Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭТН 1 болим 1111111_2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61.25 Mб
Скачать

Жұмысты жүргізу тәртібі:

6.9 Сурет –Трансформаторды сынау электр схемасы

w1=300, w2=100, 300 немесе 900 орамды трансформаторды жинаймыз және 6.9-шы суреттегі схема бойынша тізбекті жалғаймыз. Тізбектегі Rдоб қосымша кедергі қысқа тұйықталу тәжірибесінде тоқты шектеу қызметін атқарады және бірінші тәжірибеде оның орнына перемычка қоямыз.

Бос жүріс кезінде (Rн=∞) өлшеу жүргізіп, нәтижелерді 6.6-шы кестеге түсіреміз. Фаза айырмасын және U1/U2 қатынасымен трансформациялау коэффициентін есептейміз.

Қысқа тұйықталу тәжірибесін жүргіземіз. Ол үшін, Rдоб=22Ом қосымша кедергіні перемычканың орнына, ал перемычканы шығыс қыспағындағы Rн жүктемелік кедергінің орнына орнатамыз. Rдоб кедергіні шамамен І1 тоғы 300 орамды ораманың (200 мА) номиналды тоғына тең етіп (±5% дәлдікпен) таңдаймыз. Ол үшін, параллель немесе тізбектей қосылатын кедергілерді пайдаланамыз. Өлшеу нәтижелерін кестеге түсіреміз.

φ1 бұрышты, І21 қатынасымен трансформациялау коэффициентін есептеп, кестеге түсіреміз.

Rдоб кедергіні перемычкаға ауыстырып, тоқтары номиналдыға жуық (±20% дәлдікпен) болатындай Rн кедергілерді таңдаймыз. Өлшеу жүргізіп, φ1, U1/U2, І21 шамаларын есептейміз.

6.6 кесте

U1, B

U2, B

I1, мА

I2, мА

Р1, Вт

φ1, град

U1/U2

І21

Бос жүріс тәжірибесі

-

Қысқа тұйықталу тәжірибесі

-

Жүктемелік режим

Трансформатордың Т-тәрізді алмастыру схемасының параметрлерін есептеп, нәтижелерін 6.7-ші кестеге түсіреміз.

Қажетті есептеулер жүргізіп, 6.10-шы суретке жүктемелік режимдегі векторлық диаграмманы тұрғызамыз. U1 кернеу шамасын векторлық диаграммадағы мәнімен өлшенген мәнінің нәтижесімен салыстырамыз.

Диаграммадағы: U1= Кестедегі: U1=

6.7 кесте

Бос жүріс тәжірибесінен

Қысқа тұйықталу тәжірибесінен

=

=

= 1/Ом

= Ом

= 1/Ом

= Ом

= 1/Ом

= Ом

Масштабы: mU= В/бөлікте mI= мА/бөлікте