Белсенді үлестірмелі материал
Пән«Медбикелік ісі негіздері» |
ЦӘК «Медбике ісі» |
Тәжірибелік№1 сабақтың тақырыбы: «Медбике еңбегін ұйымдастыру және кәсіби дайындау». |
Мамандығы: «Медбикелік іс» |
Оқытушы: |
Курс -2Семестр –3 |
Мақсаты:
Алған теориялық білімдерін игеру, медициналық этика, деонтология, биоэтика, коммуникация бойынша білімдерін іс жүзінде рөлге ену.
Мамандыққа деген жауапкершілікке тәрбиелеу, ауыр жағдайдағы науқастарға жақсы қарым-қатынаста болу.
Науқастарға деген қарым-қатынасты меңгеру, науқаспен қарым-қатынасты рөлге еніп көрсетіңіз.
Іс-әректтерін реттілікпен жасап көрсетіңіз
Берілген бақылау сұрақтарына жауап беріңіз:
Глоссариге шешімен табыңыз.
Бақылау сұрақтарына жауап беріңіз
Жағдайяттық тапсыраны шешіңіз.
Тесттік тапсырманың 2 нұсқасын шешіңіз.
Графдиктант: алгоритм іс-әректтеріне дұрыс жауабын табыңыз.
Глоссарий
Этика- 6. Эгогения-
Субординация - 7. Биоэтика-
Медициналық этика- 8. Ятрогендік аурулар-
Рутинер медбике- 9. Коммуникация -
Деонтология- 10. Эгротогения-
Бақылау сұрақтары:
«Деонтология» терминінің түсінігі
«Биоэтика» терминінің түсінігі
Биоэтиканың негізгі принциптері.
Биоэтиканың мәселелері.
Медбикелік этиканың ерекшелігі.
Харди бойынша медбикелердің түрлері.
Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің өз ара қарым -қатынас модельдері .
Дәрігер мен медбикенің қарым-қатынасындағы негізгі принциптер.
Пациент пен медбикенің арсындағы қатынастың орнау кезеңдері.
Пациенттің ережелері.
Медбике еңбегін ұйымдастыру және кәсіби дайындау
Медбике – білім мен шеберлігі бар, күтім процесіне жауапты, мейірмділік көрсете білетін маман болып саналады. Медбике-емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытқан, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Қоғам мен емделушілердің қажеттілектерін қанағаттандыру үшін, денсау-лықты сақтау үшін медбике жұмысын жал-ғыз және басқа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара береді. Медбикенің міндетіне емделушіні және оның өз тағдырын өзі шешу құқығын сыйлау кіреді. Осыған байланысты іс атқару барысында келесі принциптерге сүйенуге тиіс: қастық жасамау, жақсылық жасау, қызмет істей білу және мамандыққа да, емделушіге де адал болу. Сонымен бірге, Медбикелік іс адамның ұлттық және таптық сипатын, жасын, жынысын, саяси немесе діни сенімдерін шектемейді. Медбике ісінің деонтологиясы – науқас пен дәрігердің, медициналық қызметкерлердің өзара қарым қатынасындағы және ғылыми техникалық жетістіктердің тәжірибелік медицинаға енгізілуіне байланысты парыз туралы ғылым.
Мейірбикенің жауапкершілік міндеттері:
Дәрігердің тағайындағандарын уақытында және сапалы орындауға.
Наркотикалық және басқа да дәрі-дәрмек заттарды дұрыс сақтап қолдануға.
Медициналық инвентарьлар мен палатадағы шаруашылық жабдықтарды сақтауға.
Науқастардың санитарлық жағдайлары мен емдеу және қорғау тәртібін бұзбауына.
Уақытында гигиеналық ванна қабылдап, төсек-орнын ауыстыруға міндетті.
Мейірбикенің жұмыс орны: Оның қарамағындағы палаталардан қашық болмауы керек, мейірбике орнында оның қажетті заттарымен, медициналық аспаптармен, дәрі-дәрмектерге арналған шкаф, ауру тарихын сақтауға арналған жабылатын жәшіктері бар үстел, телефон, үстел үсті шамы, компьютер мен тағы да басқа қажетті заттармен қамтамасыз етілуі қажет. Арнайы дәрі-дәрмектерге арналған шыны шкафтар болуы керек.
Мейірбикенің сыртқы келбеті:
Үстіне үтіктелген таза ақ халат, қалпақ кию;
Аяқ киімнің биік болмауы, былғарлы аяқ киім кию;
Саусақ тырнақтары қысқа, бояу болмауы керек;
Науқастарға дауыс көтермей сөйлеу;
Медициналық этиканы сақтауы тиіс;
Медицина қызметкерінің өзін көрсете білу мәдениетін екіге бөлуге болады:
Ішкі бейне. Медицина қызметкерінен сезімталдық, ықыластылық, қарапайымдылық, ақ пейілділік, мейірімділік, қамқоршылық, және жоғары кәсіпкерлік сияты адамгершілік қасиет талап етіледі.
