Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб по Эл энергетика часть синх ген.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.63 Mб
Скачать

Орындаған тәжірибеге тұжырым

Зертханалық жұмыстың нәтижесін қорытындылай, алынған графиктік кескіндерді қажетті түсіндірулермен қоса, синхронды генераторда болып жатқан құбылыстардың физикалық мәніне тұрақтана талдау жасау қажет. Синхронды генератордың бос жүріс және қысқа тұйықталу режимдері кезінде эксперименттік жолмен алған параметрлердің, оның паспорттық берілгендерімен сәйкескігін көрсету қажет.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бақылау сұрақтары

  1. Үш фазалық синхронды генератордың құрылысы және жұмыс істеу принципі.

  2. Үш фазалық синхронды генератордың бос жүріс сипаттамасы нені көрсетеді?

  3. G2 тұрақты тоқ қозғалтқышының қорек көзі не үшін қолданылады?

  4. G3 қоздырғышы қандай қызмет атқарады?

  5. Үш фазалық синхронды генератордың бос жүріс тәжірибесі қалай жүргізіледі

  6. Үш фазалық синхронды генератор үшін қысқа тұйықталу тәжірибесі қалай жүргізіледі?

  7. Үш фазалық синхронды генератор үшін қысқа тұйықталу сипаттамасы нені көрсетеді?

2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Жұмыстың тақырыбы: Үшфазалы синхронды генератордың режим жұмыстарын сыртқы, реттеушілік және жүктемелік сипаттамалармен зерттеу

Жұмыстың мақсаты: Синхронды генератордың (СГ) эксперименттік тәжірибе жасау арқылы сыртқы Uя=f(Iя), жүктемелік (активті, активті-индуктивті және активті-сыйымдылықты кедергісі бар Uя=f(If)) және реттеушілік If=f(Iя) сипаттамаларын зерттеудің графо-аналитикалық әдістерін меңгеру арқылы теориялық білімді бекіту. Блогты принциптік сұлбасын зерделеу, оның электрлік сұлбасын салу және оны оқуды үйрену.

Тәжірибені орындау тәртібі: Үш фазалық синхронды генератордың сыртқы, реттеушілік және жүктемелік режим параметрлерін анықтаудың блогты принциптік сұлбасына сипаттама

G1 қорек көзі- өндірістік жиіліктің синусоидалды кернеу көзі.

G2 тұрақты тоқ қозғалтқышының қорек көзі, тәуелсіз қоздырғышы бар қозғалтқыш режимде жұмыс істейтін М2 тұрақты тоқ машинасының қозу ораманың реттелмейтін кернеуі мен якорь орамының реттелетін кернеуін қоректендіру үшін қолданылады.

G3 қоздырғышы синхронды генератор режимінде жұмыс істейтін G6 айнымалы тоқ машинасының қоздыру орамаларын қоректендіру қызметін атқарады.

G5 бұрышты орын ауыстырғыш түрлендіргіші Р3 электр машиналы агрегаттың айналу жиілігінің шығыс көрсеткішіне түсетін импульсті түрлендіреді.

А10 активті (бір фазадағы 10% кедергі мәні 5Вт-қа тең), А15 индуктивті (бір фазадағы 25% кедергі 10 Варға тең) және А16 сыйымдылықты жүктеме ретінде сыналатын G6 синхронды генераторды жүктеу қызметін атқарады.

Р1 мультиметрлер блогы көмегімен сыналатын G6 синхронды генератордың қозу тоғы If, статор орамасындағы кернеу Uя (якорь немесе жүктемелік кернеу) мен тоқ Iя бақыланады.