- •Электромашиналы агрегатқа мінездеме және оның техникалық сипаттамасы
- •Функционалды блоктарға мінездеме және олардың техникалық сипаттамалары Кесте 1
- •1 Пункт. Тәжірибелерді жүргізу ережесі
- •Тәжірибені орындау тәртібі: Үш фазалық синхронды генератордың бос жүрістегі сипаттамасын алудың блогты принциптік сұлбасына қысқаша түсінік
- •Тәжірибені жүргізу нұсқауы
- •Орындаған тәжірибеге тұжырым
- •Бақылау сұрақтары
- •Тәжірибені орындау тәртібі: Үш фазалық синхронды генератордың сыртқы, реттеушілік және жүктемелік режим параметрлерін анықтаудың блогты принциптік сұлбасына сипаттама
- •Сг режим жұмыстарын сыртқы, реттеушілік және жүктемелік сипаттамалармен сынауды жүргізу нұсқауы
- •Орындаған тәжірибеге тұжырым
- •Бақылау сұрақтары
- •Тәжірибені орындау тәртібі: Cинхронды генераторды қ.Ш.Ү. Торапқа параллель жұмысқа қосу әдістерін эксперименттік жолмен зерделеудің принциптік сұлбасына сипаттама
- •Cинхронды генераторды қ.Ш.Ү. Торапқа дәлдік синхрондау әдісімен параллель жұмысқа қосуды эксперименттік жолмен сынақ жүргізу нұсқауы
- •Cинхронды генераторды қ.Ш.Ү. Торапқа қатаң (грубой) синхрондану немесе өздігінен синхрондану әдісімен параллель жұмысқа қосуды эксперименттік жолмен жүргізу нұсқауы
- •Орындаған тәжірибеге тұжырым
- •Тәжірибені орындау тәртібі: Үш фазалы синхронды генератордың бұрыштық сипаттамаларын эксперименттік жолмен зерделеудің принциптік сұлбасына сипаттама
- •Үш фазалы синхронды генератордың бұрыштық сипаттамаларын эксперименттік жолмен анықтау нұсқауы
- •Орындаған тәжірибеге тұжырым
- •Бақылау сұрақтары
- •Тәжірибені орындау тәртібі: Үш фазалы синхронды генератордың қ.Ш.Т. Параллель жұмысы кезіндегі u-тәрізді сипаттаманы эксперименттік жолмен зерделеудің принциптік сұлбасына сипаттама
- •Үш фазалы синхронды генератордың қ.Ш.Т. Параллель жұмысы кезіндегі u-тәрізді сипаттаманы эксперименттік жолмен анықтау нұсқауы
- •Орындаған тәжірибеге тұжырым
- •Тәжірибені орындау тәртібі: Үш фазалы синхронды генератордың жүктемелік жұмысы кезіндегі қысқа тұйықталу сипаттамасын эксперименттік жолмен зерделеудің принциптік сұлбасына сипаттама
- •Үш фазалы синхронды генератордың жүктемелік жұмысы кезіндегі қысқа тұйықталу сипаттамасын эксперименттік жолмен анықтау нұсқауы
- •Орындаған тәжірибеге тұжырым
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
Тәжірибені орындау тәртібі: Cинхронды генераторды қ.Ш.Ү. Торапқа параллель жұмысқа қосу әдістерін эксперименттік жолмен зерделеудің принциптік сұлбасына сипаттама
G1 қорек көзі- өндірістік жиіліктің синусоидалды кернеу көзі.
G2 тұрақты тоқ қозғалтқышының қорек көзі, тәуелсіз қоздырғышы бар қозғалтқыш режимде жұмыс істейтін М2 тұрақты тоқ машинасының қозу орамының реттелмейтін кернеуі мен якорь орамының реттелетін кернеуін қоректендіру үшін қолданылады.
G3 қоздырғышы синхронды генератор режимінде жұмыс істейтін G6 айнымалы тоқ машинасының қоздыру орамаларын қоректендіру қызметін атқарады.
G6 синхронды генераторы G1 тораппен А17 синхрондау блогы және А2 үш фазалы трансформатор тобы арқылы байланысқан.
G5 бұрышты орын ауыстырғыш түрлендіргіші Р3 электр машиналы агрегаттың айналу жиілігінің шығыс көрсеткішіне түсетін импульсті түрлендіреді.
А9 реостаты синхрондаушы резистор міндетін орындап, А6 ажыратқышпен соңғы асинхронды жіберу этапында G6 синхронды генератордың қозу орамасына қосады.
Р2 өлшегіші көмегімен сыналатын G6 генератордың активті және реактивті қуаттары бақыланады.
Р4 өлшегіші көмегімен G6 генератор жағындағы және электр торабы жағындағы олардың кернеуі мен жиіліктері бақыланады.
1-ші тәжірибе.
Cинхронды генераторды қ.Ш.Ү. Торапқа дәлдік синхрондау әдісімен параллель жұмысқа қосуды эксперименттік жолмен сынақ жүргізу нұсқауы
Ол үшін құрылғылар 1-ші пунктке (5-ші бет) және 6-шы суреттегі блогты принциптік сұлбаға сәйкес жалғанады.