Сыртқы бейнеге қойылатын нақты талаптарды орындау: ауыстыратын аяқ киімінің болуы, халат таза және үтіктелген, тырнақтар қысқа қырқылған, шаш қалпақтың ішіне тығылған болуы керек.
Медбикелік этиканың негізігі принциптері Флоренс Найтингейлдің антында былай делінген:
1. Адамгершілік және мейірімділік, махаббат және қамқорлық .
2. Қайғысын бөлісу.
3. Жақсылық жасау
4. Әділ болу.
5. Еңбек сүйгіштік
Парызтанулық қағидаларды бұзу науқастарда ятрогендік аурудың (грек тілінде jatros – дәрігер, genes- туғызған) дамуына әкеліп соғуы мүмкін, бұл ауырулар науқастың психикасына және сауығуына жағымсыз әсерер еткен т медициналық қызметкерлердің абайсызда айтылған сөздердің немсе іс-әрекеттерінің салдарынан болуы ықтимал. Дәрігерлік құпияны сақтау қажет (қоршағандарға қауіп төндірмейтін кезде). Сырқатнамаға енгізілген зертханалық, аспаптық тексерулердің, мамандар кеңесінің нәтижелерін білу науқас үшін оңай болмауы керек. Медбикеге тексерулердің деретерін науқаспен талқылауға болмайды. Медицина қызметкрлерінің өз ара қарым-қатынасының негізін субординация құрайды - қызметі бойынша кішінің үлкенге бағыну жүйесі, бұл дәрігермен немсе әкімшілік өкілімен кездескенд тұру, дәрігерлік тағайындауларды ұқыпты орындау ғана емес, сондай-ақ кейде шиеленіске қатынаста көрінеді.
Медицина қызметкерлерінің тұлғасы.
Қазақстанның Медбикесінің этикалық кодексін этикалық қағидалар анықтайды және Медбикелердің өзін өзі ұстау стандартарымен өзін өзі этикалық бақылау стандарттары болып табылады.
Моральдық – этикалық нормалар, ережелер мен талаптар Медбикенің сырқатпен, оның отбасымен және туыстарымен, жұмыста қызметкерлермен, әріптестермен және жұртшылықпен өзара қарым – қатынасының күрделі ілімін игермейінше жүзеге аспайды. Сондықтан Медбике өзінің философиялық көзқарасын нығайта отырып, өзіне мынадай этикалық міндеттерді, этикалық байлықты бағалануы, адамгершілік қасиеттерін қабылдауы тиіс.
Этикалық міндеттер: Ізгілік жасау, зиян тигізбеу,шындықты айту, басқалардың міндеттерін құрметтеу, берген уәдені орындау, адал болу, науқастың жек іс–қимыл әрекеттерінің құқығын силау.
Этикалық бағалануы, Медбикенің талапты мақсаттары ол: Касіби шеберлік – жақсы маман болу, денсаулық адаптация арқылы адамдар гармониясы, әуелсіздік және меншік, ықыласқа ие болу дербестігі.
Медбикенің адамгершілік қасиеттері: Адал қызметкер болу бұл құрметке, беделге жеткізетін мінездеменің сипаты. Жақсы Медбике адамдар арасындағы жақсы мен жаманды айыра білуі және білімді, іскер, шыдамды, қайрымды, алдына қойған мақсатқа жете білуі қажет.
Этикалық қағидалар: Медициналық қызметкерлердің профессиональды деонтологиясы этикалық қағидалармен үздіксіз байланыста болады. Деонталогия ғылым емес, қарым қатнас пен өзін өзі ұстау қасиеті, әрбір елдің Медбикесі соның ішінде Қазақстанда Медбикелердің тәртібі мен өзін өзі басқару құралы ретінде профессианалды Медбике үшін үлгі болып табылады. Этикалық принциптермен қатар медициналық қызметкерлердің профиссионалды деонтологиясы, Медбикенің деонтологииясы үзіліссіз байланысқан.
Медициналық қызмет этикасы
Медициналық этика (лат. ethica, грек тілінен алғанда ethice – адамгершілікті зерделеу), немесе медициналық деонтология (греч. deon – парыз; «деонтология» термині соңғы жылдардағы отандық әдебиетте кеңінен қолданылуда), – яғни бұл –медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидаттар жиынтығы. Қазіргі заманғы түсінік бойынша, медициналық этикаға келесі аспектілер кіреді:
ғылыми – медициналық қызметкерлердің жұмысының этикалық және адамгершілік аспектілерін зерттейтін медициналық ғылым тарауы;
практикалық – кәсіби медицициналық қызмет барысында этикалық нормалар мен ережелерді қалыптастыру және қолдану міндеті болып табылатын медициналық тәжірибие саласы.
