- •Сабақ кезеңдерін жоспарлау
- •Ақпараттар блогы Дәрілік заттардың энтеральді және сырттай қолдану әдістері.
- •Белсенді үлестірмелі материал
- •Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюланы қабылдау
- •Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны (қоспалы сұйық дәріні) қолдану
- •Тұрындыны, экстракты (шырсөл) қолдану
- •Науқасқа ¥нтақты қолдану
- •Мұрынға дәрілік тамшы тамызу
- •Көзге тамшы тамызу
- •Көз майын қаттастырып салу
- •Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу
- •Жеке ингаляторды қолдану
- •Пластырьді (жабысқақ дәрілік қыздырғышты) салу
- •Сеппе (Ұнтақ) дәріні сыртқа қолдану
- •Дәрілік ерітіндіш теріге майлау
- •Суппозиторийді (балауызды) тік ішекке қолдану
- •Майлы таңғышты орындау
- •Теріге майды жағу
- •Дәрілік ерітіндіні теріге сылап жағу
- •Теріге майды сылап жағу
- •Тест тапсырмалары
- •Тест тапсырмалары
- •Сөйлемді мағынасы бойынша аяқтаңыз
- •Вариант: II. Вариант
Пән «Медбикелік ісі негіздері» |
ЦӘК «Мебике ісі» |
Тәжірибелік сабақ №3 Тақырыбы: «Дәрілік заттардың энтеральді және сырттай қолдану әдістері». |
Мамандығы: «Медбикелік іс» |
Оқытушы: |
Курс – 2 Семестр – 3 |
Сабақ түрі: Біріккен сабақ – жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты көрсету мақсатында.
Сабақ типі: дәстүрлі сабақ
Сағат саны: 270 минут
Сабақ мақсаты:
Білімділік:
Білім алушылардың мақсатты жұмыс атқаруын қамтамасыз ету, дәрі-дәрмектерді эртеральды және сыртқы тәсілмен қолдану кезінде асептика мен антисептика ережелерін сақтауға үйрету.
Дәрі дәрмектерді науқастарға энтеральді және сыртқа енгізуді стандарттарын үйрету.
Емделушіге энтеральды және сыртқа енгізу тәсілдері өте маңызды екендігін түсіндіру.
Дәрі дәрмектерді науқастарға қолдану кезіндегі асқынулардың алдын алуды үйрету
Жұқпалы қауіпсіздікті сақтау барысында өздеріне қажетті заттарын дұрыс пайдалануды, оған аурулардың көзін жеткізуге білім алушыларды үйрету.
Тәрбиелік:
• Орта буын медицина кадырларын даярлау барысында олардың өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауына тәрбиелеу, білім алушылардың болашақтағы өз мамандық- тарына, жұмысына деген жауапкершілігі.
• Білім алушылардың жеке басының белсенділігінің артуына тәрбиелеу, алдын ала болжай білу қабілетін жетілдіруге тигізер әсері аз емес. Оның ішінде өзекті мәселелерді дер кезінде көтеріп, оны дұрыс шешуге тәрбиелеудің орны ерекше.
• Науқас денсаулығына түсіністікпен қарау, науқасқа деген ілтипатты қарым-қатынасты түсіндіру.
• Өз міндеттерін орындауда адал болуға, әрқашанда білімдерін жоғарлатып отыруға ынталандыруға тәрбиелеу.
• Науқаспен қарым-қатынас дағдыларына тәрбиелеу: кішіпейілділік, адамгершілк, қайырымдылық, мейірімділік.
• Медициналық қызметкерлер арасында қарым-қатынас дағдыларына тәрбиелеу.
• Науқастармен жұмыс жасау барысында медициналық этика және деонтология ережелерін сақтау.
• Медициналық құрал жабдықтарға ұқыпты болуға тәрбиелеу.
• Әрқашанда техника қауіпсіздігін сақтауды ұмытпау.
Ой-өрісін дамыту:
• Мамандыққа деген танымдылық ынтасын, байқаушылығын ілтипаттылығын дамыту.
• Білім алушылардың клиникалық ойлану, есте сақтау, істі салыстыра білу қабілеттерін дамыту.
• Кәсіби мәселелер жайындағы ойлану, бақылаушылық және жеке жұмыс атқару қабілетін дамыту.
• Нақтылы жағдайда өздігінен шешім қабылдау, бағдарлау шеберлігіне үйрету.
• Өз міндеттерін орындау барсында шеберлікке жету ынтасын дамыту.
• Дәрі дәрмектерді енгізу кезінде асқыну болдырмауын алдын-ала ойланып, антисептика мен асептиканы ережелерін сақтау, ескерту.
• Білім алушыны тыңдауға, есте сақтауға талдауға, дәлелде қарсылық білдіруге, жауапты жоспарлауға, қортындылауға (тұжырымдауға, болжауға, оқушының ойшыл қызметін дамытуға) үйрету.
Сабақты жабдықтау:
Таблицалар, іс-әрекеттік тапсырмалар, алгоритмдер, суреттер, тарату материалдары, тестілер, қажетті құралдар, дәрі-дәрмектер, муляждар, зарарсыздандыру препараттары.
