Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстандағы тоталитаризм және саяси репрессиялар тарихы каз.050114-тарих.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
528.9 Кб
Скачать

15 Тақырып. Қазақстан тоталитарлық жүйенің күйреуінен кейін

1. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.

2. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі.

3. Әлеуметтік-экономикалық саладағы өзгерістер: қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтар.

Қазақстан Республикасы – тәуелсіздік жолында (1991-2003 жж.) Қазақстан тарихының еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда Мемлекеттік тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі кезеңін «Қазақстан Республикасы – тәуелсіздік жолында» (1991-2004 жж.) деген жалпы тақырыппен алсақ, оны шартты түрде төрт кезеңге бөліп көрсетуге болады.

1. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялануы (1991-1993 жж.)

2. Қазақстан Республикасында тәуелсіздікті орнықтыру қадамдары ( 1993-1995 жж.)

3. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастық таныған егеменді ел (1995-1998 жж.)

4. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа белесі (1998-2004 жж.)

1991 жылы еліміз тарихынан елеулі орын алар оқиғалар болды:

 ҚР тұңғыш Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайлануы;

 ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы қабылдануы;

 Қазақ ССР-і ҚР джеп өзгертілді;

 Семей ядролық сынақ полигонының жабылу туралы бұйрық жарияланды;

 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрылды;

 1991-1995 жылдарға арналған жекешелендіру бағдаламасының І кезеңі басталды.

1991-1993 жылдар ҚР егемендігінің қалыптасу кезеңі болып табылады. Негізгі басым бағыт: елдегі демократиялық процестерді тереңдету әрі дамыту, саяси және экономикалық жүйені жаңарту. ҚР тәуелсіздігі орнықтыру қадамдары (1993-1995 жж.).

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік пен егемендік алу еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінде түпкілікті қайта құруларды талап етті. Ішкі саясатты жетілдіру мақсатында мынадай бағыттарға баса назар аударылды:

 Ұлттық қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету және дамыту;

 Қоғамдағы ұлтаралық қатынасты реттеу;

 Саяси лидерлікті және элитаны қалыптастыру;

 Саяси талдау жасаудың кеңестік және басқа әдістерін игеру;

 Аймақтық зерттеулер жүргізу;

 Партиялық жүйені зерттеу.

Қазақстанда көп партиялықтың қалыптасуының бірінші кезеңі. (1991-1995 жж) Жетпіс жылдық бір партияның және бір партияның және бір коммунистік идеологияның тоталитарлық билеушілігі құлағаннан кейін, республикада Қазқстандық саяси партиялар мен қозғалыстар қалыптаса бастады.

1991 жылы Қазақстан егемендік алғаннан бері ғылым мен отандық білім беру саласының жаңа кезеңі басталды. Білім деңгейі, жастардың тәрбиелік мәдениеті, ұлттық интеллектуалдық геноқоры оқып-үйрету мектептерінің әр түрлі деңгейлерінде қалыптастырылғандықтан, білім беру жүйесіне ерекше мән берілді. Реформаларлардың бастапқы кезеңдерінде «білім алу баршының ісі» деген модель негізгі бағыт болды. Жаңа ұлттық білі алудың моделін заңды түрде Қазақстан Республикасының «Білім алу жөнінде» (1992 ж.), «Жоғары білім беру туралы» (1993 ж.) Заңдары қамтамасыз етті. Қазақстан Республикасы бұрынғы КСРО мемлекеттік жүйесінен жоғары оқу орындарының және ғылыми мекемелердің қалыптасқан жүйесін қабылдап алғанымен, олар жалпыодақтық құрылымның бөлшегі болған еді. Сондықтан да білім беру жүйесін реформалау міндетті тұрды.

Қазақстан дүниежүзілік қауымдастық таныған егеменді ел. (1995-1998 жж.) Тәуелсіз Қазақстанның жаңа белесі (1998-2004 жж.) Бұл жылдары еліміз тоталитарлық қоғам салдарларынан мысқалдап арыла отырып, ілгері жылжып келеді.