Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб по Эл энергетика часть синх ген.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.63 Mб
Скачать

Орындаған тәжірибеге тұжырым

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________

Бақылау сұрақтары

1. G2 қорек көзі не үшін қолданылады?

2. G3 қоздырғышы қандай қызмет атқарады?

3. А14 сызықтық реакторы қандай қызмет атқарады?

4. Үш фазалық синхронды генераторды желіге қалай қосады?

5. Бұл экспериметте тұрақты тоқ қозғалтқышы қай қоздырғышпен жұмыс жасайды?

6. Жүктеме бұрышын көрсеткішті жұмысқа қалай дайындайды?

7. Генератор асинхронды режим жұмысына ауысқан кезде не істеу керек?

8. Генераторды желіден қалай дұрыс ажыратады?

9. Генератордың бұрыштық сипаттамасын қалай алады?

10. Генератордың бұрыштық сипаттамасы нені көрсетеді?

11. Синхронды генератордың U-тәрізді сипаттамасын алу тәжірибесін түсіндіріңіз.

12. Бұрыштық жүктеме кезіндегі СГ-ға якорь реакциясының сипаты қандай?

13. Неліктен U-тәрізді сипаттамасының нүктесі, генератордың активті жүктемесін өсірген кезде минималды тоқ қозу тоғының үлкен мәні аймағына ауысады?

5 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Жұмыстың тақырыбы: Үш фазалы синхронды генератордың қ.ш.т. параллель жұмысы кезіндегі U-тәрізді сипаттаманың Iя=f(If) тәуелділік графигін зерделеу

Жұмыстың мақсаты: Синхронды генераторды торапқа параллель қоса отырып, жұмыс режимі кезінде жүктеме тоғының Iя қозу тоғының If өзгерісіне тәуелділігі жағдайындағы U-тәрізді сипаттаманы және оны тәжірибелік жолмен анықтаудың принциптік сұлбасын зерделеу

Тәжірибені орындау тәртібі: Үш фазалы синхронды генератордың қ.Ш.Т. Параллель жұмысы кезіндегі u-тәрізді сипаттаманы эксперименттік жолмен зерделеудің принциптік сұлбасына сипаттама

G1 қорек көзі- сұлбаны өндірістік жиіліктің синусоидты қорек көзімен қоректендіреді.

G2 тұрақты тоқ қозғалтқышының қорек көзі, тәуелсіз қоздырумен қозғалтқыш режимде жұмыс істейтін М2 тұрақты тоқ машинасының қозу орамының реттелмейтін кернеуі мен якорь орамының реттелетін кернеуін қоректендіру үшін қолданылады.

G3 қоздырғышы синхронды генератор режимінде жұмыс істейтін G6 айнымалы тоқ машинасының қоздыру орамаларын қоректендіру қызметін атқарады.

G6 синхронды генераторы тораппен (G1 көзімен) А17 синхрондағыш және А2 үш фазалы трансформатор, А6 ажыратқыш және электр торабының кедергісін модельдейтін А14 сызықты реактор арқылы байланысқан.

G5 бұрышты орын ауыстырғыш түрлендіргіші Р3 электр машиналы агрегаттың айналу жиілігінің шығыс көрсеткішіне түсетін импульсті түрлендіреді.

Р2 өлшегіші көмегімен сыналатын G6 генератордың активті және реактивті қуаттары бақыланады.

Р4 өлшегіші көмегімен G6 генератор жағындағы және электр торабы жағындағы олардың кернеуі мен жиіліктері бақыланады.

Р6 көрсеткіші көмегімен G6 синхронды генератор жүктемесінің бұрышы бақыланады.