Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстандағы тоталитаризм және саяси репрессиялар тарихы каз.050114-тарих.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
528.9 Кб
Скачать

2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын магистранттардың өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.

1-ші тақырып. Кіріспе сабақ.

Тапсырма:

1. «Тоталитарлық жүйе» мәселесінің зерттелуі, КСРО-да орныққан тотарлитарлы жүйенің Италия, Германия, Испания және Шығыс Еуропа елдеріндегі саяси жүйеден ерекшелігі.

2. Тоталитарлық жүйенің негізгі белгілері және оларға талдау. Қосымша тапсырма:

 1924-1925 жж. Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеуден кейінгі КСРО-ның ұлттық-теориялық бөлінісінің сызбасын жасаңыз.

 ВКП (б) Қазақ Өлкелік Комитетінің 1926-1930 (ақпан); (1930 ж. наурыз – 1934 ж. ақпан) аралығындағы құрылымы қандай? Сызбасын жасаңыз.

 Қазақстан компартиясының 1937 жылғы ұжымдық құрылысы сызбасын жасаңыз.

СОӨЖ өткізу түрлері: Баяндама, сұрақ-жауап, реферат, презентация, баспасөз конференциясы. (п.2.6.1-№ 2.3.). Кітапханада жұмыс.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқау

«Қазақстандағы тоталитаризм және саяси қуғын-сүргін» курсы бойынша СОӨЖ сабақтың мақсаты:

  • Магистранттардың шығармашылық ойлауын дамыту және танымдық белсенділіктерін арттыру, олардың осы пәнге қызығушылықтарын арттыру;

  • оқу процесінде алынған білімдерді іс-тәжірибеде қолдану;

  • сауаттылық, тарихи терминдерді қолдана білу, әртүрлі деректермен және арнайы әдебиеттермен жұмыс істей білу;

  • ұйымдастырушылыққа, өзіндік жұмыс істеуге, жауапкершілікке және тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Негізгі әдебиет: [1, 2, 4, 5, 6, 8, 9, 10, 11, 13, 14, 15.]

Қосымша әдебиет: [4, 5, 6, 7, 15, 16, 18, 24, 25, 27, 28, 32, 33.]

2-ші тақырып. «Тоталитаризм» ұғымы, мәні мен мазмұны.

Тапсырма:

Мына тақырыпта жазба жұмысын орындаңыз:

  • «Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: мәні және ерекшеліктері»

  • «Тоталитаризм ХХ ғасырмен бірге кетті ме?» деген тақырыпта тарихи шығарма жазыңыз.

  • Ұлт зиялысы С.Сәдуақасов пен Ф.Голощекиннің жер мәселесі, оқу-ағарту мәселесі және ұлт зиялылары мәселесіндегі көзқарастарына талдау жасаңыз.

  • Қазақстанда жүзеге асырылған аграрлық реформаларға балама бағыттар болды ма?

  • Социализм жолына түсу, тоталитарлы жүйе орнығуы тарихи дамудың қалыпты заңдылығын бұзу ма, әлде қажеттілік пе?

  • Социализмнің сталиндік тоталитарлық үлгісі болмай қалмайтын құбылыс па еді?

  • Тоалитарзм тақырыбын зерттеген арнайы еңбектерді меңгеру (М.Джилас, Н.Верт, Р.Такер, Дж.Боффа, Т.Омарбеков, М.Қозыбаев, Ә.Тәкенов т.т.) тиіс (жаңа теориялық-методологиялық тұрғыда жазылған оқулықтарды негіз ету).

  • И.Сталин, Ф.Голощекин еңбектерінің түп нұсқасы мен коммунистік партия құжаттарын игеру, тарихи талдаулар жасау.

  • Ұлт зиялылары С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин еңбектеріндегі қоғамдық-саяси және тарихи көзқарастары.

  • ХХ ғ. 20-30 жж. қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелер жайлы дерек көздерін игеру.

