Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК дар заттарды сактау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.94 Кб
Скачать

Дәрілік заттарды жазу, сақтау және қолдану:

Пациент дәріні қабылдау уақытын және қабылдау ережесін (тамақ алдында, тамақтан кейін, тамақпен бірге) әрқашанда түсіне бермейді.

Мейірбике дәріні қабылдау уақыты және қабылдау ережесінің ерекшелігін түсіндіруі пациенттің жазылуын жылдамдатады. Ол қажетті ақпататтарды беруге міндетті (қабылдау ережесін, препараттың атын, қосымша әсерін, қабылдау ерекшелігін және т.б.)

Мейірбике дәрілерді тарату барысында, дәрілік заттарды қабылдағанын қадағалау қажет.

Дәрілік заттарды дұрыс жазу ережесі.

  1. Мейірбике күнделікті әр пациентке жеке-жеке аурудың дамуы тарихындағы тағайындалғана дәрілерге талдау жасай отыра, тағайындау журналына жазады. Аурудың даму тарихына күнделікті дәрілерін тағайындағанын дәрігер жазады, ол жерде мөлшері, қысқаша енгізу жолы жазылады.

  2. Палата мейірбикесі жасалатын процедура мейірбикесіне инъекциялар туралы ақпаратты береді.

  3. Процедура және палата мейірбикесі аға мейірбикеге барлық тағайындалған дәрілік заттардың тізімін береді.

  4. Аға мейірбике дәріханадан дәрілік заттарды арнайы формамен (талап қағазы) жазып алады. Талап қағазы 2 данадан болады, ол жерде дәрінің аты «латын тілінде», мөлшері, бағасы және бөлім меңгерушісінің қолы жазылады.

  5. Улы, наркотикалық заттарға және этил спиртіне жеке бланкпен талап қағазының 3 данасын жазады, бұнда мөр және бас дәрігердің қолы қойылады.

  6. Аға мейірбике дәріханадан дәрілерді қабылдап алғанда олардың талап қағазымен сәйкестігін (сақтау мерзімі, мөлшері және т.б.) тексеру қажет.

Дәрілік заттарды бөлімшеде сақтау.

Дәрілік заттарды сақтауда арнайы талаптарды сақтау қажет (температуралық немесе жарық әсерін).

  1. Енгізілуіне қарай сақтайды. Парэнтеральді жолмен енгізілетін дәрілер процедура кабинетінде сақталуы қажет.

  2. Сыртқа қолданатын дәрілік заттар жеке шкаф сөрлерінде сақталуы қажет.

  3. Энтеральды жолмен енгізетін дәрілік заттар тағайындауына байланысты жүйелеп, жеке сақталады (антибиотиктер, САП-тар, витаминдер және т.б.)

  4. А тобына жататын дәрілік заттар сейфте сақталады.

  5. Тез бұзылатын дәрілер мұздатқышта сақталады (тұнба, қайнатпалар), олардың сақтау мерзімі 3 күн. Сонымен қатар мұздатқышта арнайы температураны қажет ететін препараттар сақталады, (вакциналар, сывораткалар, мазьдер, тік ішек балауыздары және т.б.).

  6. Спиртті тұнбалар арнайы флаконда, тығыз тығындалған, жабық болу қажет, себебі буланса олардың әсері жоғарлап және мөлшері көбеюі мүмкін.

  7. Жарыққа әсері бар дәрілік заттар арнайы қоңыр флаконда шығады және жарық жоқ жерде сақтайды.

  8. Исі өткір дәрілер жеке сақталады (йодоформ, лизол және т.б.).

  9. Дәрілік заттарды зарарсыздандыру ерітінділерімен бірге сақтауға болмайды.

  10. Сөрелердің артқы жағына үлкен флакондар және қорапшаларды қояды, себебі аттарын оқуға ыңғайлы.

  11. Залалсызданған ерітінділердің сақтау мерзімі арнайы флаконда темір қақпақшасы болса 10 күн, ол қағаз қақпақшалы 3 күн.

  12. Дәрілік заттардың сақталу мерзімі өтіп кетсе қолданылмайды.