Пәнаралық қатынас:
Фармакология «Қатты дәрілік қалыптар. Жұмысақ дәрілік қалыптар, Сұйықтық дәрілік қалыптар».
Латын тілі «Дәрі-дәрмектер атауы»
Пән ішіндегі қатынас:
Науқастың жеке бас тазалығы
Дәрі-дәрмекті энтеральды, және сыртқы жолмен енгізу
Дәрі-дәрмекті парентеральды жолмен енгізу.
Зарарсыздандыру және залалсыздандыру;
Мейірбикенің жұмыс орнын дайындау
Дәрі - дәрмектерді енгізу кезіндегі асқынулар.
Сабақ кезеңдерін жоспарлау
Кезең атауы |
Оқытушының іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Уа- қыт |
Кезең мақсаты |
Ұйымдастыру бөлімі |
Сабаққа келгендерді белгілеу,сыртқы түрлеріне көңіл аудару және сабаққа дайындықтарын тексеру. |
Студенттер дайындалады, кезекші хабарлайды. |
5 мин |
Ұқыптылыққа, тұрақтылыққа, зейін аударуға тәрбиелеу. |
Бастапқы білімін тексеру |
Ауызша сұрау |
Тыңдайды,жауап береді,бірінікін-бірі толықтырады. |
40 мин |
Білім деңгейін анықтау. |
Жаңа сабақтың мазмұнын жеткізу, Сабақтың мақсатын анықтау. |
Жаңа тақырыпты ынталандырып, құрылымын түсіндіреді. Оқушыларға осы тақырыпты оқудың маңыздылығы мен қажеттілігін сіңіреді. |
Тыңдап,дәптерлеріне СБК және СІБК жазып алу. |
10 мин |
Нәтижесін көрсету. |
Жаңа тақырыптың 1 деңгейін талқылау.
Дайындық кезеңі
|
Теориялық мәліметті кезең бойынша талқылайды.
|
Тыңдайды, тақылайды,жауап береді.
Дайындық кезеңін өткізеді
|
20 мин |
Жаңа тақырып бойынша теориялық және тәжірибелік дағдыларды меңгеру.
|
Өзіндік жұмыс |
Бақылайды,қателігін жөндейді,түзетулер енгізеді. Кірістірме сұрақтар қойып, талқылауға шақырады. |
Дәрілік заттарды энтеральді қабылдау әдісі, артықшылығы және жетіспеушілігі. |
25 мин |
Тәжірибелік дағдыларды жасап көрсету. |
Жаңа тақырыптың 2 деңгейін талқылау.
Дайындық кезеңі |
Теориялық мәліметті кезең бойынша талқылайды. Дәрілік заттарды ауыз арқылы, тіл асты арқылы, транссбукальді, ректальді қабылдау ережелері. |
Тыңдайды, тақылайды,жауап береді.
Дайындық кезеңін өткізеді
|
20 мин |
Жаңа тақырып бойынша теориялық және тәжірибелік дағдыларды меңгеру.
|
Өзіндік жұмыс |
Бақылайды,қателігін жөндейді,түзетулер енгізеді. Кірістірме сұрақтар қойып, талқылауға шақырады. |
Дәрілік заттарды ауыз арқылы, тіл асты арқылы, транссбукальді, ректальді қабылдау ережелері. |
30 мин |
Тәжірибелік дағдыларды жасап көрсету. |
Жаңа тақырыптың 3 деңгейін талқылау.
Дайындық кезеңі |
Теориялық мәліметті кезең бойынша талқылайды. Дәрілік заттарды сырттай қолдану әдістері : сүрту, жағу, емдік пластырь қолдану, сеппе, дымқыл дәке басу, мазьді және тамшыны құлаққа, көзге және мұрынға тамызу. Артықшылығы және жетіспеушіліктері. |
Тыңдайды, тақылайды,жауап береді.
Дайындық кезеңін өткізеді
|
20 мин |
Жаңа тақырып бойынша теориялық және тәжірибелік дағдыларды меңгеру.
|
Өзіндік жұмыс |
Бақылайды,қателігін жөндейді,түзетулер енгізеді. Кірістірме сұрақтар қойып, талқылауға шақырады.
|
Дәрілік заттарды сырттай қолдану әдістері : сүрту, жағу, емдік пластырь қолдану, сеппе, дымқыл дәке басу, мазьді және тамшыны құлаққа, көзге және мұрынға тамызу. Артықшылығы және жетіспеушіліктері. |
30 мин |
Тәжірибелік дағдыларды жасап көрсету. |
Жаңа сабақты бекіту |
Рөлдік ойындар,тесттер, тапсырмалар орындау.
|
Тапсырманы орындайды, манипуляцияны орындайды.
|
45 мин |
Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау және мәселені шешу |
Қорытынды |
Қорытынды жасап,жақсы жауап бергендерді белгілеп,баға қояды. |
Тыңдайды,сұрақ қояды. |
10 мин |
Іс шараны ынталандыру |
Үй тапсырмасы. |
Тапсырма беру. |
Жазып алу. |
5 |
Тапсырманы түсіну. |
