Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб по Эл энергетика часть синх ген.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.63 Mб
Скачать

Үш фазалы синхронды генератордың қ.Ш.Т. Параллель жұмысы кезіндегі u-тәрізді сипаттаманы эксперименттік жолмен анықтау нұсқауы

Ол үшін құрылғылар 1-ші пунктке (5-ші бет) және 9-ші суреттегі блогтарды принциптік сұлбаға сәйкес жалғаймыз.

G6 синхронды генераторды желіге дәлдік синхрондану әдісімен параллель жұмысқа қосу тәсілімен жүзеге асырамыз.

G2 тұрақты тоқ машинасының қорек көзі арқылы, G6 генераторға Р2 өлшеуіштің ваттметр көрсеткішін үш еселеп анықталатын қажетті 30 Вт активті қуатты орнатып, эксперимент соңына дейін тұрақты ұстаймыз.

G3 синхронды машинаның қоздырғышы арқылы G6 генератордың If қозу тоғын (2 А-ден асырмай) өзгертіп, амперметрден алынған If мен Iя тоқтардың мәндерін 9-шы кестеге түсіреміз.

Кесте 9

If, А

0

2

Iя, А

G6 синхронды генератор асинхронды жұмыс режиміне ауысса, оның активті қуаты G2 қорек көзін сағат тіліне қарсы өзгерту арқылы синхронды генератордың тораппен синхронды жұмыс қайта қолпына келгенше түсіреміз.

G6 синхронды генераторды тораптан ажыратуды, 3-ші зертханалық жұмыс шартына сәйкес жүргіземіз.

9-шы кестедегі мәндерді пайдаланып, синхронды генератордың жұмыс режиміндегі U-тәрізді сипаттаманының Iя=f(If) тәуелділік графигін тұрғызамыз.

Сурет 8 Үш фазалы синхронды генератордың қ.ш.т. параллель жұмысы кезіндегі U-тәрізді сипаттаманы эксперименттік жолмен анықтаудың принциптік сұлбасы

Синхронды генератордың қ.ш.т. параллель жұмыс режиміндегі U-тәрізді сипаттаманының Iя=f(If) тәуелділік графигі

Орындаған тәжірибеге тұжырым

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________

6 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Жұмыстың тақырыбы: Үш фазалы синхронды генератордың жүктемелік жұмысы кезіндегі қысқа тұйықталу сипаттамасының Iқ=f(t) тәуелділік графигін зерделеу

Жұмыстың мақсаты: Синхронды генераторды торапқа параллель қоса отырып, жұмыс режимі кезінде жүктеме тоғының Iя қозу тоғының If өзгерісіне тәуелділігіндегіі U-тәрізді сипаттаманы және оны тәжірибелік жолмен анықтаудың принциптік сұлбасын зерделеу

Тәжірибені орындау тәртібі: Үш фазалы синхронды генератордың жүктемелік жұмысы кезіндегі қысқа тұйықталу сипаттамасын эксперименттік жолмен зерделеудің принциптік сұлбасына сипаттама

G1 қорек көзі- сұлбаны өндірістік жиіліктің синусоидты қорек көзімен қоректендіреді.

G2 тұрақты тоқ қозғалтқышының қорек көзі, тәуелсіз қоздырумен қозғалтқыш режимде жұмыс істейтін М2 тұрақты тоқ машинасының қозу орамының реттелмейтін кернеуі мен якорь орамының реттелетін кернеуін қоректендіру үшін қолданылады.

G3 қоздырғышы синхронды генератор режимінде жұмыс істейтін G6 айнымалы тоқ машинасының қоздыру орамаларын қоректендіру қызметін атқарады.

G5 бұрышты орын ауыстырғыш түрлендіргіші Р3 электр машиналы агрегаттың айналу жиілігінің шығыс көрсеткішіне түсетін импульсті түрлендіреді.

А10 активті және А15 индуктивті кедергілері бар жүктемелер G6 синхронды генераторды жүктеу үшін қолданыладын.

А3 өлшеуіш тоқ трансформаторы күштік және өлшеуіш тізбектерді гальваникалық байланысын қамтамасыз етіп, G6 генератордың статор орамасындағы тоқты оған пропорционал нормаланған кернеуге түрлендіреді.

А4 коннектордың аналогтық шығыстары арқылы өлшенетін кернеуді А5 компьютерге енгізеді.

А6 ажыратқыш қысқа тұйықтағыш режимінде пайдаланылады.

Р1 мультиметрмен G6 генератордың сызықтық кернеуі мен статор орамасындағы тоқ бақыланады.