А2 үш фазалы трансформатордың екінші реттік орамасына 220 В номиналды кернеу орнатылады.
G1 үш фазалы қорек көзін, әрі қарай, G2 тұрақты тоқ қозғалтқыштың қорек көзін «СЕТЬ» → «ВКЛ» іске қосып, G2 көзі арқылы М2 қозғалтқыштың (G6 генератордың) айналу жиілігі 1500 мин-1 орнатылады.
А6 үш полюсті ажыратқышты, әрі қарай G3 қоздырғышты «СЕТЬ»→«ВКЛ» іске қосып, G3 синхронды машинаның қоздырғышы арқылы G6 генератордың фазалар арасындағы (сызықтық) кернеуді, тораптың аттас фазалары арасындағы кернеуге тең орнатамыз.
6-шы кестеге сәйкес синхрондау шартын орындап, содан кейін, А17 синхрондағышты «ВКЛ» іске қосу арқылы G6 синхронды генераторды торапқа параллель қосамыз.
G6 генератордың торапқа синхронды режим жұмысымен қосылғанын көреміз, яғни бұл, генератордың режим параметрі мәндерінің ауытқуы болмағандығына куә боламыз.
G2 тұрақты тоқ қозғалтқыштың қорек көзі арқылы, Р2 өлшегіштің ваттметр көрсеткішін бақылай отырып, G6 синхронды генераторды 30 Вт-қа дейін активті қуатпен жүктейміз, ал G3 қоздырғышы арқылы, варметрдің көрсеткішін бақылай отырып, 30 ВАр-ға дейін реактивті қуатпен жүктейміз. Бұл экспериментте синхронды генератордың қ.ш.ү. торапқа параллель жұмысқа дәлдік синхрондау әдісімен қосып, яғни қосылудың 4 шартын орындап қосып, оны активті және реактивті қуаттармен жүктеу процесін жүргіздік.
Тораптағы қуат азайған кезде, синхронды генераторларды ажырату қажет болады. Мұндай жағдайда генераторларды тораптан жаймен ажыратуға болмайды. Сондықтан, тораптан ажырату үшін, оның активті және реактивті қуаттарын түсіріп, А17 синхрондағышты ажыратамыз, әрі қарай алдымен G3 қоздырғыштың, содан кейін G2 қорек көзінің шығысындағы көрсеткіштерді нөлдендіріп, «ОТКЛ» → «СЕТЬ» ажыратамыз.
Кесте 6 –Синхрондау шарттары
№ р/с |
Шарт |
Бақылау құралы |
Өлшемдердің орындалатын шарттары |
Өлшемдердің орындалмайтын шарттары |
Шарттарды орындау бойынша ұсыныстар |
1 |
СГ мен торап кернеуінің теңесуі |
СГ мен торап жағындағы вольтметрлер |
СГ мен торап жағындағы кернеу тең |
СГ мен торап жағындағы кернеу тең болмайды |
СГ қоздырғыш кернеуін СГ мен торап жағындағы кернеуді түзетілген моментіне дейін реттеу |
2 |
СГ мен тораптың кернеу фазаларының бірдей ораласуы |
Фаза үзігіндегі шамдар |
Фазадағы шамдар: мерзімді бір уақытта жанады және (кернеу жиілігі тең емес) өшеді; жанады (қарама-қарсы фазадағы кернеу); жанбайды (кернеу синфазалы) |
Фазадағы шамдар мерзімді бір уақытта «жүгірме сәуле» эффектісін тудыра жанбайды және өшпейді |
СГ кез-келген екі фазасын ауыстырып қосу |
3 |
СГ мен торап жиіліктерінің теңесуі |
Фаза үзігіндегі немесе синхроноскоп шамдар |
Фазадағы шамдар әрдайым жыпылықсыз жанады (кернеу қарама-қарсы фазада) немесе жанбайды (кернеу синфазалық); синхроноскоптың тілі қозғамайды |
Фазадағы шамдар сырғу жиілігімен жанады; синхроноскоп тілі айналады |
СГ айналу жиілігін реттеу |
4 |
СГ мен торап кернеуінің синфазалығы |
Фаза үзігіндегі немесе синхроноскоп шамдар |
Фазада шамдар жанбайды; синхроноскоп тілі жоғарыға қарайды (көрсеткіші сағат 12-ні көрсетеді) |
Фазадағы шамдар жанады; синхроноскоп тілі жоғарыға қарамайды |
СГ-дың айналу жиілігін шам өшкенге дейін реттеу |
Сурет
6 Үшфазалы синхронды генераторды қ.ш.ү.
торапқа
дәлдік синхрондау әдісімен параллель
жұмысқа қосу блокты
принциптік сұлбасы
Сурет
7 Үшфазалы синхронды генераторды қ.ш.ү.
торапқа
қатаң
синхрондану немесе өздігінен синхрондану
әдісімен параллель жұмысқа қосудың
блокты
принциптік сұлбасы
2-ші тәжірибе.
