Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб по Эл энергетика часть синх ген.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.63 Mб
Скачать

1 Пункт. Тәжірибелерді жүргізу ережесі

Әр зертханалық жұмыс барысында, ең алдымен мына шарттарды орындау қажет:

  • біріншіден, эксперименттік-тәжірибеде қолданылатын құрылғылардың қорек көзінен айырулы тұрғанына көз жеткізу;

  • екіншіден, тәжірибеде іске қосылатын құрылғылардың қорғаныс жерлендіргішінің ұяшықтарын " " тізбектеп, А1 автотрансформатордың немесе G1 үш фазалық қорек көзінің "РЕ" ұяшығымен жалғау қажет;

  • үшіншіден, зертханалық жұмысты орындау барысында (аяқтай келе) іске қосылған G2 тұрақты тоқ қозғалтқышы қорек көзінің, G3 синхронды машина қоздырғышының, А1 автотрансформатордың және басқа да жабдықтардың реттеуіш тұтқасын сағат тіліне қарсы шетке дейін орнатып, тораптан айыру (қосу) қажет;

  • төртіншіден, айнымалы тоқ машинасының жылулық қорғанысының блогты принциптік сұлбасын жалғау қажет;

бесіншіден, А6 үш фазалық ажыратқыштың жұмыс режиміндегі айырып-қосқышты «РУЧН.» жағдайына ауыстырыңыз.

Осы шарттар орындалса, G1 қорек көзінің ажыратқышын («ВКЛ») кнопкасымен қосыңыз.

1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Жұмыстың тақырыбы: Үшфазалы синхронды генератордың бос жүрістегі E0=f(If) және қысқа тұйықталудағы IК=f(If) режим параметрлерін зерттеу

Жұмыстың мақсаты: синхронды генератордың құрылысын, жұмыс принципін, бос жүріс және қысқа тұйықталу кезіндегі жұмыс режимдерін зерделеу және эксперименттік тәжірибе жасау арқылы теориядан алған білімді шыңдау, сипаттамаларды зерттеудің графо-аналитикалық әдістерін меңгеру арқылы теориялық білімді бекіту. Блогты принциптік сұлбасын зерделеу, оның электрлік сұлбасын салу және оны оқуды үйрену.

Тәжірибені орындау тәртібі: Үш фазалық синхронды генератордың бос жүрістегі сипаттамасын алудың блогты принциптік сұлбасына қысқаша түсінік

G1 қорек көзі- өндірістік жиіліктің синусоидалды кернеу көзі.

G2 тұрақты тоқ қозғалтқышының қорек көзі, тәуелсіз қоздырғышы бар қозғалтқыш режимінде жұмыс істейтін М2 тұрақты тоқ машинасының қоздыру ораманың реттелмейтін кернеуі мен якорь орамының реттелетін кернеуін қоректендіру үшін қолданылады.

G3 қоздырғышы синхронды генератор режимінде жұмыс істейтін G6 айнымалы тоқ машинасының қоздыру орамаларын қоректендіру қызметін атқарады.

G3 қоздырғышы синхронды генератор режимінде жұмыс істейтін G6 айнымалы тоқ машинасының қоздыру орамасын қоректендіру қызметін атқарады.

G5 бұрышты орын ауыстырғыш түрлендіргіші Р3 электр машиналы агрегаттың айналу жиілігінің шығыс көрсеткішіне түсетін импульсті түрлендіреді.

Р1 мультиметрлер блогы көмегімен сыналатын G6 синхронды генератордың қозу тоғы If, статор орамасындағы ЭҚК E0 (бос жүрістегі режимде) және қысқа тұйықталу тоғы Iқ бақыланады.

Сурет 1 – Бос жүріс кезіндегі үш фазалық синхронды генератордың жұмыс режимін сынау сұлбасы

Тәжірибені жүргізу нұсқауы

1-ші бөлім. Үшфазалы синхронды генератордың бос жүрістегі сипаттамасын алу

Ол үшін құрылғылар 1-ші пунктке және 1-ші суреттегі блогты принциптік сұлбаға сәйкес жалғанады.