Медициналық этика үш негізгі бағыт бойынша тұлғаралық қарым-қатынастардың әртүрлі мәселелерін зерделейді және шешеді:
медициналық қызметкер – емделуші,
медициналық қызметкер – емделушінің туысқандары,
медициналық қызметкер – медициналық қызметкер.
Биоэтика түсінігі.Биоэтика термині немес өмірдегі этика. 1969 жылы Поттер В.Р. ұсынған. Боэтика пәнінің оқытады адамдардың қараым –қатынасындағы мораль мен және өнегелі аспктілерін үйретеді. Биоэтика— биологиядағыэтикалық мәселелерді қарастыратын ғылым. Адам ғұмырын ұзарту, жасанды адамдарды өмірге келтіру және бейімдеу, талантты тұлғаларды генетикалық тәсілдермен сұрыптау, тұқым қуалайтын сырқаттармен күрес, адам ағзаларын дәрігерлік мақсаттарға пайдалану, т.б. қазіргі заманның өзекті мәселелеріне айналып отыр. Биоэтикалық зерттеулерде моральдік қасиеттер бүкіл тіршілікті қамтитын эволюция арқылы сарапталады, оның алға жылжуына септігін тигізетіні — оң құндылыққа, қарсы әрекет ететіні теріс құндылыққа жатады. Биоэтика эволюциялық этика, экологиялық этика, әлеуметтік биология сияқты ағымдармен қатар дамыды. Биоэтиканың дамуына үлес қосқан ғалымдар: Г. Спенсер, Тейяр де Шарден, К. Уоддингтон, Д. Козловский, т.б.
Төрт этикалық қағидаттар: қайырымдылық, автономия, әділеттілік және және толыққанды медициналық көмек. Қағидаттардың күнделікті қолданылуын талқыламас бұрын әрбіріне жеке сипаттама бергеніміз жөн болар.
Қайырымдылық қағидаты: “Мен емделушіге мейіріммен қараймын немесе ең болмағанда зиян келтірмеймін» Қайырымдылық дегеніміз емделушіге зерек және ілтипатты көзқараспен қарау, науқас денсаулық жағайының күрделігімен барабар емдеудің оңтайлы әдістерін таңдау, емделушінің медициналық араласуға дайындығы және қабілеттілігі. Ең бастысы, медициналық қызметкердің кез келген әрекеті нақты емделушінің жағдайын жақсартуға бағытталуы шарт! Автономия қағидаты: әрбір емделушіге және оның шешімдеріне сыйластықпен қарауды талап етеді. Кез келген адам мақсат ретінде қарастырылғанмен, сол мақсатқа жеткізетін құрал ретінде қарастырылмайды. Медициналық көмектің құпиялылықты, емделушінің мәдениетін, дінін, саяси және өзген де көзқарастарын сыйлау, медициналық шара қолдануларға ақпаратты келісім беру, күтуді бірлесе жоспарлау және жүзеге асыру, сонымен қатар, емделушінің өз бетімен шешім қабылдауы, немесе осы емделушінің заңды өкілінің шешім қабылдауы сынды аспектілері автономия қағидатымен байланысты. Әділдік қағидаты: зиян келтірмеу- медицина қызметкерлерінің мәртебесіне, әлеуметтік жағдайына, мамандығына және сыртқы ахуалдарға қарамастан барлық емделушілерге бірдей қарау және бәріне бірдей көмек көрсету. Осы қағидат, сондай ақ, медициналық қызметкер қандай бір көмек көрсетсе де, оның әрекеттері емделушіге және өзге де тұлғаларға нұқсан келтірмеуі тиіс. Емделуші мен оның туыстары немесе өзге де медицина қызметкерлері арасындағы кикілжің туындаған жағдайларда, осы қағидатты басшылыққа ала отырып, біздер емделушінің мүддесін қорғауымыз қажет. Толыққанды медициналық көмек көрсету қағидаты: кәсіби медициналық көмекті және емделушіге кәсіби көзқарасты, сапалы диагностикалау және емдеу жүргізу үшін денсаулық сақтаудың барлық мүмкіндігін қолдануды, профилактикалық шараларды және паллиативті көмек көрсетуді көздейді. Осы қағидат денсаулық сақтау саласына қатысты барлық заңнамалық нормалардың сақталуын, сонымен қатар этикалық кодекстің барлық ережелерінің сақталуын талап етеді. Медицина қызметкерінің рухани жауапкершілігі оның медициналық этиканың барлық қағидаттарын сақтауын тұспалдайды.
И. Харди бойынша Медбикенің типтері
1. Рутинер Медбике – машина немесе робот сияқты ештеңеге қарамастан өз жұмысын бітіріп кете береді, ол қарым –қатынас дағдыларын ескрместен жұмысын жасай беретін адам. Жұмысының нәтижесі көрінбейтін болсада машина секлді тоқтамастан тарсылдатып жұмыс жасай береді. Ештеңкені сезбейтін, мейірімсіз жан.