СОӨЖ-ның өткізу түрі.

Тақырып бойынша әдеби және библиографиялық шолу. Реферат дайындау және слайд презентациялар қажет. Кітапханада жұмыс.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар. Ең алдымен тақырыпқа арналған ғылыми зерттеулермен, ғылыми мақалалармен жұмыс жаса. Тақырып мазмұнын ашуда тікелей осы зерттеулермен жұмыс жасағаныңды көрсете біл.

Негізгі әдебиет: [1, 2, 3, 4, 5, 7, 8, 9, 10, 12, 13, 14, 15.]

Қосымша әдебиет: 1, 2, 4, 5, 6, 7, 15, 16, 18, 22, 24, 25, 27, 28, 29, 32.]

3-ші тақырып. Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің белгілері

Тапсырма:

Толықтырыңыз:

1. Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің белгілері. ... ... ... ... ...

2. Қазақстандағы индустриаландырудың қиыншылықтары: ... ... ...

3. Ұлт зиялысы С.Сәдуақасовтың Ф.Голощекинмен келіспеген басты мәселесі: ... ...

4. Ірі бай шаруашылығын тәркілеуде мына жағдайлар ескерілмеді: ... ... ... ... ...

5. Ұйымдастыру кезеңінде қарсылық көрсетудің мынадай түрлері кездсеті: ... ... ... ...

6. ХХ ғасырда тоталитарлық жүйеге қарсы болған халық наразылықтары: ... ... ... ...

СОӨЖ-ның өткізу түрі. Экспресс сұрақ-жауап

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар.

Сұрақтардың мәнін ашу үшін ғылыми зерттеулермен жұмыс жасаңыз. Осы бөлімдермен қоса онда оқыған әдебиеттеріңіз бен деректеріңіздегі мәліметтерді дәптерге жазыңыз. Баспасөз мәліметтерінде жарық көрген осы мәселелге байланысты мақалаларды талдаңыз.

Негізгі әдебиет: [1, 2, 3, 4, 5, 7, 9, 10, 12, 14, 15.]

Қосымша әдебиет: [3, 4, 5, 6, 7, 15, 17, 19, 22, 24, 26, 28, 29, 32.]

4-ші тақырып. «Кіші Қазан» идеясы

Тапсырма:

  1. Идеяның негізгі мазмұны, жүзеге асырылу барысы. Қарсы шыққандар.

СОӨЖ-ның өткізу түрі.

Тақырып бойынша әдеби және библиографиялық шолу. Реферат дайындау және слайд презентациялар қажет. Кітапханада жұмыс.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар.

Ең алдымен тақырыпқа арналған ғылыми зерттеулермен, ғылыми мақалалармен жұмыс жаса. Тақырып мазмұнын ашуда тікелей осы деректермен жұмыс жасағаныңды көрсете біл.

Негізгі әдебиет: [1, 3, 4, 5, 7, 10, 11, 12, 13, 14, 15.]

Қосымша әдебиет: [5, 8, 11, 15, 16, 18, 22, 24, 25, 27, 28, 29, 32.]

5-6 шы тақырып. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: саяси негіздері.

Тапсырма:

1. Алашорда зиялыларының тағдыры.

2. «Шахта ісі», «Өнеркәсіп партиясы ісі» және оның Қазақстанға әсері.

3. Әртүрлі «саяси ауытқышылыққ» айыптау науқандары, барысы, салдарлары.

4. Тоталитарлық жүйе жағдайындағы бір партиялық басқару.

СОӨЖ-ның өткізу түрі.

Тақырып бойынша әдеби және библиографиялық шолу. Қазақ диаспорасына арналған реферат дайындау және слайд презентациялар қажет. Кітапханада жұмыс.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар.

Сабақ тақырыбына байланысты дайындық жұмысын жүргізгенде өткен сабақтармен байланыстыра, сабақтастыра қарастыр. Негізгі деген даталарды хронологиялық жағынан тізбектеп дәптерге жаз. Деректерге талдау жасай біл. Қорытынды жаса.

