Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб по Эл энергетика часть синх ген.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.63 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-Техникалық Университеті

«Энергетика» кафедрасы

ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ

ПӘНІНЕН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

ЕСЕБІ

СИНХРОНДЫ МАШИНАЛАР

Орындаған: ____________________

Тексерген:_____________________

Орал -2014

Электр техникалық зертханалармен жұмыс жасау кезіндегі

техника қауіпсіздігі ережелері

Зертханалық стендті пайдалануды ережеге сәйкес жүргізу қажет. Электр тоғы соғуын және өрттің шығуын алдын алуда ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

  • қорғаныс оқшалауышы жоқ немесе ақауы бар оқшалауышты электрлік сымдарды қолдануға;

  • шанышқыдағы розетканы шнурдан шығаруға;

  • еденге қағаз, шүберек лақтыруға, жеңіл тұтанғыш сұйықтықтарды қолдануға;

  • стендті торапқа қосулы қалдыруға;

  • стендтағы жұмысқа бөгде адамды жіберуге;

  • оқытушының рұқсатынсыз стендте блогты принциптік сұлбаны жинауға және оны қосуға;

  • стендте орналасқан құрал-жабдықтарды, электрлік материалдарды бөлмеден алып шығуға;

  • стендтегі блогтарды оқытушының рұқсатынсыз орын ауыстыруға.

Қандай да бір жағдайда ақаулық пайда болса, оқытушыға ескерту қажет.

Ақауды өздігіңізден жоюға тыйым салынады!

Осы нұсқаулықты бұзған үшін, орнатылған университет жарғысы бойынша қолданушылар тәртіпке алынады.

Жұмыс алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары

Зертханалық стендтегі жұмысқа дайындық кезінде, қолданушы міндетті:

- жұмыс орнын дайындауға және оны бөгде заттардан босатуға;

- сырттай көз ілестіріп стендтің негізгі бөлігіндегі және қоректендіру шнурдарында, розеткаларында, корпустарында көрінетін ақаулар мен зақымданулардың жоқтығына көз жеткізуге;

- қорғаныс жерлендіргішінің сенімді қосылуы тұрғанына және оның бар-жоғын тексеруге;

- зертханалық стендтің қосылуы, электр тоғына түсуіне әкелмейтініне көз жеткізуге;

- зертханалық стендті қосқаннан кейін, оның дұрыстығына көз жеткізіп, тек содан кейін жұмысқа кірісуге.

Зертханалық стенд элементтерінің қалыпсыз жұмысы немесе ақаулықтар пайда болған жағдайда, дереу электр торабынан айырып, оқытушыға жеткізуге.

Апаттық жағдайларда қойылатын қауіпсіздік талаптары

Зертханалық стендте жұмыс жасаған кезде, білім алушы тұтынушы электр қондырғыларын эксплуатациялау кезінде электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықты және аудиториядағы өрт қауіпсіздігі ережесі бойынша нұсқаулықты сақтау қажет.

Зертханалық стендте жұмыс жасау процессінде ақаулық пайда болған жағдайда білім алушы міндетті:

1. Іске шыққан аппаратураны электр торабынан айыру қажет;

2. Өрт шыққан жағдайда оны сөндіру және 103 нөміріне қоңырау шалу шараларын қолдануға;

3. Электр тоғы соққан жағдайда электр тоғы әрекетінен зардап шеккенді босату шараларын және алғашқы көмекті (дәрігерге дейінгі) көрсетуге және медициналық көмекшінің тез келу шараларын қабылдау.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ СТЕНДТЕ АРНАЙЫ РҰҚСАТЫ ЖОҚ АДАМҒА ҚАНДАЙ ДА БІР ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

Торапты кернеу түсу жағдайы кезінде, ақаулықты толық жойылғанға дейін айыру қажет.

Жұмыс аяқталғаннан кейінгі қауісіздік шаралары

Зертханалық стендте жұмыс аяқталғаннан кейін білім алушы міндетті:

1. Стендті торап көзінен айыру және аппаратуралардың айырулы тұрғанына көз жеткізу;

2. Жұмыс столындағы электр жабдықтарды, штепсельді вилканы ағыту арқылы розеткадан айыру.

ЖҰМЫС ПРОЦЕСІНДЕ АҚАУЛЫҚ БОЛҒАННАН КЕЙІН, ОҚЫТУШЫНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ АППАРАТУРАЛАРДЫ ҚАЙТА ҚОСУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

Электромашиналы агрегатқа мінездеме және оның техникалық сипаттамасы

Электромашиналы агрегат агрегаттың қозғалмалы бөліктерінің бұрыштық күйін және айналу жиілігін анықтайтын сигналдарды алу, айнымалы немесе тұрақты тоқ энергиясын электромеханикалыққа түрлендіру үшін тағайындалған. Ол –аралары біріккен және тұтас білікте орналасқан тұрақты тоқ машинасынан, айнымалы тоқтың машинасынан және бұрыштық орын ауыстыру түрлендіргіштен тұрады.

Тұрақты тоқ машинасы (101.2) G4

Номиналды қуаты, Вт 90

Зәкірдің номиналды кернеуі, В 220

Зәкірдің номиналды тоғы, А 0,56

Номиналды айналу жиілігі, мин-1 1500

Қозу орамасының жалғануы тәуелсіз / параллель / тізбектей

Қозудың номиналды кернеуі, В 2×110

Қозу орамасының номиналды тоғы, А 0,25

ПӘК, % 57,2

Айналу бағыты реверстік

Жұмыс режимі қозғалтқыш / генератор

Айнымалы тоқтың машинасы (102.1) М1

Статордағы фаза саны 3

Ротордағы фаза саны 3

Синхронды машина ретінде

Номиналды активті қуат, Вт 100

Номиналды кернеу, В 230

Статор орамасын жалғау сұлбасы

cos H

1

Стратордың номиналды тоғы, А

0,26

Бос жүрістегі қозу тоғы, А

1,6

Қозудың номиналды кернеуі, В

22

Қозудың номиналды тоғы, А

1,85

Айналу бағыты

екі жақты

Айналудың номиналды жиілігі, мин–1

1500

Асинхронды машина ретінде

Тоқтың жиілігі, Гц

50

Номиналды пайдалы активті қуат, Вт

30

Номиналды кернеу, В

127

Статордағы орамалардың жалғану схемасы

Ротордағы орамалардың жалғану сұлбасы

Y

Статордың номиналды тоғы, А

0,35

ПӘК, %

36

cos H

0,73

Номиналды айналу жиілігі, мин–1

1250

Бұрыштық орын ауыстыру түрлендіргіші (104) G5

Моделі

ВЕ 178А

Шығысты каналдарының саны

6

Бір айналымдағы импульс саны

2500

Біліктің айналу жұмыс жиілігінің өзгеру диапазоны, мин-1

0..6000