2. Әртіс Медбике – жұмыстағы рольін жақсы ойнайды, өтірік мейірімділік танытып, елге жаға біледі, қулықпен, алдап жүреді. Керекті жерде өз рольін өзгертіп шыға келеді. Жасанды қылықтар істейді.
3. Ащушаң тип- қозғыш, қатал, дөрекі, ащущаң, ұрысқақ, эмоциасын тез көрсететін тип түрі.
4. Күшті, ер адамға ұқсас тип- өзіне сенімді, кішкене тәртіп бұзылса ескерту жасап, қатал қарайды, жақсы ұйымдастырушы, үйретуші, қатал бірақ шыншыл болып келді. Оның алыстан келе жатқаны білінеді. Тік мінезді, агрессивті, дөрекі сөйлеуі мүмкін.
5. Анаға ұсқас тип- мейірімді, басқалардың қайғысын бөлісе білетін, пациентке өз баласындай қарап, қамқорлық танытатын, өте мейірімді, адамгершілігі мол, жақсы жан. Палатаға кіргенін де байқатпайды өте жұмсақ, көбіне толық болып кездеседі.
6. Маман –Медбике. Нағыз маман иесі, өз өмірін мамандығы үшін құрбан етуге дайын, Медбикенің түрі- өте жауапты, мамндығын жақсы құрметтейтін және сүйетін Медбике.
Медбике міндеті- тарихи құралдастырылған нормалар жиынтығы, ол Медбике мен науқас, Медбике мен дәрігер, Медбикелердің өзара қарым – қатнасы, Медбикенің Медбике ісіндегі рөлін бақылайды. Профессияналды міндет – бір жағынан медицин қызметкерінің мороль көрсеткіші – гуманизмді ( адамгершілік, адамға сүйсіну) ал басқа жағынан гуманизм мен Медбике міндеті бір – бәріне қайшы келуі мүмкін. Медбике алғашқы көмек көрсетуден бас тартпауы қажет.
«Медбике-емделуші» арасындағы қарым-қатынастар:
Медициналық бике емделушімен сабырлы әрі ашық жарқын сөйлесуге міндетті. Дөрекі, тұрпайы немесе тым ресми сөйлесуге тыйым салынады. Науқастарға «Сіз» деп және аты мен әкесінің атын атап сөйлескен жөн.
Науқастың жанында тұрып оның диагнозын, емдеу жоспарын талқылауға, палатадағы өзге де науқастардың денсаулығын әңгімелеуге тыйым салынады.
Күрделі және ауырсындыратын емшараларды бастамас бұрын медбике осы емшаралардың мәнін, мағынасын және қажеттілігін түсінікті түрде науқасқа түсіндіруі және тыныштандыруы қажет.
«Медбике – емделушінің туысқандары (және жақындары)» арасындағы қарым-қатынастар:
Ұстамдылықты, сабырлылықты, тыныштықты және әдептілікті сақтауы қажет;
Күрделі науқастарды күтушілерге емшара мен манипуляцияларды дұрыс орындау тәртібін түсіндіруі тиіс;
Тек өз құзыреті шеңберінде сұхбаттасуы (науқастың сырқаты, болжамы жөнінде әңгімелемей, дәрігерге жолдау) тиіс;
Қойылған сұрақтарға сабырлы жауап беруі қажет, күрделі науқаста дұрыс күте білу ережелерін шыдамдылықпен үйретуі тиіс.
«Медбике-дәрігер» арасындағы қарым-қатынастар:
Сұхбаттасу кезінде дөрекі сөйлесуге тыйым салынады;
Дәрігерлік тағайындаулар уақытында нақты, нақты және кәсіби орындалуы тиіс;
Науқастың денсаулық жағдайындағы кенеттен болған өзгерістер туралы дәрігерге жедел хабар берілуі тис;
Тағайындалған дәрігерлік емді қолдану барысында күмән туындаған жағдайда , науқас жоқ уақытта, сыпайы түрде, осы жөнінде дәрігермен мән-жайды талқылауы қажет.
«Медбике-медбике» арасындағы қарым-қатынастар:
өз ұжымдастарымен жұмыс істеу барысында дөрекілікке, тұрпайылыққа жол берілмеуі тиіс;
Қандай да бір ескертулер, науқас болмаған уақытта, әдепті түрде айтылуы тиіс;
Тәжірибиелері мол медбикелер жас мамандарға тәлімгерлік көмек көрсетулері қажет;
Қиын жағдайларда бірі біріне көмектесулері тиіс.
«Медбике-кіші медицина қызметкері» арасындағы қарым-қатынастар:
өзара сыйластықты сақтаулары тиіс;
кіші медицина қызметкерінің жұмысын сыпайы түрде бақылауы қажет;
Әдепсіздікке, дөрекілікке, тәкаппарлыққа жол беруге болмайды;
Науқастар мен келушілердің көзінше ескертулер жасауға болмайды.