Негізгі әдебиет: [1, 2, 3, 5, 6, 8, 9, 10, 12, 13, 14, 15.]

Қосымша әдебиет: [1, 2, 3, 5, 7, 9, 10, 15, 16, 17, 24, 25, 27, 28, 32, 33.]

7-8-ші тақырып. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасауы.

Тапсырма:

1. Ф.Голощекиннің «Кіші Қазақ» идеясы. Тап күресі мәселесі.

2. Қазақстандағы аграрлық реформалар (тәркілеу, ұжымдастыру, отырықшыландыру): мақсаты, барысы, салдарлары.

СОӨЖ-ның өткізу түрі.

Тақырып бойынша әдеби және библиографиялық шолу. Реферат дайындау және слайд презентациялар қажет. Кітапханада жұмыс.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар.

Сабақ тақырыбына байланысты дайындық жұмысын жүргізгенде өткен сабақтармен байланыстыра, сабақтастыра қарастыр. Негізгі деген даталарды хронологиялық жағынан тізбектеп дәптерге жаз. Деректерге талдау жасай біл. Қорытынды жаса.

Негізгі әдебиет: [1, 2, 3, 4, 8, 10, 11, 13, 14, 15.]

Қосымша әдебиет: [3, 5, 7, 15, 16, 17, 24, 25, 27, 28, 32, 33.]

9-ші тақырып. Тоталитарлық жүйе тұсындағы мәдени үрдістер.

Тапсырма:

1. Алаш зиялыларының тарихи-мәдени мұраға қосқан үлесі және жаңа жүйенің оған қарсылығы.

2. Мәдениет пен мәдени революция мәселесінің лениндік-сталиндік тұғырнамасы.

3. Социалистік түрдегі ұлттық мәденитті қалыптастыру: тарихы мен сабақтары.

4. Дінге байланысты мемлекеттік саясат және оның жүзеге асырылуы.

5. Мәдениет саласындағы саяси қуғындаулар мен цензура.

СОӨЖ-ның өткізу түрі.

Тақырып бойынша әдеби және библиографиялық шолу.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар.

Сұрақтар шеңберіндегі негізгі ғылыми зерттеулер мен деректерді, ғылыми мақалаларды пайдалана біл.

Негізгі әдебиет: [1, 2, 3, 4, 5, 8, 9, 10, 11, 13, 14, 15.]

Қосымша әдебиет: [4, 5, 6, 7, 15, 16, 17, 24, 25, 27, 28, 32, 33.]

10-шы тақырып. Қазақстандағы сталиндік-голощекиндік геноцид.

Тапсырма:

1. Дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуі.

2. Аштыққа қарсы күрес және қазақстандағы жаппай босқынщыдықты тоқтатуға бағытталған шаралар.

3. Қазақстандағы демографиялық апат.

СОӨЖ-ның өткізу түрі.

Тақырып бойынша әдеби және библиографиялық шолу.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар.

Сұрақтар шеңберіндегі негізгі ғылыми зерттеулер мен деректерді, ғылыми мақалаларды пайдалана біл.

Әдебиеттер және деректермен аудиторияда жазбаша жұмыс. (п.2.6.1-№1,3)

Негізгі әдебиет: [1, 2, 3, 4, 5, 7, 9, 10, 12, 14, 15.]

Қосымша әдебиет: [7, 15, 16, 19, 22, 24, 25, 27, 28, 29, 33.]

11-ші тақырып. Жаппай қуғын-сүргін.

Тапсырма:

1. Кеңес мемлекетінде жазалау саясатының қалыптасып дамуы.

2. Басқа ұлт өкілдерін қазақ жерлеріне депортациялау.

3. үлкен террордың басталуы. 1937-1938 жж. жаппай қуғын-сүргін.

СОӨЖ-ның өткізу түрі.

Тақырып бойынша әдеби және библиографиялық шолу.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар.