G1, әрі қарай G2 қорек көзін («ВКЛ») іске қосып, G2 қорек көзінің реттеуіш тұтқасы арқылы, М2 қозғалтқышының (G6 генераторы) жүрісі 1500 мин-1 жиілікке дейін күшейтіліп, тәжірибе соңына дейін бір қалыпты ұсталады.

G3 қоздырғыш («ВКЛ») іске қосылады да, 0…2 А аралығында шығысындағы If қоздыру тоғын өзгертіп, G6 генератордың көрсеткіштерін Р1.1 (If қозу тоғы) амперметр мен Р1.2 вольтметр (сыналатын G6 синхронды генератордың ЭҚК-нің E0) көрсеткіштері 2-ші кестеге түсіріледі.

Кесте 2 –Сынау нәтижелері

If, A

E0, B

Тәжірибенің 1-ші бөлімін аяқтау реті:

Экспериментті аяқтау үшін, қосылу алгоритмі кері орындалады, яғни, алдымен G3, әрі қарай G2 көзінің реттеуішін бастапқы күйге әкеліп, блоктар алдымен істен («ОТКЛ»), тораптан («СЕТЬ») ажыратылады, А6 ажыратқыш, G1 қорек көзі ажыратылады. Тәжірибеде қосылған барлық блоктар тораптан («СЕТЬ») айырылады.

Тәжірибе нәтижелерін пайдаланып, синхронды генератордың бос жүрістегі E0=f(If) тәуелділік графигі тұрғызылады.

2-ші бөлім. Үшфазалы синхронды генератордың қысқа тұйықталу сипаттамасын алу

2-ші кестедегі нәтижелерді қолдана отырып, зерттеп отырған үшфазалы синхронды генератордың қысқа тұйықталу сипаттамасының Iқ = f(If ) тәуелділік графигін тұрғызу.

Ол үшін құрылғылар 2-ші суреттегі блогты принциптік сұлбаға сәйкес жалғанады.

G1, әрі қарай G2 қорек көзін («ВКЛ») іске қосып, G2 қорек көзінің реттеуіш тұтқасы арқылы, М2 қозғалтқышының (G6 генераторы) жүрісі 1500 мин-1 жиілікке дейін күшейтіліп, тәжірибе соңына дейін бір қалыпты ұсталады.

G3 қоздырғыш («ВКЛ») іске қосылады да, 0…2 А аралығында шығысындағы If қоздыру тоғын өзгертіп, G6 генератордың көрсеткіштерін Р1.1 (If қозу тоғы) амперметр мен Р1.2 вольтметр (сыналатын G6 синхронды генератордың 2 фазалы қысқа тұйықталу тоғы Iқ) көрсеткіштері 3-ші кестеге түсіріледі.

Кесте 3 –Сынау нәтижелері

If, A

2

Iқ, А

Тәжірибенің 2-ші бөлімін аяқтау реті:

Экспериментті аяқтау үшін, қосылу алгоритмі кері орындалады, яғни, алдымен G3, әрі қарай G2 көзінің реттеуішін бастапқы күйге әкеліп, блоктар алдымен істен («ОТКЛ»), тораптан («СЕТЬ») ажыратылады, А6 ажыратқыш, G1 қорек көзі ажыратылады. Тәжірибеде қосылған барлық блоктар тораптан («СЕТЬ») айырылады.

Тәжірибе нәтижелерін пайдаланып, синхронды генератордың қысқа тұйықталу сипаттамасының Iқ=f(If) тәуелділік графигі тұрғызылады.

Сурет 2 – Үшфазалы синхронды генератордың 2 фазалы қысқа тұйықталу режимін зерттеудің блогты принциптік сұлбасы

Сурет 3 –Синхронды генератордың (Iқ = f(If ) тәуелділік графигі)

қысқа тұйықталған және (E0 = f(If ) тәуелділік графигі) бос жүріс сипаттамалары