Қарым-қатынасқа әсер ететі факторлар
Пациентке көмек көрсетумен медбикеге көптеген жеке арсенал және әдістер қолдану керек.
Бұл жеке қасиеттер пациенттің мәселесін шешеді, жеңілдетеді.
Медбикенің көмек көрсету қасиеттеріне мыналар жатады: бірге қобалжу,құрмет және шындық жатады.
Осы қасиеттерді игере отырып медбике сенімділік қарым-қатынас орнату керек.Оларға сенім, қатынас және сұхбаттасу жатады.
Ойластырылған сұхбат-белгілі бір мақасатты ұстайды,ол жақсы қатынас жасай білу,қобалжу мен қорқынышты жеңіуіне көмек теседі.Науқастың өзін жақсы ұстауға көмек теседі.
Сеніммен қатынас-бұл өте маңызды элемент.Ол науқастың Медбикеден оған деген шынайлығы,жылы сезімін сезінгенде пайда болады.
Адам - көп қырлы физикалық және психикалық көріністері бар біртұтас жүйе. Әр адамның жан дүниесінің ерекшелігі, қоршаған ортамен және әлеуметтік тұрмыстық жағдайлармен байланысы ескерілген кезде ғана ауруды ұғынуға болады. Ауру тек бір мүшені ғана зақымдап қоймай, ол бүкіл ағзада өзгерістер туғызады. Бір ауру әр адамда әртүрлі өтуі мүмкін, яғни емдеу және күтім жүргізу әрқилы, жеке дара болуы керек. Мейірбикенің науқасты түсіне білуінің, оның уайымын сезінуінің маңызы зор.
Қазіргі кездегі мейірбике ісінің мәні - бұл мейірбикелік тәжірибенің ғылыми әдісін, яғни мейірбикелік процесті қолдану арқылы науқасқа күтім жүргізу.
Мейірбикелік үрдісті жүзеге асыру үшін мейірбике білуі қажет:
• әртүрлі аурулардың қауіп факторларын, клиникалық көріністерін, асқынуларын, алдын алуды;
• шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету шараларын;
• ішкі мүшелер аурулары кезіндегі науқастардың мәселелерін, мейірбикелік үрдістің мәнін.
Мейірбике істей білуі қажет:
• мейірбикелік үрдіс бойынша науқастардың мейірбикелік күтімін ұйымдастыруды;
• емдеу-диагностикалық және алдын алу шараларын жүргізу кезінде жауапкершілікті аткаруды;
• алғашқы медициналық көмекті көрсетуді; жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізуді, паллиативті көмек көрсетуді;
• күтім мен өзін-өзі күту сұрақтары бойынша науқасты және туыстарын үйрету;
• кәсіптік қызмет барысында науқастармен, әріптестермен қарым-қатынаста болу.
Осы оқу құралында нақты жағдайлардағы мейірбикелік үрдістің үлгілері, мейірбикенің кейбір іс-әрекеттері ұғынылады. Оларды меңгеру -терапевтік науқастармен жұмыс істеу кезінде жауапсыздыққа және немқұрайлыққа жол бермейтін мейірбикенің кәсіпкерлілігінің кепілі.
Емдеу мекемелері және олардың қызметінін түрлері
Адам денсаулығы - бұл психикалық, физикалық және әлеуметтік әл-ауқаттың косындысы. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау кұқығы Конституциямен бекітілген және Қазақстан Республикасының 19.05.1997 жылғы (17.12.1998 жылғы өзгерістермен, толықтырулармен) "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы " заңында жүзеге асырылған, Амбулаторлық көмек:
1) амбулатория (шағын поселоктың, өнеркәсіптік кәсіпорынның немесе ауылдық жердің тұрғындары үшін) немесе фельдшер-акушерлік пункт (ауылдық жерде); амбулаторияда ауруларды қабылдау тек негізгі мамандықтар бойынша жүргізіледі (терапевт, хирург, стоматолог, гинеколог);
2) ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда медициналық көмекті медико-санитарлық бөлім (МСБ) көрсетеді (онын кұрамына стационар, емхана, здравпункт, профилакторий кіруі мүмкін);
3) здравпункт - МСБ немесе емхананың кұрамдас бөлігі (кәсіпорындарда, құрылыстарда, жоғары және орта оқу орындарында), мұнда алғашқы медициналық көмектен басқа аурушылықтың алдын-алу және төмендету үшін жоспарлы санитарлы-гигиеналык әрі емдеу-профилактикалық шаралар жүргізіледі;
4) емхана - келген науқастарға, сондай-ақ үйде, аурулардың және олардың асқынуларының алдын-алу бойынша емдеу-профилактикалық шаралар жүргізіледі; барлық мамандық дәрігерлері қабылдайды; лабораторлық, диагностикалық және емдеу бөлмелері бар; науқастарды анықтау, квалифицирленген көмек көрсету, аурушылықты зерттеу, профилактикалық қарау, диспансеризация - аурулардың белгілі бір бөлігінің денсаулығын белсенді бақылау - бойынша жұмыс жүргізеді;