Семинар тақырыбына байланысты дайындық жұмысын жүргізгенде өткен сабақтармен байланыстыра, сабақтастыра қарастыр. Негізгі деген даталарды хронологиялық жағынан тізбектеп дәптерге жаз. Деректерге талдау жасай біл. Қорытынды жаса.

Негізгі әдебиет: [1, 2, 3, 4, 5, 7, 9, 10, 12, 14, 15.]

Қосымша әдебиет: [7, 15, 16, 19, 22, 24, 25, 27, 28, 29, 33.]

12-тақырып. Соғыстан кейінгі жылдарда тоталитарлық тәртіптің күшеюі.

Тапсырма:

1. Сталиндік лагерлер жүйесінің ұйымдастырылуы.

2. Тоталитарлық тәртіптің толық орнауы және соғыстан кейінгі қоғамдық-саяси ахуал.

СОӨЖ-ның өткізу түрі.

Тақырып бойынша әдеби және библиографиялық шолу.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар.

Әдебиеттер және деректермен аудиторияда жазбаша жұмыс. Өткен сабақтармен байланыстыра, сабақтастыра қарастыр. Негізгі деген даталарды хронологиялық жағынан тізбектеп дәптерге жаз. Деректерге талдау жасай біл. Қорытынды жаса.

Негізгі әдебиет: [1, 2, 3, 4, 5, 7, 9, 10, 12, 14, 15.]

Қосымша әдебиет: [7, 15, 16, 19, 22, 24, 25, 27, 28, 29, 33.]

13-тақырып. Қазақстан сталинизмнің дағдарысы жылдарында.

Тапсырма:

1. Сталиннің өлімі. партияның ХХ съезі.

2. Қазақстан ХХ ғ. 50-60 жылдарында: экономика, әлеуметтік жағдай.

СОӨЖ-ның өткізу түрі.

Ғылыми әдебиеттермен, деректермен жұмыс.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар.

Әдебиеттер және деректермен жазбаша жұмыс жаса. Өткен сабақтармен байланыстыра, сабақтастыра қарастыр. Негізгі деген даталарды хронологиялық жағынан тізбектеп дәптерге жаз. Деректерге талдау жасай біл. Қорытынды жаса.

Негізгі әдебиет: [1, 2, 3, 4, 5, 7, 9, 10, 12, 14, 15.]

Қосымша әдебиет: [7, 15, 16, 19, 22, 24, 25, 27, 28, 29, 33.]

14-тақырып. Қазақ халқының тоталитарлық жүйеге қарсы күресі.

Тапсырма:

1. Идеялық күрес.

2. Шаруалар көтерілісі.

3. Кеңес өкіметінің отарлау саясатына қарсы халық наразылығы.

4. ХХ ғ. 70-80 жж. тоталитарлық жүйеге қарсылық. Тоталитарлық жүйенің күйреуі.

СОӨЖ-ның өткізу түрі.

Ғылыми әдебиеттер және деректермен аудиторияда жазбаша жұмыс.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар.

Сабақ тақырыбына байланысты дайындық жұмысын жүргізгенде өткен сабақтармен байланыстыра, сабақтастыра қарастыр. Негізгі деген даталарды хронологиялық жағынан тізбектеп дәптерге жаз. Деректерге талдау жасай біл. Қорытынды жаса.

Негізгі әдебиет: [1, 2, 3, 4, 5, 7, 9, 10, 12, 14, 15.]

Қосымша әдебиет: [7, 15, 16, 19, 22, 24, 25, 27, 28, 29, 33.]

15-тақырып. Қазақстан тоталитарлық жүйенің күйреуінен кейін.

Тапсырма:

1. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.

2. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі.

3. Әлеуметттік-экономикалық саладағы өзгерісте: қиыншылықтар мен қарама қайшылықтар.

СОӨЖ-ның өткізу түрі.

Тақырып бойынша деректермен тікелей жұмыс жаса.