Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тұрақты тоқ сызықты электр тізбегі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.15 Mб
Скачать

1.40 Сурет

Кедергісі бар тармаққа шамалары бойынша бірдей және бағыттары бойынша қарама-қарсы екі ЭҚК Е қосамыз. Олардың мәндері I тогынан кедергідегі кернеудің кемуіне тең (E = rI, 1.40, б сурет). Бұл кезде I тогы өзгермейді. 1.40, б суретінің схемасындағы а және с нүктелері арасындағы кернеу Ом заңы бойынша анықталады және нөлге тең болады

.

φac болғандықтан, а және с нүктелерін біріктіруге болады, сәйкесінше 1.40, в суретіндегі схеманы аламыз.

Бұл схемада r кедергісінің орнына E = rI ЭҚК қосылған және оның бағыты тармақтағы I тогына қарама-қарсы.

Тізбектің кез-келген резистивті элементін алмастыратын Е ЭҚК көзі – бұл қарапайым идеалды тәуелді қорек көзі, оның ЭҚК токтан белгілі заң бойынша тәуелді болады. Тәуелді қорек көзі туралы түсінік сызықты және сызықты емес тізбектердің режимдерін есептеу және талдау үшін қолданылады.

Кез-келген тармақтың I тогын ток көзімен алмастыруға болады J = I және тізбектегі токтың таралуы өзгермейді.

Электр тізбектеріндегі сызықты қатынастар

Сызықты электрлік тізбектің бір тармағында ЭҚК немесе кедергі өзгерген кезде сол тізбектің кез-келген екі тармағының кез-келген екі шамасы өзара сызықты тәуелділікпен байланысады

y = a + bx, (1.43)

x – бір тармақтың тогы немесе кернеуі;

y –басқа тармақтың тогы немесе кернеуі.

j тармағының тогы контурлық токқа сәйкес, (1.42) формуласымен анықталады. Егер схемада бір ғана тармақтың ЭҚК Ek өзгерсе, онда Ekgkj көбейтіндісінен басқа, (1.42)- гі барлық қосылғыштар тұрақты болады. Сондықтан, барлық тұрақты қосылғыштарды Aj бір тұрақты шамасымен ауыстырамыз.

Осыдан

Ij = Aj + Ekgkj. (1.44)

Басқа тармақ үшін

Im = Am + Ekgkm. (1.45)

(1.45) формуласынан Е аламыз

,

және (1.44) формуласына қойып келесіні аламыз

Ij=aj+bjIm, (1.46)

мұндағы және .

aj және bj коэффициенттері теріс немес оң бола алады және де коэффициеттің біреуі нөлге тең болу мүмкін.

(1.46) өрнегінен, ЭҚК Ek өзгерген кезде Ij және Im токтары сызықты тәуелділікпен байланысатынын көруге болады.

aj және bj коэффициенттерін тәжірибелік түрде анықтау үшін (1.46) формуласында Ij және Im токтардың мәндері тізбектің екі әр түрлі режимінде алынады да екі теңдеуден тұратын жүйе есептелінеді.

Бақылау сүрақтары:

  1. Зарядталған бөлшектерді атаңыз ?

  2. Тоқ күшінің анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін айтыңыз

  3. Энергия көзінің ішіндегі зарядтарды қозғауға жұмсалған сыртқы күштердің жұмысын сипаттайтын шама қалай аталады?

  4. Электр өрісі күштерінің сыртқы тізбек бойындағы зарядтарды қозғауға жұмсалған жұмысқа тең болатын шама қалай аталады?

  5. Электр кедергісінің өткізгіштің геометриялық өлшемдеріне, үзындығына, көлденең қимасының ауданына тәуелділігін сипаттайтын формуланы көрсетіңіз

  6. Кедергінің температураға тәуелді формуласын көрсетіңіз.

  7. Тоқ көзі мен Кернеу көзінің айырмашылығы қандай?

  8. Кирхгофтың бірінші заңы тізбектің қандай бөлігі үшін жазылған?

  9. Кирхгофтың екінші заңы тізбектің қандай бөлігі үшін жазылған?

  10. Кирхгоф заңдарының физикалық мағынасы қандай?

  11. Қабылдағыш режимінде жасап тұрған энергия көздерін қалай сипаттауға болады?

  12. Генератор режимінде жасап тұрған энергия көздерін қалай сипаттауға болады?

  13. Тізбектей жалғанған элементтердегі тоқ күшінің мәні қандай боады?

  14. Тізбектей жалғанған резисторлардың ортақ кедергісі қалай есептеледі?

  15. Параллель жалғанған резисторлардың ортақ кедергіні есептеу формуласы қандай?

  16. Үшбұрыш схемасын жұлдызша схемасына қалай түрлендіреді?

  17. Жұлдызша схемасын үшбұрыш схемасына қалай түрлендіреді?

  18. Контурлық тоқтар әдісі бойынша қанша теңдеу құрастырылады?

  19. ТПӘ қандай заңға негізделген және қанша теңдеу саны қалай анықталады?

  20. 1-14 суретінде көрсетілген схемадағы барлық түйіндік тоқтардың, өзіндік және өзара өткізгіштіктердің формулаларын жазыңыз

  21. Екі түйін әдісі неге негізделген және түйінаралық кернеу деп нені айтады?

  22. 1-15 суретінде көрсетілген схемада ЭҚК бағыттары қарама қарсыға өзгерегендегі жағдай үшін түйінаралық кернеудің формуласын жазыңыз

  23. 1-15 суретінде көрсетілген схемадағы тармақтарындағы тоқтардың есептеу формуласын жазыңыз

  24. Екіполюстік деп нені айтады?

  25. Екіполюстіктің кіріс кедергісін қалай анықтайды?

  26. Екіполюстіктің бос жүріс кернеуін қалай анықтайды?

  27. Қабаттасу принципі қандай тізбектерде қолданады?

  28. Қабаттасу әдісі бойынша теңдеулер саны қалай анықталады?

  29. Бөлшек тоқтар деп нені атаймыз?