5) диспансерлер - диспансерлік әдіспен жұмыс істейтін ерекше мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекеме, белгілі бір аурумен сырқаттанатын адамдарды емдейді (онкологиялык, психоневрологиялық және т.б.); емдеу және алдын-алумен қатар патронаж (науқастарды үйінде жүйелі белсенді түрде бақылау), санитарлы-насихатты жұмыс жүргізеді;
6) жоғары квалифицирленген медициналық көмек керсететін мамандандырылған кенестік-диагностикалық орталық (көбінесе ірі көпсалалы ауруханаларда, медициналық университеттерде және т.б.);
7) әйелдер консультациясы - гинекологиялык ауруларды емдеу және алдын-алу, жүктілерді бақылау жұмыстары жүргізіледі; акушерка дәрігерге кабылдау ксзіндс кемектеседі, жүктілер патронажын жүргізеді, оларды нәрестелерді күтуге және жеке бас тазалығына үйретеді;
8) жедел жәрдем станциясы тәулік бойы жұмыс істейді, тұрғындарға шұғыл кезде көмек көрсетеді; бригаданы шақыруға өзі баратын, өзі алғашқы көмек көрсететін және науқасты ауруханаға жатқызатын фельдшер басқаруы мүмкін; жедел жәрдем көлігіндегі казіргі кездегі құралдар стационарға дейінгі жолда шұғыл көмек көрсетуге және реанимациялық шаралар жүргізуге мүмкіндік береді.
Стационарлық медициналық көмек жүйелі бақылауды, емдеу мен тексерудің күрделі түрлерін қажет ететін науқастарға көрсетіледі.
Стационардың турлері:
1) аурухана - медицина ғылымы мен техникасының соңғы жетістіктерінің негізінде тұрғындарға жоғары квалифицирленген көмек көрсетеді; кеп салалы (әртүрлі ауруларды емдеу үшін) және мамандандырылған (инфекциялық, психиатриялық және т.б.) болуы мүмкін; облыстық және республикалық ауруханалар ауыл тұрғындарын жоғары квалифицирленген медициналық көмекпен қамтамасыз етеді;
2) госпиталь - әскери немесе мүгедек адамдарды емдейтін аурухана;
3) клиника - науқастарды емдеумен қатар ғылыми-зертгеу жұмыстары және студенттерді, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді окыту ісі жүргізілетін ауруханалық мекеме;
4) шипажай - науқастардың емін жалғастыратын стационарлық мекеме; негізінде оны минералдық сулары, емдік балшықтары бар жайлы климатты жерлерге (курортта) салады.
Ауруханалық мекемелер науқастарды стационар жағдайында емдеуге арналған. Аурухана мекемелеріне шұғыл медициналық көмекті, сондай-ақ жүйелі бақылауды (науқастың клиникалық жағдайын бағалау, ренгендік, электрокардиографиялық, эндоскопиялық тексерулерді, қан мен зәр анализдерін және т.б. кайталау) немесе амбулаторлық жағдайда жургізілуі қиындау немесе мүмкін емес емдеу түрлерін (операциялар, көк тамырға, бұлшық етке, тері астына және т.б. жиі егулер, кан мен кан алмастырушыларды құю, физиотерапия және т.с.с.) қажет ететін науқастар жатқызылады.
Белгілі бір аурумен (мысалы, туберкулезбен) сырқаттанатын науқастарды емдеуге арналған бірсалалы (мамандандырылған) және кұрамына әртүрлі (мысалы, терапевтік, хирургиялық, неврологиялық, эндокринологиялық және г.б.) бөлімшелер кіретін көпсалалы ауруханалар болады.
Аурухананың құрамына қабылдау, емдеу-диагностикалық, емдеу бөлімшелері, дәріхана және т.б. кіреді. Мейірбикенің қызметтік міндеттері ең алдымен белімшенің түріне және оның бөлімшедегі жұмысының ерекшелігіне байланысты (кабылдау белімінің, гастроэнтерологиялық бөлімшенің мейірбикесі және т.б.). Қазіргі аурухана - бұл қажетті емдеу-диагностикалық аспаптармен және құралдармен жабдықталған медициналық мекеме. Қабылдау бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлігі және емдеу бөлімшелері аурухананың негізгі кұрамдас бөліктері болып табылады.
Емдеу бөлімшелеріне диагностикалық және емдеу бөлмелері, операциялық, емшаралық, таңу бөлмелері және мамандандырылған бөлімшелер, науқастар жататын бөлмелер кіреді. Сонымен қатар емдеу бөлімшелерінің құрамына жүретін аурулардың демалуына арналған жерлер, асхана және қосымша бөлмелер (санитарлық, булау бөлмелері, дәретхана, төсек-жабдықтық бөлме) жатады.
Аурухананың әрбір белімшесінде емдеу және диагностикалық іс-шараларды (көк тамырға құюды, кан мен оны алмастырушыларды кұюды, жұлын пунциясын жасауға арналған құралдарды даярлауды, биохимиялық анализдерге кан алуды) орындайтын іс-шаралық мейірбике болады.
Палатадағы ауа жылуы 18-20°С болуы қажет. Тұрақты жылуды және ауа тазалығын қамтамасыз ету үшін палатаны үнемі желдетіп отырған жөн. Қыста күніне 2-3 реттен кем емес, ал жазда тор болған жағдайда терезелер тәулік бойы ашық тұруы керек. Желдету кезінде мейірбике науқастарды жақсылап кымтауы қажет. Палаталарда тек өте кажетті жиһаз ғана тұрғаны жөн төсектер, төсек жанындағы тумбалар, орындықтар (төсек санына байланысты) және мүмкіндігінше ортақ үстел. Есіктің жанына халаттарға арналған ілгіш және қалдықтарға арналған бөшке қойылады. Палатаның ішкі қабырғасына ауа жылуын көрсететін термометр орнатылады. Әрбір төсектің жанында мейірбикені немесе кіші медициналық қызметкерлерді шақыру үшін тетік және радиокабылдағыш құлақшалары болады. Жиһаз палатаны жуып, тазалауға ыңғайлы болатындай етіп қойылады.Төсектер терезелері бар сыртқы қабырға бойымен көлденең қойылады. Науқастарды қарау, оларды аудару, іс-шараларды орындау женіл болуы ушін төсектер арасы 1 метрдей болуы қажет. Сондай-ақ, үш қозғалмалы бөліктен тұратын функционалдық тесектер болады. Төсектің жанындағы үстелде науқастың жеке заттары жатады. Бұл үстелдегі нәрселерді мейірбике анда-санда тексеріп, ал кіші мейірбике күнделікті сүртіп отырғаны жөн. Ауыр науқастар үшін төсектерінің жанында қозғалмалы үстелдер болады.
Елімізде тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін сырқатты қабылдау және өз үйлерінде емдеуге арналған көптеген емдік – сауықтыру мекемелер жүйесі құрылды. Емдеу мекемелері негізгі екі түрге бөлінеді: амбулаториялық және стационарлық типтегі мекемелер.
Мекемелердің амбулаториялық түріне жататыны:
Емхана
Амбулатория
Мед сан бөлім
Емдік пункттер
ФАП (фельдшерлік-акушерлік пункт)
Диспансер
Әйелдер консультациясы
Жедел жәрдем станциясы
Стационарлық типтік емдеу мекемелеріне жататыны:
Аурухана
Клиника
Госпиталь
Санатория мен курорттар
Хоспис
Реабилитациялық орталыққ
Перзентхана
Приюттар
Амбулатория деп халыққа медициналық көмекті мекемеде де, науқастың үйінде де көрсететін медициналық мекемені айтамыз. Емханадан амбулаторияның айырмашылығы ондағы қызметкерлердің саны аз және жүргізілетін тексерудің көлемі аз. Амбулатория аудандық емханаларға қарасты болады. Амбулаториялық дәрігерлер ФАПтың жұмысын бақылайды. Амбулатория ауруларды емдейді, тексереді, алдын алу жұмыстарын жүргізеді, науқастарға үйінде де ем жүргізіледі. Амбулаториядағы фельдшер мен акушерка медбике дәрігерге қабылдау кезінде көмек көрсетеді.
Емханадеп өздігінен жұмыс жасайтын немесе аурухана қарамағында жұмыс істейтін емдеу және алдын алу мекемесін айтамыз. Емханада лабораториялық және диагностикалық кабинеттер бар. Емханада барлық мамандық бойынша дәрігерлік қабылдаулар жүргізіледі. Емханада лабораториялық, рентгенологиялық және функциональды тексеру тәсілдері орындалады. Егу бөлмелерінде емдік процедуралар жасалады. Емханаларда диспансерлік тізімге науқастарды алып, оларға сауықтыру шаралары өткізіледі. Емханада амбулаториялық карталармен жұмыс жүргізіледі. Олар тіркеу бөлімінде сақталады.
Диспансерлер бұл мекемелерде бірдей аурулармен (туберкулез, онкологиялық, тері-венерологиялық диспансерлер т.б.) ауыратын адамдар емделеді. Емдеу мен алдын алу жұмыстарынан басқа диспансерде патронаж жұмыстары да жүргізіледі.
Әйелдер консультациясы бұл гинекологиялық аурулар мен жүкті әйелдерді қадағалау мен емдеу жүргізетін емдеу және алдын алу мекемесі. Бұл мекемеде акушерка дәрігерге көмекші ретінде қызмет етеді. Жүкті әйелдерді патронаж жасап қадағалайды. Олармен ағарту жұмысын жүргізеді. Жаңа туылған нәрестені күту ережелерін және жеке бас гигиенасын үйретеді.
Жедел жәрдем станциясыбұл халыққа жедел түрде қажетті көмек көрсететін мекеме. Стационарда фельдшер бригада жұмысын басқаруы мүмкін. Ол науқасқа үйінде жедел түрде көмек көрсетеді. Кейде науқасты ауруханаға жеткізеді. Қиын жағдайларда арнаулы медициналық көмек көрсетуге тасымалдауға көмектеседі. Жедел жәрдем станциялары жолда жедел көмек және реанимация шараларын көрсету үшін арнаулы аспаптармен, көліктермен жабдықталады.
Ауруханакез келген уақытта емдеуді және күтімді талап ететін науқастарға арналған емдеу мекемесі. Аурухана қабылдау бөлімінен емдеу бөлімшелерінен және шаруашылық бөлімінен тұрады.
Госпиталь- әскери адамдар мен мүгедектерді емдеу үшін арналған мекеме.
Клиника– науқастарды емдеумен қатар ғылыми зерттеу жұмыстарын және студенттерді, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді оқыту ісі жүргізілетін ауруханалық мекеме.
Санаторийлер мен курорттар(шипажай)климаты ыңғайлы минералды суы бар және емдік балшықтары бар жерлерге орналастырылады. Бұл жерлерде емдеу процедураларымен қатар түрлі физиопроцедуралар жүргізіледі.
Хоспис- ауыр жағдайдағы науқастарға медициналық-психологиялық паллиативты көмек көрсететін мекеме. Әсіресе онкологиялық аурулармен ауыратын науқастар өмірінің соңғы күндерінде өмірін ұзартуға, өмір сапасын көтеруге көмек береді.
Ауруханадағы орта медицина қызметкерлердің көпшілігін мейірбикелер алады. Олардың негізгі бағыттары:
Емдеу диагностикалық жұмыс: дәрігерлік шолуға қатысу, дененің қызуын, қан қысымын өлшеу, ауыр науқастардың тамыр соғуын, сырқаттың жалпы күйін және ағзаның физиологиялық қызмет атқаруын, қажет болғанда дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсету, дәрі тарату және оны қабылдауын қадағалау, лабораториялық зерттеуге арналған материалдарды алу, түрлі манипуляцияларды жасау мен дәрі құю.
Сырқат күтімі: киіндіріп шешіндіру, ішкі киімдерін ауыстыру, ауыз қуысын, терісін күту, ойылған жерлеріне алдын алу шараларын жүргізу, ауру науқастарды шомылдыру, тамақтандыру т.б.
Дайындық жұмысы: медициналық аспаптарды жуу және зарарсыздандыру, дәрі-дәрмектерді, жұмыс орнын дайындау.
Құжаттармен жұмыс: дәрігерлік белгілеулер қағазын жүргізу: лабораториялық аспаптармен зерттеуге, қан алу және кеңес беруге жолдама жазу, дәрігерлік шолуға дейін ауру тарихын дайындау, ауруханадан шығу қағазын толтырып беру.
Әрбір диспансер мейірбикесі сырқат есебін жүргізеді: алдын алу шаралардың дер кезінде жүргізілуін қадағалайды, сырқаттың дәрігер қабылдауына келуін ұйымдастырады, патронажды жұмыс атқарады, үйлерінде үнемі санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізеді.
Мейірбике барлық дәрігерлік тағайындауларды (оңқа, қыша қағазы, қыздыратын компресс, сүлік қою) орындайды.
Амбулаториялар мен емханалардың мейірбикелері жұмыс бөлмесін дайындайды, жұмыс үстелінің жағдайын тексереді, дәрігер қабылдауын бастамас бұрын 15 минут ерте келуі тиіс.
Қабылдау кезінде дәрігерге көмек: дәрігердің айтуымен рецепттер жазу, сырқатқа қанды, нәжісті, зәрді қалай жинап, қайда тапсыру керек екендігін және басқа зерттеулерді, дәріні қалай ішу керек екенін немесе ішек қарын т.б. рентгендік зерттеуге қалай дайындау керек екендігін түсіндіреді.
Диспансерлік есепте тұрған сырқат құжаттарын тәртіпке келтіру және олардың дәрігерге уақытылы келуін қадағалау.
Мейірбике үнемі цехтарда басқа да жұмыс істейтін жерлерде еңбек шарттарын және қауіпсіздік техникасын сақталуын бақылайды, өндірісте зақымдануды болдырмау үшін алдын алу жүргізеді. Дәрігерге дейінгі жәрдем көрсетеді, медициналық құжаттарды толтырады.
