Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстандағы тоталитаризм және саяси репрессиялар тарихы каз.050114-тарих.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
528.9 Кб
Скачать

13 Тақырып. Қазақстан сталинизмнің дағдарысы жылдарында

1. Сталиннің өлімі. Партияның ХХ съезі.

2. Қазақстан ХХ ғ. 50-жылдарының екінші жартысы мен 60-жылдарында: экономика, әлеуметтік жағдай.

Кеңес елінде 20-жылдардың ортасында орныққан әкімшіл-әміршіл жүйе 30-40 және 50-жылдардың бас кезінде өзінің шырқау шыңына шықты. Соғыстан кейінгі жылдары қоғамда өзгеріс жасау қажеттігі туралы пікір пісіп-жетіліп келе жатқан еді. Әкімшілік жүйе партия бағытынан басқадай ойлаушылармен үнемі кұрес жүргізіп келгендеітен, «Қоғамда өзгеріс жасау» қажеттігі жөніндегі ой-пікірде әр түрлі шаралар арқылы тұншықтырылды. Сталиннің орнына 1953 жылығы қыркүйек пленумында СОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н.С.Хрущев сайланды.

1956 жылы 14 ақпандағы КОКП-ның ХХ съезіне (Мәскеу) 55 «бауырлас партиялардан» 1436 делегат қатысты. Съезде Хрущевтің атақты «құпия баяндамасы» тыңдалды. Баяндама жабық есік жағдайында тек кеестік делегаттар алдында жасалып, И.Сталиннің жеке басына табынушылықты жою туралы өзекті мәселені қарауға ұласты. КОКП Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы И.В.Сталиннің жеке басына табынушылықтың шығу себептеріне, мәні мен көріністеріне және оның салдарына талдау жасауға тырысты.

1956 жылдың 30 маусымында СОКП ОРталық Комитетінің «Жеке адамға табынушылықты және оның зардаптарын жою туралы» қаулы қабылдады. Хрущевтің билік құрған 1953-1964 жылдары Қазақстан тарихына да өзіндік өзгерістер әкелді. Н.С.Хрущев билік басына келісімен Қазқастандық партия белсенділерін шақырып ауыл шаруашылығы мәселелері төңірегінде кеңесті. Ол ең алдымен республикада тың және тыңайған жерлерді игеру, ауыл шаруашылығын онан әрі өрістету жөнінде шаралар белгілеуді және КОКП ОРталық Комитетіне тапсыруда ұсынды. Қазақстан Компартиясы ОРталық Комитеті мен Қазақ КСР Минситрлер Н.С.Хрущев ұсынған бағдарламаны талқылады. СОКП ОК-нің 1954 жылғы ақпан – наурыз пленумының «Елде астық өндіруді онан әрі арттыру мен тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулысы шықты. Тың жерлерді игеру қарсаңында кадрлар өзгертілді. Қазақстан Компаритиясының ҮІІ съезінде Ж.Шаяхметовтың орнына Қазақстан Компаритясының бірінші хатшысы болып П.К.Пономаренко, хатшысы болып Л.Н.Брежнев сайланды. Қазақстан тыңын игеруге бүкіл кеңес халқы жұмылдырылды. 1954-1956 жылдары 600 мыңнан аса механизатор т.б. ауыл шаруашылығы мамандары, партия-кеңес қызметкерлері келді. Тың және тыңайған жерлерді игерудегі табысы үшін Қазақстан 1956 жылы Ленин орденімен марапатталды. 1958 жылы астық өндірудегі табыстары үшін осы жоғары белгімен Батыс Қазақстан, Целиноград , Павлодар, Көкшетау және Қарағанды облыстары марапатталды. КОКП ХХІ съезі (1959 ж.) Кеңстер Одағында социализм толық та түпкілікті жеңгенін жариялады.

Н.Хрущев 1961 жылы наурыз айында Қазақстанда екі апта болды. Осы сапарда ол Ақмола қаласының тарихи атауын «Целиноград» деп өзгертті. Ол Қазақстанды Ресейдің бір бөлшегі деп санап, өзі билік құрып тұрған жылдары алты басшыны ауыстырды. Олар: П.К.Пономаренко (1954-1955 жж.), Л.Брежнев (1955-1956 жж.), И.Д.Яковлев (1956-1957 жж.) Н.И.Беляев (1957-1960 жж.), Д.Қонаев (1960-1962 жж.), И.Юсупов (1962-1964 жж.). Шын мәнінде Н.Хрущев Кеңестер Одағында орнаған тоталитарлық жүйеден түпкілікті бас тартуды мақсат еткен емес.

Қазақ ауылдарының құлдырауы, қазақ мектептерінің жабылуы, жердің эрозияға ұшырауы, Семей жерінің ядролық жарылыстар жасайтын сынақ аймағына айналуы және оның халық денсаулығына кері әсері, ұлтаралық қатынастардағы шиеленіс осы жылдары орын алды.