ж‰р». B) «Кµзімніњ қарасы». C) «Ал, сенейін, сенейін». D) «Қыс». E) «Бойы б±лѓањ». |
3. Қ.Аманжоловтың поэмасын табыңыз. A) «Ескендір». B) «Медғат». C) «Ақын өлімі туралы аңыз». D) «Әзім әңгімесі». E) «Батыр Баян». |
4. Ескі ауылдағы келісімге келмес күндестік кесапаты байқалатын шығарманы көрсетіңіз. A) С.Сейфуллин ²Бақыт жолына². B) М.Әуезов ²Бәйбіше-тоқал². C) Ғ.Мүсірепов ²Ақан сері-Ақтоқты². D) Ж.Аймауытов ²Қанапия-Шәрбану². E) Б.Майлин ²Майдан². |
5. «Түркістан солай туған», «Индия очерктері» және «Өскен өркен» шығармаларының авторын табыңыз. A) Ғ.Мүсірепов. B) Ә.Әбішев. C) М.Әуезов. D) Ә.Әлімжанов. E) З.Қабдолов. |
6. «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» кітаптарының авторын табыңыз. A) С.Жүнісов. B) М.Мақатаев. C) С.Сматаев. D) І.Есенберлин. E) Ә.Кекілбаев. |
7. Әділет, бақыт, ақыл мен қанағат жайлы кітап жазған ғұламаны табыңыз. A) Ж.Баласағұн. B) А.Яссауи. C) З.Бабыр. D) С.Сараи. E) М.Қашқари. |
8. ’’Аяз би’’ ертегісіндегі Мадан ханның құдасын белгілеңіз. A) Жаман. B) Ақша хан. C) Уәли. D) Уәзірі. E) Зәрлі хан. |
9. «Қобыланды батыр» жырындағы Ноғайлының жерін, Сырлы, Қырлы қалаларын тартып алған батырды көрсетіңіз. A) Қараман. B) Қызыл ер. C) Қазан. D) Естеміс. E) Тоқтарбай. |
10. С.Торайғыровтың әкесінің атын белгілеңіз. A) Торайғыр. B) Шорман. C) Шоқпыт. D) Мырқымбай. E) Балқожа. |
11. ²Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім²,- деген пікірдің авторын белгілеңіз. A) М.Әуезов. B) Ш.Уәлиханов. C) А.Құнанбаев. D) А.Байтұрсынов. E) Ы.Алтынсарин. |
12. ²Біз тіліміз бүлінбей сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз² деген пікірдің иесін көрсетіңіз. A) С.Мұқанов. B) М.Жұмабаев. C) А.Байтұрсынов. D) М.Дулатов. E) М.Әуезов. |
13. І.Жансүгіровтің «Әкемнен қалған көз еді» деп ардақтала аяқталатын натюрморттық өлеңінің атын белгілеңіз. A) «Киіз үй». B) «Сабын». C) «Саптыаяқ». D) «Ала бие». E) «Саят». |
14. Ж.Жабаевтың айтыстарда кімнің атынан сөйлегендігін табыңыз. A) Байлардың. B) Билердің. C) Халықтың. D) Атқамінерлердің. E) Надандардың. |
15. С.Мұқанов мұғалімдік оқуды қай қалада оқығанын белгілеңіз. A) Қарағанды. B) Семей. C) Орынбор. D) Уфа. E) Омбы. |
16. Эпитеттерді көрсетіңіз. Желсіз түнде жарық ай Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың жаны терең сай, Тасыған өзен гүрілдеп. A) Өзен гүрілдеп. B) Ауылдың жаны. C) Жарық ай, терең сай. D) Суда дірілдеп. E) Сәулесі суда. |
17. «Символ» терминінің қай тілден алынғандығын анықтаңыз. A) Латын. B) Француз. C) Неміс. D) Грек. E) Ағылшын. |
18. Ж.Молдағалиевтің бір-біріне демеу болған екі мүгедек музыканттың өмірі суреттелетін өлеңін анықтаңыз. A) «Көзімде қалды суретің». B) «Әлия». C) «Ер қабірі». D) «Махаббат ерлігі». E) «Аққу». |
19. Сағындым ғой! Құлағымда, құлағымда тұр міне: «Қарашығым, тамағыңды іш, деміңді алшы!»- деген үн. Осы бір сәт отыр ма екен, отыр ма екен ине алып, Жіңішке ине, жіңішке жіп - өткізе алмай қиналып,-деген үзінді алынған Жұмекен Нәжімеденовтің өлеңінің атын белгілеңіз. A) «Сен ақылды болсаң екен». B) «Жаманыңды көрмесем». C) «Әжеме». D) «Қоңыр түс». E) «Еске алу». |
20. Әсет Найманбаевтың фантастикалық сарында жазған қисса-дастанын табыңыз. A) «Нұғыман – Назым» B) «Ағаш ат» C) «Салиха – Сәмен» D) «Мәлік – Дарай» E) «Үш жетім қыз» |
21. Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романында Жамал қалай қайтыс болғанын белгілеңіз. A) Ауырып. B) Апатқа ұшырап. C) Боранда үсіп өледі. D) Жартастан құлайды. E) Суға кетеді. |
22. М.Жұмабаевтың алтын шашты пері бейнесі кездесетін өлеңін белгілеңіз. A) «Жазғы жол». B) «Толқын». C) «Ай». D) «Көктем». E) «Қысқы жол». |
23. Туғалы қапас көрмеген Көкіректе кектер кернеген Талпынып құлаш сермеген, Айтайын ішкі сырымды, - деп С.Сейфуллин қай өлеңінде сырын ақтарғысы келетінін атаңыз. A) ”Өтпелі күн”. B) “Қамаудан”. C) “Сағындым”. D) “Асығып тез аттандық ”. E) “Тұлпарым”. |
24. ’’Драматургия - қазақ әдебиетіндегі негізінен Әуезов тудырған жанр’’, - деп кім айтқанын белгілеңіз. A) Ғ.Мүсірепов. B) З.Қабдолов. C) С.Мұқанов. D) Ә.Кекілбаев. E) Ғ.Мұстафин. |
25. Ғ.Мүсіреповтің қай шығармасында Игілік, Жұман, Күреңкөз қожа деген кейіпкерлер кездесетінін белгілеңіз. A) ’’Шұғыла’’. B) ’’Оянған өлке’’. C) ’’Қос Шалқар’’. D) ’’Қазақ солдаты’’. E) ’’Ұлпан’’.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ |
