- •«Өсімдіктер биотехнологиясы» пәні бойынша
- •5В070100 – Биотехнология мамандығы үшін
- •1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы (қосымша1)
- •2. Күндізгі бөлімінің оқу жұмыс жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы – (syllabus)
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамсыз етілуі.
- •6. Дәрістік кешен (лекция тезисі)
- •7. Семинар сабақтарының жоспары
- •8. Зертханалық сабақтардың жоспары
- •9. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10. Курстық жобалардың (жұмыстардың) зертханалық жұмыстар, есептік- графикалық, әдестемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар
- •11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •12 Студенттердің өзіндік жумыстары бойынша сабақтар жоспары
- •13 Жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •14 Баға жайлы ақпарат
- •15 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптар кілті
- •Студенттердің білімін бағалау критерийлері
- •16 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •17. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық
- •18. Мамандырылған аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың тізімі:
- •Мазмұны
- •Оәк кафедра отырысында талқыланып, мақұлданған.
- •Оәк е.А.Бөкетов атындағы ҚарМу-нің ғылыми-әдістемелік кеңесінде талқыланып, мақұлданған
- •Өсімдіктер биотехнологиясы
- •5В070100 – Биотехнология
- •470061, Г. Караганды, ул. Гоголя, 38
7. Семинар сабақтарының жоспары
Тақырып 1. Кіріспе. Өсімдік биотехнологиясының мақсаты
Сұрақнама:
1.Өсімдік жасушасының тотипотенттілігі деген не?
2.Өсімдіктер биотехнологиясының әдістері халық шаруашылығының қай саласында қолданылыды.
Тапсырмалар: Өсімдіктер биотехнологиясы зертханасының құрал - жабдықтарымен танысу. Зертханасының құрал - жабдықтарын қолдану ерекшеліктеріне сай атаңыз.
Тапсырманы жүйелі орындауға ұсыныс: құрал - жабдықтар жайлы түсінігіңізді кесте түрінде көрсетіңіз.
Әдебиет (1-11)
Тақырып 2. Өсімдік клеткасының құрылысы
Сұрақнама:
1.Өсімдік жасушасының айырмашылығы.
2. Жасушалық органеллалар.
Тапсырмалар: Микроскоп арқылы пияз қабықшасынан немесе кез келген өсімдік жапырағынан жасушасының құрылысын қараңыз.
Тапсырманы жүйелі орындауға ұсыныс: Қарастырған органеллаларды сипаттап, суретін салыңыз немесе фотаға түсіріңіз.
Әдебиет (6)
Тақырып 3. Қоректі орта. Фитогормондар
Сұрақнама:
Өсімдік жасушасын өсіретін қоректі ортаның құрамы қандай заттардан тұрады?
Тапсырмалар: Мурасиге-Скуга қоректі ортасын дайындаңыз.
Тапсырманы жүйелі орындауға ұсыныс: Бұл қоректі ортаны дайындау үшін бірнеше ерітінді дайындап, одан кейін барлығын бірге араластыру керек.
Әдебиет (1)
Тақырып 4. Каллусты ұлпалар
Сұрақнама:
Дифференциация және дедифференциация деген не?
Тапсырмалар: каллустың түзілуін бақылау.
Тапсырманы жүйелі орындауға ұсыныс: кез келген өсімдіктің тұқымжапырақшасынан стерильді алынған экспланты қоректі ортаның үстіне саламыз. 5-7 күннен кейін пролиферацияны бақылайды.
Әдебиет (1,4,12)
Тақырып 5. Жасуша өсіруден БАҚ алу
Сұрақнама:
Өсімдік жасушасы культурасынан қандай биологиялық активті қосылыстар алынады?
Тапсырмалар: Кесте құрыңыз «Өсімдік жасушасын өсірудің — көзі БАҚ»
Тапсырманы жүйелі орындауға ұсыныс: кестеде өсімдіктер түрлері мен олардан алынатын заттарды көрсетіңіз. Олардың биологиялық активтілігін де ұмытпаңыз.
Әдебиет (1,2)
Тақырып 6. Микроклональді көбею
Сұрақнама:
Микроклональді көбеюдің екі әдісіне сипаттама беріңіз.
Тапсырмалар: in vitro микроқалемшелеу.
Тапсырманы жүйелі орындауға ұсыныс: кез келген стерильді пробиркада өсірілген өскін өсімдікті скальпельдің көмегімен бөлімдерге бөліп басқа пробиркаларға салыңыз. Олардың өміршеңдігін бақылаңыз.
Әдебиет (1-3)
Тақырып 7. Өсімдікті сауықтыру
Сұрақнама:
Неліктен меристемалық ұлпалар басқа ұлпаларға қарағанда вирустармен аз зақымданады?
Тапсырмалар: өсімдіктердің сауықтыру деңгейлерін көрсетіп, эссе жазыңыз.
Тапсырманы жүйелі орындауға ұсыныс: сызба нұсқада, ұлпалардың вирустардан айыққан әдістерін сипаттап көрсетіңіз.
Әдебиет (1)
Тақырып 8. Гаплоидты технология
Сұрақнама:
Андрогенез және гиногенез деген не?
Адам өмірінің қай саласында гаплоидты технологияны қолданады.
Тапсырмалар: аталық және аналық гаметофиттен гаплоид алудың деңгейлерін сызба түрінде көрсетіңіз.
Тапсырманы жүйелі орындауға ұсыныс: сызбаны құрғанда, бүтін өсімдікті алу әдісіне аса көңіл бөліңіз.
Әдебиет (1)
Тақырып 9. Жасушалық технология
Сұрақнама:
Өсімдік жасушасындағы протопласт дегеніміз не?
Протопластың қосылуының әдістерін атаңыз.
Тапсырмалар: «Соматикалық гибридтер» кестесін толтырыңыз.
Тапсырманы жүйелі орындауға ұсыныс: бұрыннан алынған соматикалық гибридтердге сипаттама беріп, атап шығыңыз.
Әдебиет (1-3)
Тақырып 10. Өсімдіктердің генетикалық инженериясы
Сұрақнама:
Өсімдіктердің гендік инженериясында қолданылатын векторларды атаңыз.
Бинарлы векторға сипаттама беріңіз.
Трансформиланған өсімдіктерді алу әдістері.
Тапсырмалар: эссе жазыңыз « ГМО қауіпсіздігі»
Тапсырманы жүйелі орындауға ұсыныс: эссе жазу үшін, өсімдіктерге ғалымдар не үшін, қандай қасиеттер бергенін нақты, дұрыс материалдарды қолданыңыз.
Әдебиет (1,4,8-9,20,22-24)
Тақырып 11. In vitro генофондын сақтау
Сұрақнама:
Өте төменгі температурада жасушада қандай өзгерістер байқалады?
Криопротекторлар дегеніміз не ?
Ақырын өсетін коллекцияларды қалай алады?
Тапсырма: өсімдік материалын сұйық азотта қатыруды жүзеге асыру.
Тапсырманы жүйелі орындауға ұсыныс: әртүрлі криопротекторлармен жуу арқылы өсімдік ұлпаларын алдын ала дайындайды. Қатырып еріткеннен кейін әртүрлі заттардың қасиеттерінің қалай және қаншалықты зақымданғанына баға беру.
Әдебиет (1-5)
