Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб по Эл энергетика часть синх ген.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.63 Mб
Скачать

Cинхронды генераторды қ.Ш.Ү. Торапқа қатаң (грубой) синхрондану немесе өздігінен синхрондану әдісімен параллель жұмысқа қосуды эксперименттік жолмен жүргізу нұсқауы

Ол үшін құрылғылар 1-ші пунктке (5-ші бет) және 7-ші суреттегі блогты принциптік сұлбаға сәйкес жалғанады.

А4 реостатымен фазаға қосынды кедерісі 8 Ом-ға тең кедергі беріледі.

А2 үш фазалы трансформатордың екінші реттік орамасына 220 В номиналды кернеу орнатылады.

G1 үш фазалы қорек көзін, әрі қарай G2 көзін «СЕТЬ»→«ВКЛ» іске қосып, G2 тұрақты тоқ қозғалтқышының қорек көзін реттеу арқылы М2 қозғалтқыштың (G6 генератордың) айналу жиілігі 1500 мин-1 орнатылады.

G3 синхронды машинаның қоздырғышын «СЕТЬ»→«ВКЛ» іске қосып, шығысындағы қорек көзін реттеу арқылы G6 генератордың қозу тоғын 1,5 А-ге тең (машинаның параметріне байланысты) орнатылады.

G6 генератордың кез-келген екі фазасы ауысқан кезде «жүгірме сәуле» (бегущего огня) эффектісі болады, мұндай жағдайда шарт орындалмайды. Сондықтан, А17 синхрондағыш индикаторы шамының жарықтануы синфазды ауысатынына көз жеткізіледі.

G3 синхронды машинаның қоздырғышын «ОТКЛ» ажыратып, А6 үш полюсті ажыратқышты «СЕТЬ»→«ВКЛ» іске қосамыз.

G4 синхронды генераторды А17 синхрондағышты «СЕТЬ»→«ВКЛ» іске қосу арқылы торапқа қосамыз.

G6 синхронды генератор жылдамдық алғаннан кейін, G3 қоздырғышын іске қосу арқылы, G6 генератордың торапқа синхронды режим жұмысымен қосылғанын көреміз, яғни бұл, генератордың режим параметрі мәндерінің ауытқуы болмағандығына куә боламыз.

А6 ажыратқышты «ОТКЛ» ажыратып, G2 тұрақты тоқ қозғалтқыштың қорек көзі арқылы, Р2 өлшегіштің ваттметр көрсеткішін бақылай отырып, G6 синхронды генераторды 30 Вт-қа дейін активті қуатпен жүктейміз, ал G3 қоздырғышы арқылы, варметрдің көрсеткішін бақылай отырып, 30 ВАр-ға дейін реактивті қуатпен жүктейміз. Бұл экспериментте синхронды генератордың қ.ш.ү. торапқа параллель жұмысқа өздігінен синхрондау әдісімен қосып, оны активті және реактивті қуаттармен жүктеу процесін жүргіздік.

Тораптағы қуат азайған кезде, синхронды генераторларды ажырату қажет болады. Мұндай жағдайда генераторларды тораптан жаймен ажыратуға болмайды. Сондықтан, тораптан ажырату үшін, оның активті және реактивті қуаттарын түсіріп, А17 синхрондағышты ажыратамыз, әрі қарай алдымен G3 қоздырғыштың, содан кейін G2 қорек көзінің шығысындағы көрсеткіштерді нөлдендіріп, «ОТКЛ» → «СЕТЬ» ажыратамыз.

Орындаған тәжірибеге тұжырым

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бақылау сұрақтары

1. Дәлдік синхрондану әдісі не үшін қажет?

2. Дәлдік синхрондану әдісімен синхронды генераторды параллель жұмысқа қосылу шарттарын атаңыз.

3. Дәлдік синхрондану әдісімен генераторды торапқа қалай параллель жұмысқа қосады?

4. Генератордың жүктемесі активті және реактивті қуаттары бойынша қалай реттеледі.

5. Генераторды тораптан қалай ажыратады?

6. Шамды синхроноскоп бойынша тораппен генератор фазасының ілесу тәртібінің сәйкес келуі қалай анықталады.

7. Зертханалық қондырғыда синхронды генератордың айналу жиілігі қалай реттеледі.

8. Синхронды генератордың кернеуін, оны параллель жұмысқа қосылғанға дейін қалай өзгертеді.

4 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Жұмыстың тақырыбы: Үш фазалы синхронды генератордың жұмыс режимі кезіндегі параметрлерді P=f (δ), Q=f (δ), U=f (δ ) бұрыштық сипаттамалармен зерделеу

Жұмыстың мақсаты: Синхронды генераторды торапқа параллель қоса отырып, жұмыс режимі кезіндегі жүктемелік бұрыштың өзгерісі кезіндегі сипаттамаларды және оларды тәжірибелік жолмен алудың принциптік сұлбасын зерделеу